Ақша үнемдеудің сегіз тәсілі

Әлемдік дағдарыс барлық жанұяға әсер етері хақ. Айналамызда қарыздан-қарызға батып, өз дағдарысынан шыға алмай жүрген жандар қаншама? Біріншіден, алдыңызға мақсат қоя біліңіз және өмірге оптимистік көзқараспен қараңыз! Ешқашан «Ақша жоқ!» деп айтпаңыз. Осы күнге тәубе деп, төмендегі қағидаларды ұстанып жүрсеңіз, дағдарыстың сізді айналып өтеріне сеніңіз!

♠ Шығынды алдын-ала жоспарлаңыз
Шығындарыңызды күнделікті жоспарлау сізді жалықтырып жіберуі мүмкін, әйтсе де, бұл далаға шашылған артық ақшаны азайтудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл арқылы ойда-жоқта жасалған сауда мен мақсатсыз жұмсалған қаражаттың қатары сирейді. Әрі осы әдіспен ақшаның басым бөлігі қайда кететінін біліп отырасыз. ......
Бизнес және қаржы
Толық

Ақшадан маңызды 11 дүние

Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені ұсынамыз...
Қарым-қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.
Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Банк ісі | Қолма-қолсыз ақшамен есеп Есеп айырысу операциялары

Кіріспе
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.Сондықтан материалдың бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді.
Колма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны болып табылады. Банктегі ағымдың шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары

Кіріспе.
Ақша - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық және жойылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі, бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қолма-қолсыз ақша айналымы және есеп айырысу

КІРІСПЕ
Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады.
Әрбір елдің өзінің ерекшеліктеріне, алдына қойған мақсаттарына байланысты төлем механизмі болады, яғни әрбір елдің есеп-айырысу төлем механизмі экономиканың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да Қазақстанда есеп-айырысу төлем механизмін қалыптастыру барысында еліміздің ерекшеліктеріне сай келетін шетел тәжірибесін есепке алу керек. Қандай да болмасын елдің қалыптасқан дәстүріне, әдет-ғұрпына, банктің қызмет ету ерекшеліктеріне қарай есеп айырылысу қызметі ұйымдастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазіргі кездегі білім берудің деңгейлері және балабақшадағы тәрбие

Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі: Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақша ырымдар

Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.

Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе бipeyгe жасатқаныңыз жөн.

Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.

Бай, қалталы адамдардан қолма-қол ақша алуға тырысыңыз.

Көп жағдайда үйде бос шыны ыдыстары – банка, жәшіктер тұрып қалады. Бұлар – “қара үңгірлер” үйге келген кірістің бәрін тартып кетеді. Егер сіз бос ыдыстарды тастауға шамаңыз келмесе ішіне міндетті түрде бірнеше дән немесе тиындар тастаңыз. Үстел үcтіне бос шыны қоймау да осыдан шыққан. ......
Кеңестер
Толық

Ақша жинауды үйренудің жеңіл жолдары

Заманның талабына сай адамдар еңбекпен тапқан ақшасын жинауды үйренуі керек. Алайда көбіміз ниеттеніп тырысқанмен үнемдей де, жинай да алмаймыз. Қаржы жинауды қалай үйренуге болады?

Мақсат қою

Қаржы жинаудан бұрын алдымен оның не үшін керектігін анықтап алыңыз. «Кім біледі, керек болып қалар» деген ой мақсатқа саналмайды. Себебі күн ара «керек болып қалар» сәті туындап, ақша жұмсалады. Солай емес пе? Сондықтан «көлік, үй алуға, саяхатқа, бизнеске» деген секілді нақты мақсат қойыңыз.......
Кеңестер
Толық

Экономика | Қолма қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі

Қазақстан Республикасында нарықтық экономика талабына сәйкес банк жүйесі қалыптасты. Бәсекелестфік ортада банктер жүйелі қызмет атқару үшін бөлшектік банктік қызметті қалыпты жүргізу, салымдар көлемін кеңейту, клиентке қызмет көрсетудің материалдық-техникалық базасын кеңейту мәселелерін қарастыруда. Нарық талабын орындай алмаған банктер таратылды. Ал қалыпты қызмет атқарушы банктер тұрақты ресурстық базасын қалыптастырып, тартылған қаржыларды орналастырып, нарықтық экономиканың табыс көздерін іздестіруде.
Сан қилы сыннан өткен банктер бәсекелестік ортада клиентура базасын кеңейтуде. Сол себебті заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет көлемін кеңейту, клиент қызығушылығын таба білу, есеп айырысудың жаңа нысандарын енгізу банктің басты басқарушылық жоспары болып табылады. Қазіргі таңда күнделікті жүзмыңнан аса аймақаралық төлемдер жүргізіледі, және банктер қоғамдық көзқарасқа негізделе қызмет етеді.
Тақырытың өзектілігі банктің басты стратегиялық мақсатына негізделеді, яғни клиенттерге сапалы қызмет көрсету, бірінші деңгейлі клиенттерді тарту және олармен ұзақ мерзімде серіктестік қатынаста болу, сонымен қатар клиентке қызмет көрсетудің түрілері қолма-қол және қолма қолсыз жолмен есеп-айырысудың мәні мен мазмұнына көңіл бөлуге, есеп айырысудың жаңа оңтайлы жолдарын іздестіруде, клиент алдында сенімділік танытып, банктің негізгі ресурстық базасы болып табылатын салымдар көлемін кеңейту және басқа да төлемдерді қабылдау аясын сапалы түрде қалыптастыруды көздейді.
Тақырыпты таңдауымның мақсаты-болашақ банк маманы ретінде банк жүйесінің дамуның негізі клиентерге сапалы қызмет көрсетуде, клиент қызығушылығын таба білуде деп ойлаймын. Банк экономиканың қалыптастырушы ұйым балып табылады, оның қалыпты қызмет атқаруы экономиканы тұрақтандыруға және дамытуға әсерін тигізеді. «Банк-ол оның клиентері»деген тұжырым бар банктің атқаратын барлық қызметтері клиентті тарту негізінде жүргізіледі, неғұрлым клиент саны көбейген сайын соғұрлым банк деңгейі өседі.
Тақырыптың міндеті клиентке қызмет көрсетулердің түрлерін, әдістерін,жаңа нысанын оқып білуде.
Жұмыстың зерттеу обьектісі- есеп айырысу-кассалық бөлімде клиентке қызмет көрсетудегі жүргізілетін операциялардың түрі, мәні мен мазмұны, орындалу тәртібіне негізделеді.
Жұмыстың бірінші бөлімінде клиентке қызмет көрсетудің басты аясы есеп-кассалық бөлімнің ұйымдық- құқықтық негізі мен жалпы түсінігі, клиентке қызмет көрсетудің ұйымдастырылуына көңіл аударылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық