Ахмет Байтұрсынұлы | Жазу тәртібі
Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы нәрселер турасында жұрт бір итфақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық.
Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей алмайды һәм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек һәм қолы жетерлік оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда уақыттың көбі тіл үйренуге кетеді. Қазақша оқығанда тіл үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа ауысады. Cондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап хат жаза білуге аз болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап хат жаза білуге бір-екі-ақ жыл керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, фарсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде көпке тиіп жанды қинамайды. Оқу құралы да сондай, жан қинамайтұғын болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан қинамасына не керек? Соны сөйлелік.
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап; оның жақсы болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тәртібі болуы шарт. Тәртіпті жазу деп айтамыз тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған белгісі (харфі) бар болса. осы күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған белгіміз жоқ; бір белгіменен әлде неше түрлі дыбыстарды жазамыз. Мысалы: «о -ﻭ»жазамыз бес түрлі дыбысты, «ы-ﻯ»–менен жазамыз үш түрлі дыбысты. Балаларға һәр түрлі айтылатұғын сөзді бір түрлі айтып жазып қойып, һәр түрлі айтып оқу керек дегеніміз зорлық емес пе? «Бірдей жазылған сөзді қалай һәр түрлі оқысам дұрыс болады» деп бала қиналмай ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың тәртібін түзетіп, жөнге салу керек. Сонан соң, сол жөнменен құрал сайлау керек. Жазу тәртібі менің ойлауымша болса жарар еді деп, жұрт алдына саламын.
Қазақ тіліндегі дыбыстар һәм олардың жазу белгілері (харіфлері). Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты.
Дауысты дыбыстар: ﺍ(а),ﻭ (о),ﺅ (у),ﻯ (ы),ﻩ (е). Дауыссыз дыбыстар:ﺏ (б),پ (п),ﺕ (т), ﺝ(ж), چ(ш),ﺩ (д),ﺭ (р),ﺯ (з), ﺱ (с),ﻍ (ғ),ﻕ (қ),ﻙ (к),گ (г),ﺙ (ң),ﻝ (л),ﻡ (м),ﻥ (н). Жарты дауысты дыбыстар :ﺅ (у),ﻱ (й). Бұл дыбыстардың ішінде қ һәм ғ дәйім жуан айтылады, г,к һәм й дәйім жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы екі түрлі айтылады: бірде жуан айтылады, бірде жіңішке. Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылғанына бір харіф, жіңішке айтылғанына бір харіф керек десек, мысалы ﺕـ،ﺱ ـ1 сықылды, онда 19 дыбысқа 38 харіф керек болар еді, бұған дәйім жуан айтылатұғын қ-ﻕ менен ғ-ﻍ- ларды, дәйім жіңішке айтылатұғын к-ﻙ, г-گ һəм й-ﻱ-лерді қосқанда, һәммасына 43 харіф керек болар еді. Араб әліппесінде 43- ке жететұғын харіф жоқ. Өзге жұрттың әліппелерін қазақ қабыл алмайды. Араб әліппесі қазақ арасына дінменен бірге таралған, сіңген, дінеменен бірге байласқан әліппені алып тастап, басқа әліппені алдыру қиын жұмыс. Бұлай болған соң араб харіфлерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек. Араб харіфлерінің түрін тым бұзып өзгертуге болмаса, қалай амалын таппақ керек? Мұның амалы менің ойлауымша мынау:
Дауысты дыбыстарға дауыссыз дыбыстар бағынбақшы. Яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса – олардың қатарындағы дауыссыз дыбыстар дыбыстар да жуан айтылмақшы; дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардң харіфлерінің жуан я жіңішке айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан я жіңішке айтылмағын айырғанымыз.
Дауысты дыбыстарымыз: а-ﺍ, о-ﻭ, ұ-ﺅ, ы-ﻯ-лардың жіңішке айтылуы үшін алатұғын белгіміз мына «ﺅ» (знак предупреждающий), бұл белгі дәйекші болып сөздің алдына қойылады. Сөздің алдында тұрған жіңішкелік белгісін көріп, ол сөздің ішіндегі дауысты дыбыстардың харіфлерін жіңішке оқимыз; дауысты дыбыстардың жіңішке оқылса, оларменен қатар дауыссыз дыбыстар да жіңішке оқылады, мысалы:
Арман-әрмен торы-төрі тұр- түр тор- төр
Жіңішкелік үшін бір белгі алсақ, 43 түрлі дыбысты дұрыстап жазу үшін 28 белгі (харіф) жетеді. Сонда қазақ сөзіне жазылатұғын харіф-белгілер мынау болады: :ﺍ ,ﺍ ,ﺏ ,پ ,ﺕ ,ﺝ ,چ ,ﺩ ,ﺭ ,ﺫ ,ﺱ ,ﻍ ,ﻕ ,ﻙ ,گ ,ﻝ ,ﻡ ,ﻥ ,ﻭ ,ﺅ ,ی ,ﻱ ,ﻪ, ە,ﱠ.
Бұлардың ﻖ ,ﻍ ,ﻪ ,ﻩ – лерден басқалары жіңішкелік белгісі «ﺅ» тұрса – жіңішке оқылады. Ол тұрмаған жерде һәман жуан оқылады.
Мұнан басқа араб харіфлері – араб, парсы я басқа түркі тілдеріне керек болса да, қазақ сөзін жазу үшін керегі жоқ.
43 түрлі дыбысты 28 әріп- белгіменен қалай жазып, қалай оқу жайын айтайын:
5 дауысты дыбыс үшін керек мынау жеті белгі: :ﺍ(а),ﻭ(о),ﺅ(у),ﻯ(ы),?،ﻩ(е). Оларды жіңішке айту оларға сүйеу болатұғын бір белгі «ﺅ» (таяқ) «ﺍ» сөздің басында «ﺅ» менен тұрса ﺍ(а) болып оқылады. Мысалы (ай –луна- «» жоқ болса, ﺍ(а) болып оқылмайды. Онда сүйеу хисабында басқа әріп, қасына қойылғаны. Мысалы: ор (канал)- өр «подъем горы), өр, ор дегендей орындарда «ﺍ» сөздің ортасында «» жоқ болса да «ﺍ» болып оқылады. Мысалы «ﺍ» қазақ , қалмақ, қалқа, қара «ﺍ» ашық, анық дыбыс, оны қалдырып жазудың тіпті жөні жоқ. «ﺍ»- ны қалдырып жазсақ, басқа түрлі оқып, басқа мағына беріп қателесуге ықтимал. Мысалы: (тағамды) «қара-қарауды» «тамақ» деп жазсақ, қара-қарауды деп жазсақ, адам-адамды деп жазсақ. Хасыл кәләм, менің ойым сөз жазылу керек айтылатұғын түрінше, яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың әріпін жазу естілген дыбыстың әріпі жазылмай басқа әріп жазу керек болса, не үшін ол керекті ғылым наху я ғылым сарф жолыменен ыспат етілсін.
«ﺍ» жазылған сөздің алдында «ﺅ» тұрса «ﺍ» жіңішке айтылады сән, ән, әбден деген сөздер ішіндегідей.
Боқай, тоғай, қоға деген сөздерде ﺏ- ның, ﺕ-ның, ﻕ- ның соңында естілетұғын дыбыстың белгісі. « و» - қазақ тілінде анық, ашық дыбыс, оны қалдырмай жазуға керек. « و» жазған сөздің алдында «ﺅ» тұрса, « و» жіңішке оқылады: бөз-боз, төр- тор, өт-от деген сөздердегі сықылды.
« ؤ» (у), азу, қару, жабу деген сөздерде ز-ның, ر-дың, ب-ның соңында естілетін дыбыстың белгісі. « ؤ» сөздің бас буынында қысқа һәм көмескі естіледі: құрау, құлақ, құрғақ деген сөздер ішіндегідей. Сөздің басқа жерінде ұзын һәм анық айтылады. « و»-дан « ذ» -ды айыру керек. « ؤ» - жарты дауысты дыбыс. Бұл дауысты дыбыстардың соңынан ғана айтылады: тау, тауық, тәуір, біреу, екеу деген сөздер ішінде айтылғандай. « ؤ» сөздің бас буынында анық һәм ұзын естілсе, ол « ؤ» менен « ؤ» қатар келгендіктен үнде « ؤ» һәм « ؤ» екеуін де жазуға керек. Сөздің бас буыннан басқа жерде « ؤ» ұзын қысқа естілсе де, жалғыз « ؤ» жазылды: ашулану, татулық, татуласу деген сөздер сықылды. қысқасы, сөздің бас буынында « ؤ» ұзын һәм анық естілсе, екі әріппенен жазарға: тура, турмыс, буын, буаз дегендей. « ؤ» - ды « ؤ» - дан айыру үшін үстіне «ﺅ» қоямыз. Себебі, « ؤ» менен « ؤ» -ның жазылуы ұқсас болғанменен, айтылуы ұқсас емес. Мысалы: қоймал деген сөз бенен шәй құй деген сөздердің мағыналары қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. « ؤ» -сөз ішінде қысқа естілсе де, қалдырмай жазатұғын дыбыс. « ؤ» -жазылған сөздің алдында «ﺅ» тұрса « ؤ» жіңішке айтылады: өр-ор, төр-тор, бор-ор дегендей.
ى (ы) дыбысына тура келетін араб әліппесінде әріп жоқ. Сондықтан мұның нүктесіз «ى» белгісін аламыз. Оны сөздің аяғында ғана жазып, басында, ортаснда тіпті жазбаймыз. Жазбасақ та болады дейтініміз: «ى» сөздің басында, ортасында бек қысқа һәм көмескі айтылады, барлығы, жоқтығы аз сезіледі.
Сондықтан сөздің басында, ортасында жазбасақ, онан келер кемшілік аз. Мысалы: қын, қыр, қырғын, жылым, жатыр деген сөздерде «ى» жазсақ та, жазбасақ та бірдей оқимыз. Аяғында «ى» анық айтылады. Онда жазбасқа болмайды: алды, әрі, малы, жаны, қаны деген сөздерде «ى» ді жазбай... жаны, қаны деп оқуға болмайды. «ى» өзі сөз басында жазылмаса да сүйеніш таяғы «ﺍ» жазылады:ышқын, ышқыр, ызғар, ырғақ, ынтық, ықтым деген сөздер сықылды. «ى» жазылған сөздің алдында «» тұрса, «ى» жіңішке айтылады: бары-бәрі, саны- сәні, бозы- бөзі дегендей.
« ى»-ден « ى»-ді айыру керек. « ى»- « ى»-сықылды дауысты дыбыстардың соңынан айтылатұғын жарты дауысты дыбыс. Мысалы: ай, бай, күй, қи дауыссыз дыбыстардың соңында келсе,ол жерде жазылмайтын «ى» бар болғаннан. Мысалы: қиқым, тиын, қиын «ى» ды қалдырмай жазатын болсақ, бұл сөздерді бұлай жазар едік: қыйқым, қыйын, тыйын.
« ي»дыбысына тура келетін әріп араб әліппесінде жоқ. Бұл дыбысты осы кезде сөз басында былай «?» сөздің аяғында, ортасында былай «» я былай «» жазып жүрміз. Мұны осы жөніменен жазып, бірақ қайсысы қай орында жазылады, тәртіпке түсіріп һәм басқа дыбыстан айтылуы басқа болған осң әріпі де басқа айырылса екен деп ойлаймын. Сол үшін былай «» жазылатұғын дыбыс «» енді былай жазылса деймін. Мұнан араб әріпін өзгертіп, түрін бұзатынымыз аз, жазудың тәртіпті болмағына пайда көп. Әсіресе бала оқытқанда үйретуге һәм үйренуге жеңілдігі бек зор болар еді.
Негізгі жол: айтуы басқа сөздерді басқа жазу. Бұлай болғанда: «ит» деген сөзбенен «ет» деген сөзді бірдей жазсақ, жолсыздық болмай ма? Бұл екі сөздің мағынасы қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа.
«ﯧ» сөздің бас буынында ғана жазылады. Өзге орындарда «ﻪ»жазылады. Қосылмайтын әріп соңынан «ﻪ» орнына «ە»жазылады. «» жазылатын орындар: тең, жем, қыр, ғер, ер басқалар. «» жазылатын орындар: келеке, төбе, кеме, желек, есек «ە»жазылатын орындар: керует, кедей, керек, тізе, кіре. «ء»жазылған сөздердің алдына «» қойылмайды, себебі бұл олсыз да жіңішке айтылатұғын дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар үшін біз мынау әріптерді алып тұрмыз: پ ،ﺕ ،ﺝ ،چ ،ﺩ،ﺭ ،ﺯ ،ﺱ ،ﻉ ،ﻕ ،ﻙ ،گ ،ڭ ،ﻝ ،ﻡ. Мұнан көрінеді осы күнде қазақ сөзіне көбінесе жазылып жүрген «» пенен «»- ларды алмағанымыз жоғарыда айттық. Екі түрлі айтылатұғын дыбыстардың әріпін «» тұрмаса жуан оқимыз деп. Бұлай болғанда «ﺕ»-ны «» тұрмаса ( ) сықылды жуан оқимыз. Сондықтан «ﺕ»болған соң, (( )) – ның,
«ﺱ» болған соң (( ))- ның һәм «ﺝ» болған соң «ﮋ» -ның керегі жоқ.
«ﺵ»-ны алмай «ﺝ»-ны алғанның мәнісі қазақ тілінде жазылған кітаптар, журналдарды қарасаң, «ﺵ» жазылған қазақ сөздері тіпті аз, жоқ есебінде, көбіне «ﺵ» орнына «ﺝ»жазылыпты. Басқа түркі тілдерін қарасаң, бізде «ﺱ» келетұғын сөздерге оларда көбінесе «ﺵ» келетұғын көрінеді. Бізде «ﺵ» келетұғын сөздерге оларда «ﺝ» келетұғын көрінеді. Мысалы: баш-бас, қаш-қас, таш-тас, ақша-ақща, қанжа-қанша, жора-шора «ﺵ» дыбысы қай тілде болса да «ﺱ»-дан көрі «ﺝ»- ға жақын. Сондықтан «» дыбысының белгісіне «ﺝ»- ны алдым. Мұны алғаннан кемшілік келмейді, қайта ұнамдырақ болады. Мысалы: еңбекжі деп жазу еңбекше деп жазудан ұнамдырақ, қанжа деп жазу қанжа деп жазудан ұнамдырақ. «ﻕ» һəм «ﻉ» жазылатұғын сөздің алдына «ء» қойылмайды. Оны қойғанменен олар жіңішке айтылмайды. «ﻙ» һəм «گ» жазылатұғын сөздің де алдына «?» қойылмайды, ол қойылса да бұлар жіңішке айтылады.
Тобы бөтен болса да, қазақ тіліне келіп сіңген, қазақтың өз сөзі болып кеткен араб я фарсы сөздері бар. Мысалы: арабтан алған адал-халал, арам-харам, әл-хал. Фарсыдан алған ән-аһн, қожа- хоажа сықылды сөздер. Бұлар бұрынғы қалбында емес, өзгерілген. Міне, бұ сықылды сөздерді қазақ тілінен қуып шығару ма? Я болмаса сақтау ма? Мұны көп білсін! Мен өзім сақтау жағындамын. Өзге жұрттарда бұзып алған сөздер сақталады. Осы жобаменен әліппе бастырмақшымыз. Сол сбепті оқушылардан ұнатпаған жерін көрсетіп, ұнарлығын айтса екен деп өтінемін.
А. Байтұрсынұлы
«Айқап», 1912, №4-5

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Ахмет Байтұрсынұлы Жазу тәртібі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ахмет Байтұрсынұлы Жазу тәртібі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке