Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылы) – қазақстандық композитор, әнші. Қазақстан халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қырғызстанның Халық артисі.
Өмірбаяны Үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Оның тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.....
Жақында Келімбет деген танысыма жолығып қалдым. Өзі көңілді, қуанышы қойнына сыймай бара жатқан секілді. Амандық-саулықтан соң келіншегінің босанғанын, соған перзентханаға....
Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр деп хабарлайды ҚазАқпарат.