file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Экономика | Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық