Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтық өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты ай-мақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Ай¬мақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін өңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. ....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық

Саясаттану | Мемлекеттің аймақтық саясаты

«2008-2009 жылдарға арналған Жастар және жасөспірімдер» аймақтық мақсатты бағдарламасы» (бұдан әрі- Бағдарлама) Алматы қаласы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаның жалғасы болып табылады, жастардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуының шарттарын, қоғамдық ұйымдардың қолдауын қамтамасыз етеді. Алматы қаласы республика бойынша жастардың астанасы ретінде саналады. Біздің қаламыздың үштен бір бөлігін 14-29 жас аралығындағы 380505 жастар мен жасөспірімдер құрайды. Қазақстанның ЖОО мен ОАОО негізгі бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Республикалық маңызы бар жастар ұйымы штаб-пәтерлерінің көпшілігі осында орналасқан. Айта кететіні, «Жастар және жасөспірімдер» Бағдарламасы 2001 жылы ел басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды және Қазақстанның басқа да аймақтарында үлгі ретінде ұсынылды.
Бағдарламаның негізгі жетістіктері – жастар саясатының мекендік сипатында, өйткені ондағы негізгі басымдық тұрғылықты жер бойынша жастардың жұмыс істеуі. Бағдарлама аясында жастармен жұмыс жүргізу үшін арнайы орган - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры құрылды, осы үйлестікпен еліміздің түкпір-түкпірінде осындай құрылымдар құрылды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Аймақтық саясат

Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу әр елде қолданылды. Осы тарауда аймақтардың орнықты дамуын басқару жөнінегі мемлекеттік өкімет органдары мақсаттарының міндеттерінің және іс-әрекеттерінің жүйесі ретіндегі аймақтық саясаттың негіздеріне шолу жасалады.
Тарауда аймақтық саясаттың негізгі ұйымдары, оның түрлері келтірілді, аймақтық дамуың жаңа заманғы теориялары мен идеялары қаралынады; әр түрлі мемлекеттік құрлымдағы елдердің жағдайларындағы аймақтық саясаттың нысандары, әдістері мен құралдыры көрсетіледі. Тараудың үлкен бөлігі мен аймақтық даму мәселелеріне қатыст нақты материал аймақтық саясаттың қазіргі заманғы Қазқстанның реформалар стратегиясындағы ролі мен мәніне ерекше көңіл бөледі. Аймақтық экономикалық, әлуметтік және демографиялық саясаттың мәселелеріне жеке назар аударылады, Қазақстандағы аймақтық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдылықтары белгіленеді.
Аймақтар дамуының әлуметтік-экономикалық жағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражыттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орта ша кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопарктердің айрықша аймақтарын құру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік құрылымның үлесіне, ел ішіндегі проблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланыты болады. Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет араласуының нысанында көрінеді....
Рефераттар
Толық