Қазақ әдебиеті | Қожахмет Тышқанбаев

Қожахмет Тышқанбаев (1916, Алматы облысы Панфилов ауданы - 1943) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. 1942 жылдың қаңтар айынан майданның алдыңғы шебінде болды. 490-танкіге қарсы артиллериялық полктің (Солтүстік Кавказ майданы, 18-армия) зеңбірек нысанашысы сержант Тышқанбаев Керчь түбегінің Ельтиген кенті (қазіргі Керчь қаласы маңындағы Героевское кенті) маңындағы шайқаста .....
Рефераттар
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Рахмет, Ана!)

Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі.
Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы. Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының .....
Шығармалар
Толық

Бекболат Тілеухан өзін "сақал қойып, уақаб болып" жүр деп айыптағандарға жауап берді

Бүгінге дін мәселесі өршіп, қоғамда түрлі түсініспеушіліктер орын алып жатқан тұста әнші Бекболат Тілеуханға қатысты да біршама сындар айтылғаны белгілі. Осыған орай "Қазақ" газетінде жарияланған сұхбатта ол ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Бұл сұхбаттың үзіндісін NUR.KZ порталы ұсынады.
Жаңалықтар
Толық

Алаш ардақтысы

Тұтас буынның төлбасы, кешегі Ыбырай, Абай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, аса көрнекті қазақ ақыны Ахмет Байтұрсынов қалдырған тау сілеміндей мол мұра – қазақ халқының басты құндылығы. «Қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты – біз ұмытсақ.....
Шығармалар
Толық

Зейнеттегі ұстаз қазақ қыздарын Баян Есентаевадан үлгі алмауға шақырды

Өзін Таңшолпан Ахметова деп таныстырған зейнеттегі ұстаз Баян бақытын тапқаннан кейін Бақытбек Есентаевты түрмеден босату керектігін айтып, "Қамшы" порталының редакциясына хабарласты.
Жаңалықтар
Толық

Даниал Ахметов (1954 жылы 15 маусым)

Даниал Ахметов 1954 жылы 15 маусымда Павлодар облысында дүниеге келген. Орта жүз, руы арғын, қанжығалы.
Отбасылық жағдайы
Үйленген, екі баласы бар. Жұбайы – Гүлия Ахметова.
Білімі
1976 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі
1976-1981 жылдары "Павлодар тұрғын үй құрылыс" тресі үй құрылыс комбинатының шебері, аға прораб болып жұмыс істеген;
1981-1983 жылдары Екібастұз қалалық партия комитетінің нұсқаушысы;
1983-1987 жылдары "Екібастұз шахта құрылыс" комбинаты партия комитетінің хатшысы, бас инженердің орынбасары;
1987-1991 жылдары Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;
1991-1992 жылдары "Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы" тресінің басқарушысы;
1992-1993 жылдары Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әділ Ахметов Ералыұлы (1984 жылы 30 қыркүйек)

Әділ Ералыұлы Ахметов (1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері (2007 жылдан). Халықаралық және Республикалық театр фистивальдерінің жүлдегері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (2014).
Әділ Ералыұлы 1984 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.
2002 - 2006 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма және кино актері» мамандығы бойынша Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Білім беру саласының құрметті профессоры Нұрқанат Жақыпбайдың шеберханасын бітірген.
2007 жылдан бастап Астана жастар театрының негізін қалаушысы әрі актері.
Мемлекеттік және Халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі.
Көптеген киноларға түскен дарынды танымал актер. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бибігүл Төлегенова Ахметқызы (1929 жылы 16 желтоқсан)

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Өмірбаяны
1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.
1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.
1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.
Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық