Айнала толған сезім

Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді біреулері тіпті сүйгені үшін өкінеді. Жер бетінде қаншама жан болса соншама тағдыр, соншама махаббат хикаясы бір-бірлеріне еш ұқсамайды. Міне, өмір, сонысымен қызық қой. Енді, өзім куә болып жүрген осындай тамаша да сұлу сезім жайлы, көркем махаббат хикаясы жайлы айтам деймін.

Сарғайған сары күзде басталған, көктемдей көгерген жас сезім, сол бір күзді мәңгі жүректе де, санада да қалдырды. Олар үшін бұл сарғайған сары күз емес, сезім шашқан алтын күз болды және солай болып қала бермек. Бозбалалық сылқым мінезіне салынған бозбала жастықтың алып ұшпа қызығушылық сезімімен өзінен бір курс төменде оқитын қызбен, жастардың қазіргі кездегі жедел жәрдемі агент арқылы сөйлесіп жүреді, және оған сол агент атты хабаршымен сөз айтады. Бірақ, сол кезде бұл жас жігіттің сол сөз айтқан қызының қасында жатақханада өзінің жүрегінің жартысы отырғанын білмегенде еді. Бұл күздің бастапқы айлары еді, бірақ бұл агент арқылы жеткен махаббат ойындары ойын ретінде жалғасын таба берді. осындай күндердің бірінде Дауренге бір қыздан авторизация келеді, қабылайды, танысады, есімі – Жаңыл, өзі агент арқылы сөз айтқан қызбен бір бөлмеде тұратын құрбысы. Қабылдады, агент арқылы әңгіме басталды, Жаңыл:

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қалайсың?.....
Махаббат хикаялары
Толық