Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру

Кіріспе
Білім беру, тәрбиелеу жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезең де мектеп жасына дейінгі мекемелер, ісіне жақсарту, баланың жеке басын дамыту, оны ізгілікке баулып, шығармашылық ойын жинақтай білуді, көркемөнерге қызығушылығын арттыруды талап етуде. Жас ұрпаққа тәрбие ісін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, мазмұнын жақсарту жолында педагогтардың парыз бен қарызға беріктігін, адамгершілік пиғылы мен көркемдік талғамын, іскерлігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, өз ісіне құштарлығын арттыру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Республикамыздың Ата Заңында, жаңадан қабылданған Тіл туралы Заңында қоғамның халыққа білім беру және ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, жас ұрпақтың жеке тұлға етіп қалыптастыруға ерекше көңіл аударылуды.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамудың тұжырымдамасына «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогрешіл халық, дәстүрлері, мен әдет ғұрыптарының толымды түлеуі, гуманитарлық ғалымдарға, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау» - деп көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау

Қазақстан Республикасының егенмендік алып, елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізді. Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлекметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын орта және ірі бизнесті дамту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамуту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңзы бар екендігін білеміз. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономикасы жағдында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мнадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабына аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңнда, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Қарастырылып отырған тақырптың өзектілігі кәсіпорынның ақша қорлары мен резервтерін бағалау мен олардың басқару әдістерін талдау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кассадағы ақша қаражаттары аудитін жүргізуді ұйымдастыру қолма қол ақшаның есебі

Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді. Бұл бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бӨлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кассадағы нақты ақшаның есебі

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқықтану | Ақша несие саласындағы кылмыстардың ұғымы

Қылмыстық кодекстің жетінші тарауы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға арналған.
Осы тарауға енген қылмыстарды топтық объектісі-экономикалык қызмет саласын кұқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдык пен істелген қылмыс жоқ. Бірақта жекелеген қылмыс түрлері кінәнің екі нысанымен жасалады, іс-әрекет қасаканалықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен.
Қылмыстың субьектісі-жалпы, сондай-ак арнаулы субьекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлык кылмыстар үшін субьектінің жауаптылығы 16 жастан басталады.1
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субьектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялық немесе баска үйымдардың баскарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін. Тікелей субьектісі бойынша экономикалык кызмет саласындагы қылмыстарды шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық