Алматы қаласы экологиялық ахуалына талдау жүргізу

Қазіргі кезде қоршаған ортада ластаушы заттардың мөлшерінің ұдайы өсуі адам денсаулығына зиян келтіреді, яғни, өмір сүру қабілетінің төмендеуіне, биологиялық табиғи қорлардың азаюына әкеліп соғуда. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар - көміртегі оксиді, күкірт және азот оксидтері және басқа да газ күйдегі заттар.
Ауа кеңістігінің газ күйдегі заттармен ластануымен қатар
шаң-тозаңмен ластануы да ұдайы өсуде. Соңғы 30-40 жылдың ішінде
атмосфераның шаң-тозаңмен ластануы 10 есеге өсті. Атмосферадағы
зиянды заттар ауамен дем алу кезінде ағзаға түседі де мутагендік - тұқым
қуалаушылық және тератогендік - құбыжық балалардың тууына себеп
болады.

Ғылыми жобалар
Толық

Алматы туралы өлең

Көгіңде күнің сенің шалқи тұрды

Түнің де ұрлап жүр бар ұйқымды,

Мына әлем біле ма екен мына сенің

Мың жылдық қан мен терлі тарихыңды?!

 

Қиын кездер өткізгенің санамда тұр,

Бауырыңда сан түрлі....

Өлеңдер
Толық

Көше шамдары мен жаяу жүргіншілер өткелі

Алматы қаласы Наурызбай ауданының Ақжар ықшам - ауданында №200 мектеп - гимназиясының алдында жаяу жүргіншілер өткелі салынған болатын. Бұл жүргіншілер өткелі мектепке барып жүрген бүлдіршіндердің және басқада адамдардың қауіпсідігіне арналды.

Жаңалықтар
Толық

ҚазҰУ- ғылымның ортасы мен білімнің ордасы

Білімнен нұр шашқан аспаны

ҚазҰУ-ым ғылымның асқағы

Жадымда сайрайды тарихың

Тәлім мен тәрбие бастауы…..

Осындай тәуелсіз қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға деген мүмкіндіктеріміз бен қол жеткізе алатын армандарымыз бар. Осының құрметіне білім алып жатқан оқу орныма мақала....

Шығармалар
Толық

Бір аруға - Алмат Ақжол

Көңілім ұмытқанмен,жүрегім сағынады
Шырқап жатыр жүректің тағы әні
Көңілім басқа жаққа бағынғанмен
Жүрегім тек өзіңе....

Өлеңдер
Толық

Алматы - Оңтүстік Астана

Алматы – Алатаудың баурайында орналасқан, көшелері жасыл жапырақты биік ағаштармен безендірілген, зәулім ғимараттары көп, сәнді қала. 1997 жылдың 16 желтоқсанына дейін Алматы Республикамыздың астанасы болды, қазір оны халық оңтүстік астана дейді. Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады. Алматы – республикадағы ең көрікті қала. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері бар. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның Ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереясы бар. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.

Мәтіндер
Толық