Шаштың тез майланып кетуі жиі кездесетін жайт

Алоэ маскасы
1 ас қасық алоэ шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, сарымсақтың 1 тілімін ұсақтап кесіп, қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шаш жууға жарты сағат қалғанда жағыңыз. Душқа арналған бас киім не пакет киіп алып, сыртынан сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Нәтижесіне жету үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.

Жұмыртқа маскасы
1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.......
Кеңестер
Толық

Шаштың түсуіне қарсы маска

Әжелеріміз бен аналарымыздың бұрымдары қалың, әрі ұзын болғанын ескі фотосуреттерден білеміз. Ал, ендеше, біздің шашымыз неге тым жұқа? Сондай-ақ тарағанда уыстап түсуі де әрқайсымызды көп алаңдатады.
«Шаштың өсуін жеделтетіп, қалыңдатады» деген жазуымен сусабындар да, шашқа арналған түрлі маскалар да дүкен сөрелері мен дәріханаларда толып тұр. Десе де, олардың керемет нәтижесіне қарық болып жатқандар аз. Сондықтан да кезінде әжелеріміз қолданған мына бір маскаға көз жүгіртіп көріңіз. Сізге керегі – нан мен су. ......
Кеңестер
Толық

Тарих | Алаштың тағдырлы тұлғасы Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, өмірі мен ерліктерін, еңбектерін қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т. б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Шаштың түсуін емдеу үшін

✅ Көптеген аруларымыз шаштың түсуін емдеу үшін не істеу керектігін сұрап жатады. Сол себепті назарларыңызға 3 пайдалы рецепт ұсынамыз:

Пияз, бал, ошаған майы, сусабын

✅ Аталған әрбір ингредиенттен 1 ас қасық алып, араластырыңыз. Қоспаны басыңызға жағып, шаштың бойына ысқылап, жағыңыз. Жылы сүлгімен шашты орап, 1-2 сағаттан кейін жуып тастаңыз.
......
Кеңестер
Толық

Қарлығаштың құйрығы неге айыр

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.......
Ертегілер
Толық

Алаштың ардақтысы — Нәзір ата

Мен Әбдәшім Гүлсая Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Асықата кентінде орналасқан «Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» КММ-нің 6 «А» сыныбында оқимын. Биылғы оқу жылының 10 қыркүйегінде біздің мектебімізге НәзірТөреқұлов атамыздың есімі беріліп, мектебімізге қойылған ескерткішінің ресми ашылу салтанаты ерекше тойланып, атап өтілді. Мектебімізге берілген Нәзір......
Шығармалар
Толық

Астаналық әнші әйелді туған қызы "алаяқ" деп сотқа берді (фото)

Астаналық әнші келіншек әрі әлеуметтік желінің жұлдызы Сандуғаш Жұмабектің үстінен қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданына келіп түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Instagram мен Facebook желісінде түрлі көйлек киіп, тойда ән айтқан фотосын жүктеп, Алланы аузынан тастамайтын келіншекті бірнеше азамат сотқа берді. Әншіні сотқа берушілердің ішінде оның туған қызы да бар.

Жаңалықтар
Толық

Димаш Құдайберген туралы кітап жарыққа шықты

Сүйінші! Миллиондаған жанкүйерлердің таңданысын тудырып, өзінің ерекше даусымен қалың көпшілікті аузына қаратқан талантты әнші Димаш Құдайбергенов туралы кітап жарыққа шықты. Бұл туралы филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті, белгілі ақын Оңайгүл Тұржан мәлім етті.
Жаңалықтар
Толық

Бұрымы 1,5 метрден асатын қарағандылық ару шаш өсірудің сырымен бөлісті

Заман талабы деп ұзын шашты қылтитып кесіп, басқа түске бояп, сәнге ілескеніміз рас. Алайда, ұзындығы тілерсектен соғатын бұрымды қыздарды көргенде әттеген-ай деп қалатынымыз жасырын емес. baq.kz агенттігінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі өңірдегі шашы ұзын аруды тауып, шаш өсірудің құпиясын сұрап білген еді.
Жаңалықтар
Толық

Димаштың суреті Нью-Йорк төрінде ілінетін болды (фото)

Димаш Құдайберген Қытайдың Sina сайтына берген сұхбаты 4 сағаттың ішінде 1,8 миллион көрілім жинаған. Ал, бүгін әншінің барша жанкүйерлері тағы да жақсы жаңалықтарымен бөлісті деп хабарлайды Massaget.kz.
Жаңалықтар
Толық