9 мамыр - Жеңіс күні

 9 мамыр - Жеңіс күні

Сабақтың тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні. 8.05.2019 ж

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекіліктер; мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Қ .Р. мемлекеттік ән-ұраны.
1. Абдулла Ж.
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ 9- мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
2. Асқар Е.
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9- мамыр күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
3.Байтемір А.
Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 74-інші көктемі де келіп жетті.
74 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
74 жыл – шуақты күн таратты әнін.
74 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Ән «Мен сені меккеге аппарамын» орындайтын Рахымбек К
4. Дүйсенбай Қ.
Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді.
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Көрініс
5. Есіркеп М.
21 –маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:» тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22- маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
6. Жәнібек О.
1 шал : «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»

7. Иса Қ.
2 әйел: «Қойыңыздаршы жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

8. Кәрім Б.
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!
Ән «Атамекен » хор

9. Қалдыбек Қ.
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.


10. Қарсыбай А.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

11: Қуватбекова Д
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жас кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

12. Даулетов Е
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

13. Мұхтар Г.
Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

14. Назар Ж
Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.
Көрініс «Қайран жеңешем»

15. Назарбек Д.
Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.
Ән «Алға қазақ жігіттері» хор

Көрініс: «Жеңіс»
Перде М Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945- жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 –мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.

16. Намазбаева А.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

17. Омар Ш.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

18. Ораз Н.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
19. Рахымбек К
Жалғызынан айырыпты ананы. Әкесінен айырыпты баланы Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы Видео «Жеңіс» 20. Рысбай З.
Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті!
Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті!
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

21. Савдашева М
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні!

22. Смайл Қ:
Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін,-деп ақын жырлағандай, біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас күнге 1945 жылдың 9-мамырында қайта оралды.

23. Тлеухан Қ
Жерден, көлден, аспаннан, Соқты жауды ел күнде. Берлинде алғаш басталған, Бітті соғыс Берлинде Көп қой батыр ағалар, Халық сүйіп бағалар.
24. Файзиева А.
Көп қой батыр ағалар.
Жаттап алғын балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

25. Шакиров А
Қамықпаған қиындықтың түбіне Өздеріңе жинап қырдың гүлінен. Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атынан Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!
26. Тоғанбай І
Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді далама. Жеңіс келді әке боп Жеңіс келді ән болып. Жеңіс келді алақай Тоя жейтін нан болып.

Сазды бағдарлама;
Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.




Автор - Сейделханов Бауыржан Ваккасович


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру