Экономика | Аймақтық саясат

Экономика | Аймақтық саясат

Аймақтық даму
Дамыған жергілікті экономика мен жергілікті өзін-өзі құруға мүмкіндік туғызатын оңтайлы аймақтық параметрлері бар елдерден айырмашылығы, Қазақстанның аймақтары ұлан-байтақ аумақтарымен, халықтың сирек орналасуымен, қатты бөлшектенген өндіріс әлеуметімен және ішкі рыноктың төмен сыйымдылығымен сипатталады. Дүниежүзілік банктің 1997 жылғы «Өзгермелі дүниедегі мемлекет» баяндамасында жақсы пайымдалған және нысаналы ұзақ мерзімді көре білу мемлекеттің ойдағыдай дамуы үшін негіз болып табылтыны атап көрсетіледі.
Экономикалық және әлуметтік жүйелерді өзгерту кезінде аумақтардың дамуында мемлекеттің реттеуші ролі едәуір әлсіреді, ол ең алдымен аймақтық дамуға арналған мемлекеттік инвестициялардың қысқаруымен көрінді. Бұл жекеленген аймақтардың экономикасына теріс ықпалын тигізді, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі, өндірістік және көлік инфрақұрылымының дамуы бойынша аймақтар арасындағы айырмашылықтар ұлғайды. Республиканың бұрынғы жоғары білікті кадрлары бар, халық тығыз орналасқан дамыған аймақтары өндірістің терең құлдырауы мен демографиялық дағдарысты бастан кешірді. Тоқыраған ауыл аудандары мен шағын қалалардың пайда болуы проблемаға айналды. Қазақстандағы экономикалық кеңестіктің әртектілігінен, аймақтардың нарықтық жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерінің елеулі айырмашылықтарынан өтпелі үдеріс созыла түсті. Аймақтық проблемалардың өсуі мен түрлілігіне келесі үдерістер елеулі ықпалын тигізді:
• Жаңа геосаяаттық және экономикалық кеңістікті қалыптастыру;
• әкімшілік-жоспарлы экономикадан мемлекеттің тұрақсыз реттеуіндегі нарықтық үлгісіне көшу;
• экономикалық дағдарыс;
• ерекше инфрақұрлымдық, өндірістік, гуманитарлық проблемалармен шекараға шектес жаңа аймақтардың пайда болуы.
Қазақстан да соның қатарына жататын біртұтас мемлекеттерде аймақтық саясатты орталық үкімет жүргізеді, ол макро-және микроқұралдарды тең дәрежеде бірдей пайдаландаы.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінде (1998-2000) негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді, тұрақты және орнықты мемлекеттік жүйе құрылды, болашық өсудің негіздер қаланды. 2001 жылы бірінші оңжылдықтың стратегиялық жоспары бекітілді, ол одан әрі бес жылдық кезеңге орташа мерзімдік индикативті жоспарлармен нақтыланды. Жалпы мемлекеттік жоспарда елдің даму стратегиясына сай келетін аймақтар дамуының басымдықтары мазмұндалады.
Қазіргі сәтте қазақстан орнықты экономикалық даму траекториясына шықты. Осы жағдайларда аймақтардың дамуына мемлекеттің араласуының мақсаты барлық аймақтардың тұрғындары өздері қалайтын әл-ауқат пен тұрмыс сапасына қол жеткізуде бірдей мүмкіндіктерге ие болатын экономикалық әрекетті кеңестікте ұйымдастару болады. Ел шаруашылығын кеңістікте ұйымдастыру туралы қамқорлық – мемлекеттің қызметі. Аймақтық дамуды реттеуі жүзеге асыруға барлық мемлекеттік институттар қатысады. Бірақ аймақтық проблемаларды шешу әрдайым олардың негізгі міндеттері бола бермейді. Сондықтан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мамандандырылған аймақтық бағдарланған әрекетті – аймақтық саясатты бөледі.


Аймақтық саясат: негізгі ұғымдар, мақсат-міндеттер.
Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол биліктің философиялық тұжырымдамасынан тарайды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастардың өзгеру кезінде аймақтық проблемаларды мемлекеттік реттеу әлемдегі көптеген елдердің дамуында маңызды роль атқарды. Түрлі мемлекеттердің аймақтық дамуын реттеудің зерттеулері мен әдістерінің аймақтық ішкі проблемаларға қолданылатын тәсілдермен ортақ белгілері бар, өйткені олар әлемдік бай тәжірибеге сүйенеді. Аймақтық даму аймақтың ішкі әлеуметтік экономикалық құрлымының прогрессивті өзгеруі.
Ұдайы өзгеріп тұратын дүниеде дәстүрлі аймақтық проблемалар жойылмайды, ал жаңа сапаға өтеді. Мүлде жаңа аймақтық проблемалар пост-ндиструиялық, ақпараттық қоғамға өту кезінде және экономиканың жаһандануына байланысты туындайды.
Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлуметтік және саяси дамуын кеңістіктік, аймақтық аспектте басқару жөніндегі әрекет саласы, яғни мемлекет пен аудандар арасындағы, сондай-қ аудандардың бір-бірімен өзара қатынастарымен байлнысты.
Дамыған елдерде ол ең алдымен елдің проблемалы аймақтарындағыәлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің және әлеуметтік және экологиялық шиленісті тоқтатудың құралы ретінде қаралады.
Аймақтық аясатпен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат – нақты аймақтар шектерінде өндіргіш күштер мен әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуын сабақтайтын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстардың жиынтығы өзара тығыз байланыста болады.
Түрлі елдердің аймақтық саясатының тәжірибесін ұдайы қорытындылайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым (ЭЫДҰ-ОЭСР), оны «түрлі аймақтардағы жұмыссыздық көрсекіштерінің немесе халықтың жан басына шаққандағы табысының елеулі сәйкессіздіктерін жоюға нысаналанған саясат» ретінде қарайды.
Қазіргі Қазақстанның аймақтық тұрғыда әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің динамикасын сақтайтын елдермен көптеген орталық проблемалары бар.
Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты - әлеуметтік жанжалдардың тууына есбеп болатын, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, немесе оның бөліктеріне, сондай-ақ елдердің топтарына кедергі жасайтын теңсіздіктерді барынша азайту. Нарықтық экономикалық елдердегі аймақ-зерттеушілер аймақтардың дамуына мемлекет араласуының екі бағытын даралайды:
Экономикалық мақсаттар:
• тұралаған аймақтардағы өндірісті жандандыру;
• өсу аймақтары мен тиімді кәсіпкерлік құру;
• аймақтық өндірістің бәсеке қабілетін арттыру;
• аймақаралық экономикалық интерацияны күшейту және т.б.
Әлеуметтік мақсаттар:
• халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
• халықтың табыстарын өсіру;
• ең артта қалған аймақтарда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрлымды дамыту;
• қоғамдық игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту және т.с.с
Эономикалық мақсаттар жалпы ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді де ұтымды пайдалануға қол жеткізуді көздейді. Аймақтіқ аспекттегі әлеуметтік әділдік принципінің түйіні былайша тұжырамдалады, азаматтар мен әлеуметтік топтар, тұратын жерлеріне қатыссыз жұмыс, табыстар мен қоғамдық игіліктер алу үшін бірдей мүмкіндіктерге ие болулары тиіс. Мәселен, ауылдық жердің халқы қала тұрғындарымен тең дәрежеде лайықты табыс табуға, медициналық қызметтерге, таза суға, санитарлық жағдайларын жақартуға, білім алу мен дұрыс тамақтануға құқылы. Осы принцип дамыған аймақтардан артта қалған және тұралаған аймақтарға қаржы ресурстарын қайта бөлу арқылы іске асырылады.
Нарықтық экономикалы елдердегі аймақтық саясаттың объектісі теңсіздік болып табылады, ол халықтын тұрмыс деңгейлері мен жағдайларынан, жұмыспен қамтамасыздықтан, аймақтардың экономкалық даму қарқындарынан, кәсіпкерлік жағдайларынан және т.б. көрінеді.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың субъектілері болып орталық пен аймақтардың заңнамалық және атқару өкіметтері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, аймақаралық қаымдастықтар бой көрсетеді.
Аймақтар дамуының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын теңестіру үшін орталық үкімет пен жергілікті өкіметтер пайдаланатын қаражаттар әркелкі: тікелей мемлекеттік реттеу, қызметтер секторын ынталандыру, шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлік пен технопаркетердің айрықша аймақтарын құру, инновациялық технологияларды ендіру және т.б. Қаражаттарды таңдау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуна, мемлекеттік құрылымның үлгісіне, ел ішіндегі проблемаларға, партияның билігіндегі мақсаттарға және т.с.с. байланысты болады. Аймақтық саясат тек экономикалық қана емес, сонымен бірге аймақтың әр түрлі қосалқы жүйелеріне мемлекет арасының нысанында көрінеді.
Аймақтық саясаттың келесі нысандарын ажыратады:
1. аймақтық болжау – қаржыландыру көздерін, экономикалық құрылымды және т.б. талдау негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жобаланатын бағыттары мен параметрлерін ғылыми болжау;
2. аймақтық бағдарламалау – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен аралық міндеттерін тұжырымдау, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетудің нақты мерзімдері мен ресурстардың қажетті шығындарын белгілеу арқылы аймақ дамуына нысаналы мақсатта араласу;
3. аймақтақ жоспарлау – қаржыландыру көздерін, тікелей орындаушыларды және т.с.с. көрсету арқылы жоспарлы кезеңге нақты міндеттер мен мақсаттар белгілеу.

Франция рыногтық бағдарламаудың классикалық елі болып саналады, онда негізінен индекативті сипат алатын экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары тұрақты қабылданып отырады. Жоспарлар ұлттық дамудың негізгі бағыттарын ғана көрсетумен шектелмейді, жоспарларда сондай-ақ аймақтық бағдарламаларды іске асырудың мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалып, ресурстардың қажетті шығындары белгіленді. Соғыстан кейінгі жылдарда осындай бағдарламаудың басты мақсаттары болып табылғандар:
1. «францияны орталықсыздандыру» - өнеркәсіп пен халықтың ұлттық астана – Парижде шамадан тыс шоғырлануы бәсендеду (сирету);
2. аграрлық департаменттерді индустрияландыру селолық жерлердегі коммуниалдық қызметтерді жақсарту;
3. тоқыраған хал-жағдайдағы ескіде игерілген аймақтардың өнеркәсібінің реконверсиясы (Солтүстік, Лотарингия);
4. аймақтық орталықтар – шығын және орташа қалалардың дамуын ынталандыру;
5. Барыстағы өнеркәсіп пен Орталық Массивтің басым дамуы және олардың оқшаулануын инфрақұрлымдық құрылыс арқылы жою;
6. шеткері аудандардағы ұшінші сектордің дамуы жөніндегі іс-шараларды қарқындандыру.
Аумақтық қайта жайластырудың бірінші ұлттық жоспары 1950 жылы әзірленді, онда ел аумаған ұтымды ұйымдастару проблемасы көрсетілді. Елді 22 экономикалық-жоспарлау ауданы құрылды. Солардың әрқайсысында аймақтық даму бағдарламаларын даярлауды, аумақтарды жоспарға сай орналастыруды және осы бағдарламалардың іске асырылуын бқылауды жүзеге асыратын экономикалық дамудың депортаменттік комитенттері құрылды. Барлық аудандар 7 ірі экономикалық аймақтарға топтастырылды.
Қалған жоспарлардың барлығында (олардың ұзын саны 8) аймақтық дамудың әр түрлі басым мақсаттары ұсынылады: Францияның «атлантикалық» фасадан көріктендіру, ескі өнеркәсіпті аудандарды жаңғырту, динамикалы аудандардың «орынды және бірқалыпты» даму қарқындарын қамтамасыз ету және т.б.
Аймақтық саясаттың қаражаттары мен нысандары көпшілік мемлекеттерде алмағайып табиғи жағдайлардағы, қалық шамадан тыс шоғырланған тоқыраудағы, ескі өнеркәсіпті, аграрлы аудандардың проблемаларын шешуге бағытталады.
Индистриялы дамыған елдердегі аймақтарды жіктеу кезінде келесі критерийлер пайдаланылады:
1. экономикалық даму деңгей;
2. аймақтардың экономикалық даму қарқындары;
3. шаруашылықтың аумақтық құрлымының үлгісі (тораптық және гомогендік аймақтар);
4. халық тығыздығының коэффиценті;
5. халықтың өсім қарқыны;
6. өндірістк мамандандырудың сипаты мен коэфиценті және т.б.
Амақтар жіктелімінде келесі терминалогия қалыптасқан:
• бұрын дамудың біршама жоғары қарқындарын көрсеткен, тоқыраған аймақтар;
• ең төмен немесе «нольдік» даму қарқындарымен өзгешеленгенетің тұралаушы аймақтар;
• пионерлік аймақтар немесе жаңа иегерілетін аймақтар;
• Микроаймақтар немесе бастапқа экономикалық аймақтар, одан әрі бөлшектеу кезінде олардың белгілерді жоғарлады;
• Бірінші қатардағы (немесе бас) экономикалық аймақтар, яғни елдің аймақтық макробөлу үлгісін жасайтын жоғары реттегі аймақтар;
• Бағдарламалық (жоспарық) аймақтар, мақсаттық даму жағдарламалары таралатын және аумақ бойынша шектері бірінғай кестедегі аймақтармен беттеспейтін аймақтар. Мәселелен, арал аймағының экологиялық апатты аймақтары ҚР-сынндағы төрт областың 17ауданының аумағының ауымағын қамтиды, олар: ақтөбе, Қызылорда, Өарағанды, Оңтүстік Қазахстан облыстарының мен Түркістан қаласы, тағы да барлық Орталық Азия республикасына ықпалын тигізеді;
• Бірегей (проблемалық және жобалық) аймақтар, дамушы елдерде екшеленетін және ірі жңа құрлыстарды асырумен байланысты немесе тым төмен даму деңгейімен сипатталатын (проблемалық) аймақтар. Мәселен, республиканың жаңа елордасы астана қаласының және қаржы орталығы - Алматы қаласының қаласының құрлысы.

Республикамен қамтамасыз етудегі, экономикалық даму деңгейіндегі және халықтың тұрмыс сапасындағы, инфрақұрлымның дамуындағы, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйіндег, әлеуметтік жанжалдың өткірлігіндегі кеңістікті айырмашылықтар дәрежелері жөніндегі әлемдік табельдегі жағдайларына байланыссыз барлық елдерге дерлік тән. Тіпті «үлкен жетілік» елдерінде де халықтың жан басына шаққандағы аймақтық табыс кейде штаттар, провинциялар және т.б. бойынша 30-50%-ға өзгешеленеді. Осы қарама-қарсылықтар дамудың экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық және тактикалық иақсаттарының үйлеспеушілігі салдарынан ұдайы және жаппай орын алып отырады.
ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 11 мамырдағы «Эконоимкасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы» № 561 Қаулысында ел халықының 15,6 %-ы тұратын 27 ауыл аудандары тоқыраған экономикалы аудандарға жатқызылды. Осы аудандар республиканың барлық аймақтарына орналасқан, соның ішінде Батыс Қазақстан обылысында -5, Шығыс Қазақстан облысында -3, Солтүстік Қазақстан облысында -9, Оңтүстік Қазақстан облысында -8, Орталық Қазақстанда -2. Осы аудандардың негізгі проблемалары көлік инфрақұрлымының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, сапалы ауыз сумен төмен қамтамасыздық, қолайсыз алмағайып экологиялық жағдай, жұмыссыздық және жұмыссыздықпен байланысты төмен деңгңйдегі тұрмыс сапасы,өткіз рыногтарының шалғайының және ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу мен өткізу бойынша инфрақұрлымның жетілмегендігі болды. Кейбір аудандар үшін қайта пайда болған шекаралық проблемалар өзекті мәселе болып табылады, олар – су ресурстарын, жер үлгстерін, аумақтың даулы учаскелерін ортақ пайдалану, халықтың ығысуы сияқты әрекеттер. Осы көрсетілген қаулыға сәйкес республикалық бюджеттің есебінен аудан орталықтарының инфрақұрлымына қолдау көрсету жөніндегі инвестициялық жобалардың тізімі белгіленді. Соларға мемлекеттік көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың нәтйжесінде 13 ауданда экономикалық белсенділік қалпына келтірілді.

Аймақтық саясаттың түрлері
Аймақтық саясат жүргізу кезінде мемлекет экономикалық мақсаттар мен міндеттерді іске асыра отырып, халықтың тірілігін әлеуметтік және экологиялық стандарттармен қамтамасыз етілді.
Экологиялық саясат. Аймақтық экономикалық сәйкессізтерді жұмсарту, ал бірқатар жағдайларда аймақтақ экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу қажеттілігі өсіп-өркендеген елдер үшін де, сондай-ақ әлемдегі ең нашар дамыған елдер ретінде БҰҰ тізіміне кірген барлық елдер үшін де тән. Осы мақсаттарды жүзеге асыру механизмдері әбден жетілген және мыналарды қамтиды:
• Мемлекеттің қаржылай көмегін;
• Жергілікті қаражат бөлуді, соның ішінде жеке капиталды ;
• Заңнамалық іс-шараларды; қаржы шектеулерін;
• Айыппұл санкцияларын және т.б.
Аймақтық экономикалық саясаттың объектеріне өндірістік қатынастар, е алдымен қоғамдық еңбек бөлудің бастапқы реттіндегі кәсіпоорын жатады. Аймақық эконоимкалық саясаттың тәжірибесі бірден бірнеше шараларды аралас пайдалануды жққа шығармайды.
Әлеуметтік саясат. Халық тұрмысындағы әлеуметтік айырмашылықтар елдердің басым көпшілігінде орасан үлкен. Аймақтық әлеуметтік саясаттың мәні түрлі аймақтар мен қоныс-мекен түрлерінің (әдетте қала мен ауыл арасындағы) арасындағы әлеуметтік ортаның тұрмыс деңгңйі мен сапасын теңестірумен түйінделеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі объектісі – бірінші кезекте социумның , отбасы мен ұлыстың өкілі ретіндегі адам, сондай-ақ адамдардың аумақтық қауымдары, олардың ішкі құрылымы, өндіріспен және қоршаған ортамен байланыстары. Қоғамдағы шектердің тым шартты екенін ескергенде, аймақтық әлеуметтік саясаттың объектері мен үдерістері экономикалық бағаларды да өзіне қосатын интегралдық тәссілді талап етеді. Жүргізілген әлеуметтік саясаттың нәтижесінде қол жеткен халықтың әл-ауқаты туралы АДИ сияқты интегралдық көрсеткіш бойынша жорамалдауға болады. Мәселен, ЕО елдері мен Орталық Азия аймағының елдерін салыстыруға болады. Эконоимкалық және әлеуметтік саясаты зертеу объектері бойынша емес, ал тәсілдер мен түпкі нәтижелер арқылы ажыратады.
Демографиялық саясат әлеуметтік саясаттың ерекше саласы болып табылады және ол әдебиетте дербес мәртебе алып үлгерді. Ол аймақтар үшін ерекше мақсаттарға қол жеткізу үшін халықтың табиғи және механикалық қозғалысына экономикалық, әкімшілік-құқықтық, насихаттау және профилактикалық шаралардың көмегімен мемлекеттің араласуын білдереді.
Экистикалық (қоныстану) саясаты. Экистика – геожоспарлаудың теориялық бөлімі, ол – табиғи, экономикалық, сәулет-құрылыстық және инженерлік факторлар мен жағдайларды есепке алу арқылы өндірістерді, коммуникация мен қоныстану органдарын оңтайлы орналастыру жолымен аумақтарды (аумақтық ресурстарды) тиімді пайдалыну жөніндегі ғылымй. Көптеген батысеуропалық мемлекеттер аумақтарының шектеулілігі олардың үкіметтері мен жергілікті басқаруы органдарын қалалық, сондай-ақ селолық мекендердегі жер учаскелерін ұтымды аайдалану мәселеріне ерекше назар аударуға мәжбүрлейді. Қаржы-эконоимкалық тетіктер мен әкімшілік-құқықтық санкциялар кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасы аумағының ұланғайыр байтақтығы, көлемдері шағын елдермен салыстырғанда, мұнда белсенді экистикалық сасат жүргізудің зәру мәселе еместігі жөнінде кейде жалған түсінік туғызады. Соған қарамастан орасан байтақ кеңістігі бар нақ осы Қазақтанда, көреген, ғылыми негізделген мекендендіру саясаты өзекті мәселе болып табылады және елеулі қаражаттарды үнемдеуге септігін тигізе алады.
Эколегиялық саясат. Қоршаған орта сапасының нашарлауы (детериорация) әрқашан айқын көрінетін аймақтық сипат алады, ол елдер мен аймақтардың шаруашылық мамандануындағы айырмашылықтарына, сондай-ақ экологиялық ортаның сапасын мемлееттердің реттеуіндегі бірдей мүмкіндіктердің болмауына байланысты. Осы себептен нысаналы аймақтық экологиялық саяат жүргізу императивке айналып отыр. Қазіргі заманғы дүниедегі экологиялық саясат – мемлекеттердің сыртқа және ішке саясаттарының ажырамас бөлігі және ол қоғамдық өндіріс үдерісінде табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруды; адам әрекетінің келеңсіз салдарларынан табиғатты қорғауды; халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтиды. Аймақтық деңгейлердің көріністері бойынша экологиялық саясат жаһандық, ұлттық, аймақтық салаларға бөлінеді.
Ғылыми-техникалық саясат. Осындай саясат түрлерінің бір – техникалық-ендірмелік аймақтар – технополистер мен технопарктер құру. Олар мемлекеттің ерекше қолдау көрсетуін пайдалынатын зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар шоғырланған аумақтар. Олар негізіен ғылыми орталықтардың базасында ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру