Айнала толған сезім
Айналама қарасам, әр түрлі тағдырлар, әр түрлі сезімдер мен құштарлықтар. Барлығы әйтеуір бір жандардың басынан өтуде. Біреуі қуаныштан басы айналып жүрсе, біреуі сол сезімінен қиналып жүр, ал енді біреулері тіпті сүйгені үшін өкінеді. Жер бетінде қаншама жан болса соншама тағдыр, соншама махаббат хикаясы бір-бірлеріне еш ұқсамайды. Міне, өмір, сонысымен қызық қой. Енді, өзім куә болып жүрген осындай тамаша да сұлу сезім жайлы, көркем махаббат хикаясы жайлы айтам деймін.
Сарғайған сары күзде басталған, көктемдей көгерген жас сезім, сол бір күзді мәңгі жүректе де, санада да қалдырды. Олар үшін бұл сарғайған сары күз емес, сезім шашқан алтын күз болды және солай болып қала бермек. Бозбалалық сылқым мінезіне салынған бозбала жастықтың алып ұшпа қызығушылық сезімімен өзінен бір курс төменде оқитын қызбен, жастардың қазіргі кездегі жедел жәрдемі агент арқылы сөйлесіп жүреді, және оған сол агент атты хабаршымен сөз айтады. Бірақ, сол кезде бұл жас жігіттің сол сөз айтқан қызының қасында жатақханада өзінің жүрегінің жартысы отырғанын білмегенде еді. Бұл күздің бастапқы айлары еді, бірақ бұл агент арқылы жеткен махаббат ойындары ойын ретінде жалғасын таба берді. осындай күндердің бірінде Дауренге бір қыздан авторизация келеді, қабылайды, танысады, есімі – Жаңыл, өзі агент арқылы сөз айтқан қызбен бір бөлмеде тұратын құрбысы. Қабылдады, агент арқылы әңгіме басталды, Жаңыл:
- Сәлем!
- Сәлем!
- Қалайсың?
- Жақсы! Өзің?
- Жақсы!
- Сен менің ағам екенсің ғой.
- Ааа қалай?
- Руымыз бір.....
Міне, осылайша «аға» деп басталған әңгіменің соңы ұлы сезімге ұласарын бұл сәтте екеуі де білмеген еді. Осылайша күндер өте берді, олар агент арқылы сөйлесіп жүрді, алайда университетте бір-бірлерімен амандаспайтын, сөйлеспейтін. Тек агентте Жаңыл: Бүгін мен сені университтен көрдім, дейтін. Бірақ, қасына келіп, амандасқан емес еді.
Қарапайым күндердің бірінде Даурен кітапханаға сабаққа дайындалуға келіп отырады, біраз уақыттан кейін кітапхана есігі ашылып, құрбысымен Жаңыл кіреді. Олар ештеңеге мән берместен кітапханашы апайға барып, оқырман билеттерін өткізіп, өздеріне керек кітаптың қай жерде тұрғанын сұрайды, кітапханашы Дәурен жақтағы кітап сөресін нұсқайды. Жаңыл Дәуреннің тура алдынан өтіп оның жанындағы кітап сөресінен бір кітапты алады да арт жаққа кетіп қалады. Бұл сәтте қыздың әр қимылын қалт жібермей қарап отырған Даурен қыз жанынан өткенде сөз таппай, тіпті амандаса да алмады. Тек жүрісі жеңіл, сүйкімді ақ сары қыздың қылықтарына тамсанып, арт жағына қайта-қайта қарап қояды. Ал кеш бата жастардың агент атты сырласу да кездесу, сөйлесу орнына айналған ғаламында олар тағы сөйлеседі. Бұл жолы сөзді Даурен бозбаламыз бастайды:
- Бүгін сені көрдім, мені байқамадың ба?
- Жоқ, қайдан?
- Кітапханадан сен менің тура алдымнан кітап алдың ғой
- Ааа, шынымен байқамадым
Осылайша басталған әңгімеде екеуі ананы-мынаны сөз етіп таң сәріне дейін отырды. Келесі күні ғимараттың алдында сабақтың басталуын күтіп тұрған Даурен анадайдан Жаңылдың келе жатқанын көреді. Иә, қазір алдынан өтеді, кеше екеуі агентте жап-жақсы сөйлескен болатын, амандаса ма екен, деп тұрғанды. Дауреннің қасынан өтіп бара жатып қыз: «Сәлем, ағатай», деп көзінің астымен ғана қарап, жымиып, еш кідірместен өтіп кете барды. Сол сәтте Дауреннің жүрегіне бір тікен қадалғандай, қыздың «Салем, ағатай» деген сөзі оны есеңгіретіп тастағандай болды. Ақырын ғана «Салем», деді ол да. Міне, осылайша таныстық, басталып, екеуі енді тек агентте ғана емес, сабақтан соң саябақта ағалы, қарындас ретінде кездіп, әңгімелері жарасып жүрді. Бірақ, бұл кезде жігіттің ойы тек «Қарындас» емес еді, оның жүрегінде қызға деген ағалық ғана емес, ғашықтық сезімі оянғанды. бір күні бозбала бойжеткенге «Мен сені сүйемін» деген сөзді сұрақ белгілерімен (??? ???? ???????) жазып хабарлама жібереді. Бұлай жұмбақ келген хатты қыз түсінбей, құрбыларына көрсетеді, құрбылары да бұл жұмбақты шеше алмай біраз тұрған соң, ішіндегі бір пысық қыз бұл: «Мен сені сүйемін, деген сөз», деп жұмбақты шешеді. Бірақ, бұған Жаңыл сенбейді: «Жоға, ол олай емес, ол менің ағам, ол маған қарындасы ретінде қарайды», деп жаңағы сөздерді мойындағысы келмейді. Бірақ, бір жағынан «шынымен жауабы солай болса, екен» деген бір шымшым сезім оянады қыз жүрегінде.
Осылайша күндер өте береді. Күздің қоңыр кештерінің бірінде Даурен Жаңылды әдетінше саябаққа шақырады, қыз келеді. Екеуі қатар біраз отырады. Бұл кездесуге жігіт әбден дайындалған еді, қызға сөз саламын деп. Бірақ, мұндайда тіл құрғыр сөз таба алмай қала ма, жүрек шіркін бағынбай атша тулай ма, әйтеуір сезімін сөзбен жеткізбей, қасында отырған қызға тағы да сұрақ белгілерімен «Мен сені сүйемін», деген хабарлама жібереді. Қыз қасындағы жігіттен келген хабарламаны ашып, түсінбегендей, өзінің бұл жұмбақ сөздерді әлі шеше алмағанын айтып, жымиады. Сонда, Даурен еш тіл қатпастан екінші хатты жібереді, бірақ бұл жолғысы жұмбақталмаған ашық «Мен сені сүйемін» деп жазады. Қыз хатты оқып, ұялы телефонына ұзақ қарап отырып қалады. Жігіт те үнсіз, жауап күтіп отыр. Ұзақ үнсіздіктен кейін, еш жауап болмаған соң жігіт орнынан тұрып: «сірә, бұл сенің жоқ дегенің, жақсы онда олай болса мен кеттім», деп орнынан тұра беріп еді, қызда орнынан лезде тұрып жігітті құшақтайды, осыны күткендей жігіт нәзік қана кішкентай сары қызды өз құшағына алады, сол сәтте «Біз сендердің махаббатарыңа куәміз», дегендей күздің суық жаңбыры жауып кетеді. Бірақ бұл суық жаңбыр тоңдырмады, керісінше олардың құшақтарының жазылмауына себеп болып тұрғандай, бұл жауын. Және тоңдыра алмас та еді, себебі оларды жылытып тұрған сезім бұл суық жауыннан да құдіретті, ыстық еді... Қос жүректің бір болып соғуы осылай бастау алды. Бұл кезде бар ғаламдағы ең бақытты жандар солар еді, күнделікті кездесу, жалынды махаббат, тәтті күндер. Бақыттан басы айналған Дәурен. Бірақ, қыздың жүрегіне бір нәрсе тыным бермейтіндей, өз сезіміне күмәнді сияқты ма, әлде өзін біреулердің алдында кінәлі сезінетіндей ме, әлде бойын кернеген бір сенімсіздік бар ма белгісіз, ол бұл сезімнен, бұл махаббаттан бас тартқысы келді. Сөйтіп, арада бірнеше күннен кейін, кезекті кездесуінде қыз: «Осы жерден, тоқтайын, ары қарай жалғастырмай-ақ қояйық, жүрмейік», деп өз ойын жеткізеді. Мұндайды күтпеген Дәурен, ештеңе түсінбей, ойы аласапыран болып:
- Қалайша сонда, біздің сезіміміз алдамшы болды ма, сен үшін мен бос орын болғаным ба? Егер бұлай дейтінің бар неге о баста келістің, менің жүрегіме бұлай үміт беріп, сол үмітті өз қолыңмен үзгенше, бірден сезімді сол кезде-ақ сөндіре салмадың ба? Әлде, мені аяп төрт күндік махаббат сыйлағаның ба? Жоқ, олай болса, мен кетем, бұл жерден бұл оқу орнын кетемін.
- Неге? Оның қажеті қанша?
- Мен сені бұлайша қасымда жүргеніңді және қасымда бола тұра сонша менен алыс болғаныңды көре алмаймын, мен саған тек қарындасым деп қарай алмаймын. Одан да бұл жерден кеткенім жақсы.
Жаңыл еш үн қатпастан, жігіттің алдында тұр. Тіпті, оған не айтарын да білмейді, «неге ғана олай дедім екен», деген өкініші де бар ішінде, бірақ енді қазір оны қалай жұбатпақ, қалайша ақталмақ. Үнсіздік.
- Болды, онда қош бол, мен кеттім, - деді де Даурен қызды соңғы рет құшағына алып тағы да ақырын ғана «Қош бол» деп, қызды босатып еді, қыз оны қатты құшақтап, пәк жүрегі жібергісі келмей «Кетпеші, кетпе», деген ыңғай танытты. Қыз сезімін түсінген жігіт қызды құшағына қатты қысып, еміреніп тұрып тек қана «Жаным» деді. Міне, қызық, осы сәтте тағы да «Біз сендердің сезімдеріңе куәміз» дегендей күздің енді аласапыран жапырақ ұшқан дауылы басталып кетті. Сары күздің, суық желі, ұшқан жапырағы, айнала алай-дүлей, ал саябақтың ортасында құшақтары айқасқан қос ғашық, оларды етене айырар емес, олардың сезімін енді қандай дауыл тұрса да ажыратар емес.
Міне, осылай сарғайған күздің соңғы күндерінде, жауын мен дауылдың куәлігінде басталған сезім бүгінде осы сәтті күнде жалғасын табуда, олардың әр күнін тәтті сезім әні тербеп, махаббат әлемі әлдилеуде. бұл жылдың сары күзі олар үшін, сезім күзі, ал жауынды сол күні олар үшін махаббат нұры төккен күн болып қала бермек.
Көз алдымда өтіп жатқан бұл сұлу хикая кеше ғана басталғандай, арада бір жарым жыл өтсе де олардың сезімдері жаңа ғана оянғандай ыстық леп шашып тұрады, бұл мәңгілік құштарлық, мәңгілік сезім, сөнбес махаббат. Ал оқуларын бітірген соң Даурен мен Жаңыл отбасын құрмақ. Оларға Бақыт тілейміз!!!!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: махаббат хикаясы Айнала толған сезім туралы казакша история любви на казахском, история любви Айнала толган сезим на казахском языке махаббат хикая скачать бесплатно, қызықты махаббат хикаялары жинағы оқу, интересные история любви на казахском языке, Айнала толған сезім