Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау....
70 жасқа толған мерейтойыңыз қайырлы-құтты болсын. Сіз елу жылға жуық отасқан жұбайыңыз Клара Уәхитқызымен өнегелі өмір сүріп, бақыттың бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы мен қуанышына, немере, жиендеріңіздің сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс ортасындағы алтын көпірдей қадірлі қалыптарыңызды сақтап келесіз. Еңбекте де қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз. Жүрегіңізге Алланың нұры құйылып, зор денсаулықпен жасай беріңіз.
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Астананың ірі кәсіпорын басшысы....
Сабақтың тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні. 8.05.2019 ж
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер; мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Мерзімі: 19. 05. 2018 ж Бастауышпен қоштасу мерекесі Тексерілді : Р. Қожамжаров
Сабақтың тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»
Сабақтың мақсаты: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» бастауышпен қоштасу мерекесімен таныстыру. Ұстаздарымыз бен мектеп туралы түсіндіру. Бітіруші бастауыш түлектеріміз туралы мәлімет беру. Оқушыларды мектебін, ұстаздарын құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Ұстаздармен мектеп рөлін еңбегін айту.Ұстаздарды....
Әрбір ғылым саласының ,пәннің өз реттеулерін жүргізу кезінде қолданатын , өзіне тән болып табылатын арнайы ұғымдары болады. Статистиканың да өз қызметін белгілі бір уақыттар аралығында атқаруыеа және ол үшін арнайы әдістерді , әдістемелерді қолдануға байланысты тек ғылымның осы түрінде ғана тән болып табылатын арнайы ұғымдары категориялары болады. Ол ұғымдар мен категориялар осы ғылымның арнайы құралдары болып табылады, яғни статистика өзінің мақсатына жету үшін белгілі бір ұғымдарды пайдаланады және қолданады. Статистика пәнін қарастыру барысында қолданылатын ұғымдардың саны көп , бірақ олардың ішіндегі кейбіреулері ерекше маңыздылығына , жиі қолданылатындығына байланысты арнайы түсіндіру , сипаттауды қажет етеді . Олардың қатарына мыналар жатады: белгілер, статистикалық жиынтық, вариация , статистикалық көрсеткіш, көрсеткіштер жүйесі және статистикалық заңдылықтар. Статистикалық белгілер ретінде , зерттеуге алынатын құбылысты сипаттайтын , оның өзге құбылыстардан негізгі айырмашылығын білдіретін , сондай-ақ кейде зерттеуге жататын құбылысқа тікелей қатыстылығы болмаса да оны қосымша тұрғыда маңызын ашатын құрамдарды алуға болады. Әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың кез-келген түрі құбылыс ретінде бағалау үшін олар белгілі бір белгілерді иеленуі керек . Яғни құбылыстың түріне түсінік берілгенде , міндетті түрде оның ерекше белгілері ескеріледі. Сонымен, статистикалық белгілер дегеніміз, құбылыстың өзіне ғана тән ерекшеліктерін сипаттайтын және зерттеу жұмыстарында бақыланатын , өлшенетін құрамы болып табылады. Құбылысты жалпы сипаттайтын белгілер мен құбылыстың бірліктерін сипаттайтын белгілердің арасында ұқсастықтар мен айырмашылықтар кездеседі. құбылыстың өзін ғана сипаттайтын белгілер, әдетте сол құбылыстың маңызын, мазмұнын , ерекшелігін анықтайды. Мұндай белгілер ол құбылыстың өзге қоғамдық құбылыстардан айырмашылығын білдіріп тұрады. Статистикалық белгілер сандық және сапалық белгілер деп екіге бөлуге болады. Бұлай бөөлу, өзге ғылым салаларында да кездеседі. Сапалық белгілер сан түрінде бейнеленбейді. Сапалық белгілерді статистикада кейде атрибутивтік белгілер деп те айтады. Сапалық белгілердің бір көрінісі балама белгілер болып табылады. Балама белгілер тек сөз түрінде ғана беріледі және бұл белгі -нақты бір құбылыс белгісінің екі мағынадан тек бір мағынаға ие болуын беріледі. Сандық белгілер құбылысты немесе жиынтық бірліктерінің құрамын тек белгілі бір шама түрінде сипаттауды білдіреді. Құбылыстың құрамын сипаттайтын шамалар тек сан, цифр түрлерінде ғана кездеседі. Статистикалық жиынтықтағы белгілер мағынасы және зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді: негізгі және қосымша, вариациялық, нәтижелік факторлық, елеулі және елеусіз белгілер. ....
«Таным» білім беру саласы бойынша жаратылыстану ұйымдастырылған оқу –қызметінің технологиялық картасы.
Күні, айы, жылы: 22.04.2019 Тақырыбы: Үлкендердің еңбегін бағалау. Мақсаты: Әсем табиғат аясында көктем мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіріп, айналада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінік беру. Үлкендердің еңбегі туралы түсіндіру. Табиғаттың әдемілігін сезініп, оны аялай білуге, қорғауға, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: ауланы тазалауға арналған құрал-жабдықтар, аула тазалап жүрген адамның суреті. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.
Әрбір МҚБЖ-ның өзіндік тіл жабдығы бар. Олар мәліметтерді сипаттап жазу үшін, мәліметтерді басқару амалдарын жасап және оларға ену үшін қажет. Қазіргі уақытта АЖ-ны ұйымдастыру үшін көп мөлшерде әртүрлі МҚБЖ-ны қолданып отыр. Әрбір АЖ нақты МҚБЖ-нгы қолданса, экономикада көбінесе FoxBase, FoxPro, PARADOX, Access, ORACLE және басқада МҚБЖ қолданылады.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді: • Кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу; • Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны қою; • Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту; • Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу. Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл жасау басталған жері болып саналады. Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. Бұлар Таблицалар, Сұрау салулар, Есептер, Парақтар, Макростар мен Модульдер. Терезе тақырыбы – мәліметтер базасының файл атауы. Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалар бар: Ашу, Конструктор, Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады. ....