Қазақстандағы әлеуметтану мамандығы мен оның дамуы


Күнделікті өмірде әлеуметтану ғылымы немесе маманы туралы естігеніңізге сенімдіміз. Көркем, ғылыми әдебиеттерді оқу және жаңалықтар, фильмдерді көру барысында, өзге де ақпарат алу жолында әлеуметтанушылардың дәйексөздерімен, болжамдарымен немесе қорытындыларымен кездескен боларсыз. Сонымен қатар, бірінші курс студенті болған шағыңызда бұл дисциплинамен таныстыңыз. Мүмкін ғылымның негізін қалаушы ғалымдарды да есте сақтадыңыз. Бірақ, қазірге біздің мақсат кішігірім болсын бұл саланың әлемдегі және еліміздегі көрінісін сізге көрсету.
Ең алдымен, әлеуметтану қандай ғылым және нені зерттейді деген сұраққа жауап берейік. Қарапайым сұрақ болғанымен, оған жауап беру үшін ғылымның қалыптасу тарихымен, әсер еткен әлемдік тенденциялармен және қоғамның құрылымымен байланыстыра қарау қажет. “Әлеуметтану” термині грек тілінен “қоғам туралы ғылым” деген мағынаға ие. Өзінің атауына сәйкес қоғамды, оның құрылымын, құраушы бөліктерін, олардың өзара әрекеттесуі мен соның негізінде пайда болатын заңдылықтарын зерттейді. Бұл ғылымның тарихына келгенде, әлеуметтанулық теориялардың нақты пайда бола бастаған уақытын анықтау мүмкін емес. Себебі, ежелгі уақыттан адамдар көптеген құбылыстарды түсіндіруге тырысқан. Яғни, нақты әлеуметтанушы деген атаққа ие болмасада, әлеуметтанулық идеяларды ұсынған. Әлеуметтанудың өзге ғылымдардан ерекшелігі ғылым ретінде шартты түрде нақты пайда болған уақыты бар. Бұл 1839 жылы француз ойшылы Огюст Конттың жеке ғылым ретінде терминді енгізуімен байланысты. Әлеуметтану теорияларының қалыптасуында саяси, индустриялық революциялар, капитализм, социализмнің өркендеуі, отаршылдық, феминизм, урбанизация тәрізді жағдайлар әсер етуші күш болған. Әлемдік деңгейде әлеуметтанушылардың теориялары, тұжырымдары жылдар өтсе де, өз өзектілігін жоғалтпайтын жағдайлар бар. Бұл қоғамда белгілі бір заңдылықтар бар болуына байланысты. Әлеуметтанулық білімге ие болу арқылы қоғамдық жағдайларды түсіну, себеп салдарын анықтай білу мен болжай алу мүмкіндігі пайда болады. Өзге салаларға да үлес қосқан, танымал әлеуметтанушылар білім тарихында бар. Мәселен, Эмиль Дюркгейм, Карл Маркс, Макс Вебер және т.б. жатады.
Әлеуметтанушы адамдардың бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасайтынын, мінез-құлық пен шешімдердің қоршаған ортаға қалай әсер ететіндігін түсіндіреді. Әлеуметтанушы қарапайым және айқын нәрсені дәлелдеу үшін көп күш жұмсайды. Және де айқын нәрседен таңқаларлық және терең мағыналы ақпарат алуға тырысады. Сонымен қатар, әлеуметтанушы ақпараттың айқындығына күмәндәну арқылы оның ішінен жасырын мағынаны таба алады. Бұл мақсатта әлеуметтанушы өзіндік арнайы деректер жинау жолдарын, өзіндік қиялын, аналитикалық ойлауды қолданады. Қоғам күрделі, көп жақты құбылыс және ол әрдайым өзгерістерге ұшырайтындығы анық. Осы сипатқа байланысты қоғамда әлеуметтану зерттейттін мәселелер пайда болады. Әлеуметтанушы қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеп, мәселенің маңыздылығын дәлелдеп, оның салдары мен шешу жолдарын ұсыну арқылы мәселені көтереді. Әлеуметтанушылардың назары қоғамда болғандықтан, қоғамның көптеген салалармен тығыз байланысты. Мәселен, саясат, мәдениет, дін, психология және т.б. Сондықтан да, әлеуметтанушыға жан-жақты болу және объективті болу міндеті тағайындалған.
Қазақстанда әлеуметтану саласы еліміздің тәуелсіздігіне дейін институцияланған. Алғашқы әлеуметтанулық зерттеу орталықтары 1960 жылдардың соңында ашыла бастаған. Ал, алғашқы әлеуметтанушыларды қалыптастыратын білім ордасы ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін атай аламыз. Себебі, осы университетте 1988 жылы әлеуметтанушылар мамандарын даярлау басталса, 1991 жылы алғашқы Қазақстандық әлеуметтану докторы шыққан. Сонымен қатар, Қазақстандық әлеуметтанушылар ассоциациясы бар. Ол 2002 жылы әлеуметтанулық конгрессте қалыптасқан. Жалпы, бұл мамандық иесі кез келген үлкен компания мен ұйым үшін керек. Себебі әлеуметанушы бір мәселеге байланысты зерттеу жүргізіп, қоғамның ой-пікірін зерттеп (сауалнама, сұхбат және т.б. әдістер), деректерге талдау жасап, ақпараттарға анализ жүргізу арқылы одан қандай да бір қорытынды жасай алады.
Қазақстанда әлеуметтану мамандығын оқу мүмкіндігі тек 18 университетте бар. Соның бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі QS World University Rankings 2023 жыл бойынша 150-шы орынды иеленді. ҚазҰУ-да әлеуметтану мамандығын оқу арқылы болашақта үлкен мүмкіндіктерге жетуге болады. Және Қазақстанда әлеуметтану саласының дамуы мен мамандықтың мәртебесін қалыптастыруға үлес қоса аламыз. Қазіргі таңда, Философия және Саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берикбайұлының басшылығымен “Әлеуметтану” мамандығының мәртебесі өсіп, көптеген жетістіктерге жетуде. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы көптеген мәселелер қозғалып, шешімін табуда. Айта кететін болсақ Джаманбалаева Шолпан Ерболқызының жетекшілігімен Алтынбек М, Елибаева А, Ерланқызы Е жүргізіліп жатқан “Жануарларға қатыгездік көрсету мәселесіне қатысты қазақстандық жастардың көзқарасы” атты дипломдық жұмыс қарастырсақ болады. Осы зерттеу арқылы қоғамдағы жануарларға қарсы қатыгездік мәселесі қарастырылып, проблеманың маңыздылығын дәлелдеуде.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу