Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті. Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған қарамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды. Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады.....
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда. Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған....
А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.....
Ауыл шаруашылығының негізі неолит дәуірінде пайда болды. Осы кезден бастап адамның табиғатқа әсері айқын сезіле бастады. Үй жануарларын өсіру үшін адам жайылымдық жерлерді игеріп, бұл жерлерде бұрын тіршілік еткен жабайы жануарларды қуып, аулап, олардың санының азаюына себеп болды. Табиғатқа тигізетін зиянды әсерлердің негізгі себебі табиғи экожүйелер мен биоценоздардың мәдени ауыл шаруашылық жүйелеріне айналуы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы табиғи экожүйелердің өте үлкен масштабта жойылуына әкелді. Мұндай деградацияға ең алдымен тропиктік экожүйелер ұшырады. Ормандарды кең масштабтарда кесу, жерді тиімсіз, жүйесіз пайдалану бүкіл эволюция нәтижесінде қалыптасқан экожүйелердің қалпына келмейтіндей болып бұзылуына әкеліп соқты. Бір кездердегі құнарлы топырақтар мен ландшафттар азғантай уақыт ішінде шөл далаларға айналады. Ауыл шаруашылығы бұдан он мыңдаған жылдар бұрын Палестина мен Сирияның солтүстік аудандарында пайда болды. Қазір бұл үлкен, бір кездегі гүлденген территория құмды далаға айналған. Құнарлы топырақтарды жүйесіз, қалай болса солай пайдалану, алдымен біртіндеп ормандарды азайтты, одан кейін топырақтардың екінші қабатын, ең соңында бүкіл топырақты жойды деуге болады ....
Аталмыш дипломдық жұмыстың өзектілігі – Ирактағы АҚШ-тың қаруланған әскерлеріне араб монархтарының көзқарасы. Әлемдегі мұнай қорының 80 пайызы орналдасқан аймақ арабтардың ертеден мекендеген аумағы еді. Ұзақ жылдар бойы Батыс Еуропа мемлекеттерінің езгісінде болған арабтар Батысқа деген өкпе мен кек сақтап қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін отар болған арабтар біртіндеп тәуелсіздігін ала бастады. Осы кезде Британдық үлгідегі билік, яғни, жергілікті халықты көсемші топқа иек артып, билеу және батыстық үлгідегі карольдік монархияны одан әрі қолдау, немесе панарабистік және исламистік радикализм бағытын таңдау мүмкіндігіне ие болған арабтар көбінесе, панарабистік (либералды демократия) бағытты ұстанды. Бір бөлігі монарх билігін сақтап қалды. Араб монархтары байлықтың көзін аша отырып, нұр үстіне нұр дегендей, жер астындағы мұнайды экспорттау арқылы байлыққа кенеле түсуі принцтерін (балаларын) батыс мемлекеттеріне оқуға жіберіп, экономиканы батыстық үлгіде дамытады. Иран-Ирак соғысы жылдарында Ирактың Кувейтке қарсы экспанциясында өздерінің биліктерін сақтап қалу мақсатында батыс мемлекеттерінің геосаяси мақсаттарына қарамастан, олардың әскери көмегіне жүгінген болатын. Исламистік революцияның таралуына және Ирактың панарабистік идеологияға негізделген агрессияшыл Иракқа қаросы шығу үшін Парсы шығанағындағы серіктестік кеңесі құрылды. Бірақ, аталмыш кеңестің мүшелері біржақты саясат ұстанбады.....
Ақыл-есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу арнайы мекемелердің алдында тұрған үлкен міндет болып табылады. Сондықтан мемелекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдану туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер жан-жақты қарастырылған. Білім туралы заңының 2-тарау 8-бабаының 6 тармақшасында «Мемелекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген. Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Ленотьевтің және басқа психологтардың көзқарасымен келісе отырып адам психикасы әрекет процесінде белсенді өзгеріп отырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзетіп және оқыту барысында , адекватты түрде тәрбиелеу кезінде мұндай балалардың бойында өз-өзіне қызмет ету және оларды профессионалды дағдыларды үйретуге болатынын аналарына түсіндіреді. Бұл мемлекетті оларды арнайы мекемелерде қамтамасыз етуден, ал балаларды қоршаған ортаға тәуелділіктен және толық көмексіздіктен босатады. ....
Тақырыптың өзектілігі. Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондай-ақ өнеркәсіпте бағалы шикізат есебінде әр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады. Республикамызда тың және тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады. Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол — сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында — дәндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді. Оңтүстікте дәндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95—100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң және сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі. Ол гектарына 150—300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды. Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты — әр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады. ....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз. Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық. - Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту; - Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді; - Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді; - Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру; - Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды. Зерттеудің дерек көздері. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды. Атап айтқанда «Абай» энциклопедиясы, «Абайтану тарихы», «Абай және қазіргі заман» т.б. алуан-алуан материалдар пайдаланылды. Қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясы жайында әркез зерттеулер жазған, теориялық еңбектер берген ғалымдар М.Әуезов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханұлы, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев т.б. ғалымдардың еңбектері дерек көзі ретінде кеңінен пайдаланылды. Одан басқа да еңбектер, баспасөз материалдары, оқулықтар, монографиялық дүниелер де назардан тыс қалмады. Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық деңгейдегі зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі ретінде әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері, кешенді, салыстырмалы ғылыми әдістер алынды. Негізінен, отандық әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары, әдебиеттану ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер жұмысымыздың негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай пайдаланылды. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық тұжырымдарын қазақ әдебиетінің тарихы, теориясы, XIX ғасыр әдебиетін оқыту барысындағы Абай Құнанбаев шығармашылығы және соңғы жылдардағы оқу бағдарламасына сәйкес «Абайтану» пәнін оқыту кезеңдерінде жан-жақты терең үлгіде пайдалануға болады. Бұл зерттеудің практикалық мәні де зор. Жоғарыда аталған арнаулы пәндерді сонымен қатар қазақ әдебиетінің арнаулы курсы мен арнаулы семинары пәндерін оқыту кезеңінде де зерттеу жұмысының құнды дерек көздерін арнайы пайдалануға, практикалық талдауларға қолдануға әбден болады. Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе қорытындадан бөлек екі тараудан тұрады, сонымен қатар жұмыс соңында әдебиеттер тізімі берілді.....