Ахмет Байтұрсынұлы | Жазу тәртібі


Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір итфақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық.

Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек һәм қолы жетерлік оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады. Cондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұл .....
Әңгімелер
Толық

Ахмет Байтұрсынұлы | Қазақша сөз жазушыларға


Бұл күндері адамдардың сөйлесетін тілдерінің түбі мұнарланған сағымдай алысқа барып жоғалады. Қанша қадалып қарасақ та, көзіміз оған жетпейді. Қай тілдің де болса қайдан шығып, қалай ғұмыр шеккенін ешкім анық білмейді. Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінде түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ: я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын, тіл де бұтақтанған. Біздің түрік тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап, өскенде, тіл де бұтақтанған. Түбірі бір болса да, түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау-тарау жік түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. Тілідің басқалануына себеп болған – әр түрлі бөтен жұрттармен сыбайлас болып араласқандықтан. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы


– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
***
С .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Кешкі дайындық курсы


Кешкі дайындық курсының сабағы ымырт үйіріле басталып, түнде аяқталатын. Егер сіз сыртқы жарығы жарқырап жанып тұрған оқу ғимаратының ішіне кірсеңіз, онда қоршаудың арғы жағындағы қатар-қатар тұрған киімілгіштерді байқар едіңіз. Бұл киімілгіштерде мана ғана күндізгі бөлім студенттерінің сырт киімдері ілулі тұрған. Енді ғимарат ішінде күндізгі абыр-сабыр тіршілік жоқ, тыныштық. Егер сіз жарығы себезгілеп жанып тұрған ұзынша дәлізді бойлай жүре берсеңіз, онда алдыңыздан қатар-қатар тұрған оқу дәрісханаларын көрер едіңіз. Бұл дәрісханаларда мана ғана күндізгі бөлімнің студенттері сабақ оқыған. Енді ол дәрісханалар есігі жабулы, шамы сөндірулі күйінде мүлгіп тұр. Кешкі дайындық курсының тыңдаушылары үшін күндізгі бөлімнің студенті атану – үлкен арман......
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы

– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
*** .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Биіктен құлаған бала

ДЦП дертімен ауыратын бала еді. Өз қатарынан жүруі де, сөйлеуі де кешеуілдей берді. Қалалық емханадағы емдеуші дәрігері балаға мейіріммен қарайтын. Ем-дом жасайды. Бір күні сол емдеуші дәрігері: «Үлкен қалада осындай науқас балаларды қарайтын арнайы орталық бар. Сол орталыққа апарып көрсетіңіздер», – деді. Ол жерге де алып барды. Ол жерде: «Осындай науқас балаларды зерттеумен айналысып жүрген Мәскеу қаласынан профессор дәрігер келіп отыр. Сол дәрігерден кеңес алыңыздар», – деді. Одан да кеңес алды.

Баланың жағдайы бірқалыпты еді. Енді тәуіп, бақсы-балгерлерге де көрсетуге көшті. «Пәлен жерде грек кемпір бар екен. Тіл-көз тиген баланы емдейді екен» десті. Тәуіп, бақсы-балгерлердің бәрінің айтатыны жалғыз-ақ ауыз сөз еді: «Сүп-сүйкімді-ақ ұл екен! Құдай балаға дертті өзі беріп отыр. Лайым, қаласа, шипасын да өзі берер. Балаларың әлі жақсы боп кетер», – дейді. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ақ тілек

(Аға-жеңгелер тілегі)

Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан ініміз бен келініміздің өмір жолға бірге қадам басқан тойларының да, міне, бүгін өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі берер шамшырағы жағылған сәт. Алты ата Әлімнен өрбіген Асанның Баймырзасынан тарайтын осы үйдегі ағамыз бен жеңгеміздің, он екі ата Байұлының Жаппас атты іргелі бір елінен өрбіген құдаларымыздың көзінің қарашығындай қос перзенті бүгін бас қосты. Осынау Той иелеріне қуаныштарыңыз құтты болсын дей отырып, бүгінгі тойдың себепкері болып отырған екі жас – ендігі отағасы атанар ініміз бен Баймырзадай іргелі елге келін болып түсіп отырған келінімізге бүгінгі көтерген Ақ отауларың құтты болсын дейміз! Бүгінгі өздеріңе тапсырылғалы отырған .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | 80 жылдардағы ұстаздар

Фото: Архивті фото

«80-жылдардағы ұстаздар» дегенде сол жылдардың ішінде өзімізге сабақ беріп жүрген ұстаздардың бір легі туралы оқушылық көзқараспен айтылып отыр.

Ұстаздар

I. Байманова Айнаш апай. №25 мектептің математика пәнінің мұғалімі. 4-сыныптан 10-сыныпқа дейін сабақ берген ұстаз. Жалпы, Айнаш апайды білетін орта ол кісіні ұлағатты жан ретінде таниды. Ол кісінің алдыңғы буын шәкірттері туралы көп айтылады. Бірде ұстазды сол алдыңғы буын шәкірттері – ұлдары мектепке іздеп келген еді. Өздерінің қалаулары сол болды ма екен, ұстаз оларды да сабағына қатыстырды. Олар үлкен жігіттер болатын. Оларды осы сыныптағы інілерінің жандарына отырғызып қойды. Олар да балалармен бірге сабақ оқыды, балалармен бірге есеп шығарды. .....
Әңгімелер
Толық

Дидахмет Әшімхан | Ит жылы


Ит мініп ирек қамшылап, итшілеп жүріп, ит жылына да жеттік-ау. Иншалла!

«Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс-несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Өйткені... күту мен үміттен ғана тұратын ит тірліктің соңында жадырап шығар күн, жарқырап жетер бір жақсылық бар шығар. Тек соны итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай ит арқасы қиянда емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім, бар тамаша, бар қазына Қазақстанда деп, ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан бөгде-бөтен аз ба қазір? Мен білсем, олардың тұмсығы иттен иісшіл. Естеріңізде болар, ертеде солар ит жегіп, ит қорлығын көріп, Итжеккен мен Аляскаға да жетті емес пе? Ақыры сонда ителмен, инк, индейіс деген халықтарды атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Ал, «ит тойған жеріне» деп, сол арада қалып қойған бөгделердің көбі кейін жеке-жеке ел болып кетті емес пе? .....
Әңгімелер
Толық