Мұхтар Әуезов | Оқыған азамат

I

Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше жарқырап тұрса да, ызғарлы қар, суық ауа қызуын жоғалтып, жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.

Жер қарлы. Үш-төрт күннен бері қарай айықпаған шыңылтыр аяз бүгін де сықырлап білініп тұр. Күншығыстан соққан баяу жел суықтың көрігіндей болып, ызғарды көбейте түсті. Кейде сүйкеп өткен салқыны бетті шымырлатып, денені тоңазытады.

Тұрғын халқының көбі қазақ болған Сібірдің кішілеу қаласы қыстың ақ киімін даламен бірге жамылып, жабайы табиғаттың жайлы күйін күйлегендей.

Бар үйдің төбесін күпсек қар аппақ болып басып алған. Кейбір кішкене үйлерді, көп қоймаларды қалың қар жал секілденіп басыпты. Көшенің қары жүргіншілердің табанымен тапталып ысқаяқтанған. Басқан сайын шыныланып сықырлап, кейде шатынағандай болып шытырлайды.

Бұл қала Сібірдегі үлкен өзендердің бірінің сол жағасында орнапты. Ретпен салынған сұлу қала емес. Орта жері болмаса, шеттерінде тәртіп жоқ. Оның үстіне шет шетіне шашыратып салған қазақтың жер үйлері тәртіпке ұқсаған сиықтың бәрін бұзып, қаланың шеттерін түйенің жыртылған ескі жабуындай жалба-жұлба қылып ыдыратып, тоздырып тұр. .....
Әңгімелер
Толық

Баубек Бұлқышев | Шығыс ұлына хат


Шығыс ұлы!

Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!

Мен сағал осы хатты немістің блиндажында жазып отырмын. Жанымда бірнеше казак жігіті бар. Осыдан 40 минут бұрын бұл блиндажда немістер отырды. Біз оларды қамауға алып, үстінен басып қалдық. Тек аз тама солдаттары қашып құтылды.

Сен біз «дәу қара» деп атайтын Қарағандының забойшигі Бейсенәліні білесің ғой! Ол қазір бізбен бірге. Өзі де дәу қара десең, дәу қара - ау! Бүгінгі ұрыста жұртты тым - ақ сүйсіндірген сол болды. Оның қимылы да қызық. Сонша Ірі денесімен керіліп тұрып немісті найзаға түйреп алып, басынан асыра кейін лақтырады. Жау онымен қарсыласуға беттемей жалт береді. Жана оны командир шақырып алып, арқасынан қағып, алғыс айтты. Жауынгерлер оған Шығыс ұлы деп ат қойып алды. Менің есіме сен түстің сонда. Сондықтан саған хат жазуды дұрыс деп таптым.

Шығыс ұлы! Сонау туған.өлкең Арқаны есіңе түсірді. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.

Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы бір сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Бурыл ат

Оp болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің,

...Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім...

АҚАН СЕРІ

1

Жиын-терін қызу жүріп жатқан күзгі уақыт. Колхоз парторгі Кәрім бір күні үйіне шұжықтай тұнған әдемі семіз бурыл ат жетектеп келді.

Кәрімнің он алты жасар інісі Сүлеймен жақсы ат көрсе, ішкен асын жерге қояды. Оған бір мініп түспейінше көңілі көншімейді де, жаны жай таппайды. Жалына созса қол әрең жететін биік, әсем тұлғалы бурыл атты көргенде Сүлейменнің көзі жайнап кетті. Колхоздағы төрт тұяқ, қыл құйрықтың іске татырының оған бәрі мәлім. Ал мына ат болса, бұрын Сүлейменнің көзіне шалынбаған, соны мал.

— Аға, бүл кімнің аты? — деп Сүлеймен ынтық бола сұрады.

— Өзіміздікі.

— Қайдан алдың?

— Заставадан сатып алдым. Күзде соғымға соямыз.

Сүлейменнің өрекпіп тұрған жүрегі мына сөзді естіп, дір ете қалғандай болды. Он екі мүшесі сау, жап-жас әсем атты соғымға соямызы қалай?

— Інісінің ойын Кәрім кейпінен білді. Бурылды ауланың оңашалау бұрышына байлап, жайғастырып болған соң кіріп істің мән-жайын баян етті. Осы поселіктің тап іргесінде, су бойында шекаралық застава бар. Ондағы шекарашылар мен колхоз адамдары бауырмал, аралас-құралас. Қажет болған жағдайда шекарашыларға көмек етіп, қол ұшын беру үшін колхозшылардан құрылған жасақшылар тобы бар. Оның басқарушысы да осы Кәрім. Соңғы бір-екі жылда жай адамдардан құрылған бұл топ айласын асырмақ болған бірнеше шекараны бұзушыларды ұстап, заставаға табыс етті. Ұсталғандардың ішінде не бір сұм -сұрқия қауіптілері де бар көрінеді......
Әңгімелер
Толық

Қанатты қара қасқа ат

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде бір қарт болыпты. Әкесі атын Жанбай деп қойыпты. Өсе келе, әйел алып, өз алдына үй болыпты, бай қолында жұмыс істепті. Бірнеше жыл еңбек, етіп еңбегіне бір қара бұзау алыпты. Жанбай ол бұзауын «қотыр баспағым», «қоңыр баспағым», «бес жылдық еңбекке алған баспағым» дейді екен. Жанбай бірнеше жыл аянбай еңбек етсе де байдың бергені - бір бұзау. Жанбай тамақ асырай алмай дағдарыпты. Осы кезде бұзауы өсіп, бұзаулы сиыр болыпты. Сиырдың ерте......
Ертегілер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Редакцияға хат


Құрметті жолдас редакция! Сау-сәлемет боларсыз.

Менің сізге төменде қол қойып, арыз жазу себебім мынау!

Мен өзім, шынымды айтайын, әдебиетті онша көп оқымаймын. Өйткені, біріншіден, оған қол тимейді. Ал екіншіден, мен болсам қазір лесхозда жұмыс істеймін. Яғни әдебиетпен ешқандай байланысым жоқ.

Бүгін бағана түскі тамақтан келе жатсам, біздің әлгі секретарь әйел: «Әбдіғали, сені журналға жазып қойыпты. Мә, мына әңгімені оқышы» дейді. Жүрегім су ете қалды. Ойпырмай, неге жазады, не қылмысым бар деп, оқи бастадым. Өзі сала құлаш ұзақ мақала әңгіме екен. Сонда да болса бас алмай отырып, оқып шықтым. Сөйтсем, Әбдіғали дейтін маскүнем біреу жайында екен. Тек атының ұқсастығы болмаса, бас - қасының бәрі де менің басымнан кешкен уақиғалар емес. Бұл қайтып мен туралы болады деп, біраз ойланып отырдым да, біле қойдым. Біріншіден, бұл мақала очерктің авторы Б. Сәрсенов жолдас «Н. ауданының орталығына барып түсе қалдым, мезгіл көз байланып қалаған кешкі уақыт еді» деп жазады. Мұндағы оның Н. деп, жасырып отырғаны ол, сөз жоқ, біздің Нарын ауданы. Өйткені біздің облыста Н. әрпімен басталатын басқа аудан атымен жоқ. Оны мен райсоветке барып, анықтап білдім.

Н. ауданы біздің Нарын ауданы болған соң ондағы маскүнем Әбдіғали ол, әрине, менмін. Менен басқа Әбдіғали дейтін мұнда ешкім де жоқ.

Содан соң, автобус біздің ауданға Алматыдан ылғи да күнде көз байлана келеді. Олай болса, сіздердің жазып отырған Әбдіғалиларыңыз менен басқа ешкім де емес.

Қымбатты жолдас редакция, әдебиетті мектепте біз де оқығанбыз. Оның қулық -сұмдығының біразын жақсы білеміз. Сіз бізді ештеңе білмейді, сезбейді екен деп ойламаңыз. Олай ойласаңыз қателесесіз. Жазушылардың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып, ойдан қосып, болмағанды болғандай етіп жазатын әдеті бар. Miнe, сіздер де сөйтіпсіздер. Менің маскүнем екенімді образ қылып алыпсыздар да, оған неше түрлі өтірікті қисындырып қосып жазыпсыздар. Міне, бұл үшін мен сіздерге наразымын. Сіздер ойлайтын шығарсыздар; бізге қалай қисындырып жазсақ та бола береді. Ауылдағы оқымаған қара жұмысшы халық оған көне береді деп. Жоқ, жолдас редакция, олай ойласаңыздар сіздер қателесесіздер. Мақалада менің атымды өзгертпей тура атағаннан кейін бүйтіп өтірік қосып жазуға сіздерге кім права берді? Алдымен міне осыған жауап беріңіздерші?

Содан соң екінші айтарым, маған кездесетін Көкен деген адам ол кім? Meн бұндай адамды білмеймін ғой. Жоқ әлде сіздер Көдекті Көкен деп бұрмалап отырсыздар ма? Егер ол Көкен болмай, Көдек болатын болса, мен онымен бірігіп арақ ішпек, түгіл, міне, екі жылдай болып қалды бетіне тура қарап сөйлемеймін де. Бұрнағы жылы жайлауда Жұмағұлдың үйіндегі тойда төбелесіп қалғалы бері ол екеуміз ит пен мысықтай аразбыз. Бұны, жолдас редакция, жұрттың барлығы біледі.

Содан соң үшінші айтарым, сіздер әлгі мақала пілитондарыңызда менің әйелімнің образын да дұрыс көрсетпепсіздер. Оның аты Жәмила болса сіздер Күлбала деп бұрмалап жазыпсыздар. Қиысса, қиыспай қалсын - ау! Содан соң, әйелімнің түр-түсін, киімін де бұрмалап жазыпсыздар. Қашаннан бері ол сыриған сары келіншек бола қалды? Қатпа қараның нағыз өзі емес пе? Оның арық екеніне дейін жазыпсыздар. Сіздердің не мақсатпен бұлай деп жазып отырғандарыңызды мен білмеймін. Ал бар ғой, редакция жолдас, тап осыларыңыз ұят - ақ. Біреудің әйелі арық біреудікі семіз. Онда сіздердің не шаруаларыңыз бар? Немене, сонда мен әйелімді тамақ бермей аштан қатырып жүр демексіздер ме? .....
Әңгімелер
Толық

Жалайыр хан мен Сағат

Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таянған уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сүйінші сұрай келген адамның басынан төмен алтын құятын болып уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі малшының әйелі де толғатыпты. Екеуі де ұл табады. Бір жеті өткеннен кейін ханның баласын өз бесігіне, малшының баласын өз бесігіне салады.

Ханның баласының аты Жалайырхан, малшынын баласының аты Сағат болады. Жалайырхан да, Сағат та жетіге толады. Екеуін де мектепке береді. Жалайырханнан кейін Сағатты да хан жақсы көреді. Хан бір күн қиял құшып отырады да, екеуін де шақырып алады. Екеуінің де бетінен сүйіп, екеуін де жақсы атқа мінгізіп, қаншама нөкер ертіп, аң аулауға шығады. Әр күн осылай етіп, хан сонымен қызықтап жүреді......
Ертегілер
Толық

Достық айналған саяхат

Бейбарыстың әкесі дәулетті адам. Үйлері кең сарайдай. Шетелдік қымбат көліктері де бар. Бейбарыстың қалаған заты әкесінің арқасында қол жетімді болатын. Содан болар, ол тым еркетотай, әрі жалқаулау. Ал Бейбарыстың көршісі Жігердің әкесі еш асып-таспайтын, адамгершілігі мол, қарапайым момын жан. Жігер де қарапайым, еңбекқор, ақылды бала. Бейбарыс пен Жігер бір сыныпта, 7 «ә» сыныбында оқиды. Әрине, екеуінің ортақ ойлары болмағандықтан, отбасы жағдайына байланысты да достары бөлек.......
Ертегілер
Толық

Қайтпас қайсар қалайы солдат

Жиырма бес қалайы солдат болыпты. Бәрінің де анасы бір қалайы қасық, ағалы-інілі бауырлар еді. Бәрі де қараса көз тойматын сымбатты сұлу болатын: бәрінің де қызыл әдіпті мундирі, иығына асқан мылтығы болатын және бәрі де алға қарап көз тігіп қатып қалған!

Өздері жатқан қорапшаның қақпағы ашылған кезде олардың алғашқы естігені «қалайы солдаттар!» деген сөз еді. Оны айтқан кішкентай бала санын шапалақтап қуанып қалды, өйткені ойыншық солдаттар оның туған күніне әкелінген тарту еді.......
Ертегілер
Толық

Биология | Аккомодациялық аппарат

Аккомодациялық аппарат (лат. accomodatio — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Аморфты зат

морфты зат (гр. а — жоқ; гр. morphe — пішін, форма; гр. substantia — зат) — борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушалары мен талшықтарының аралықтарын толтырып тұратын, атқаратын қызметіне сәйкес қоймалжындығы өзгеріп отыратын гел тәрізді іркілдек пішінсіз масса[1]. Әртүрлі мүшелердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы жасушааралық тірі затындағы негізгі аморфты заттың мөлшері мен химиялық құрамы сол ұлпаның қызметі мен жағдайына байланысты ұдайы өзгеріп отырады. Негізгі аморфты зат — гликозаминдігликандардан, протеиндігликандардан, гликопротеидтерден, судан жөне түрлі бейорганикалық тұздардан түрады. Бұлардың ішінде аморфты зат қүрамының негізін сульфаттанбаған гликозаминдігликандардың күрделіполимерлі түрі - гиалурон қышқылы құрайды. Бұл қышқылдың ұзын тармақталған полимерлі тізбегі әртүрлі бағытта иіліп, аралықтарында ұяшықтары мен өзектері болатын молекулалық тор жасайды. .....
Рефераттар
Толық