Пән: Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 9.1.2.2 ¬ азаматтық қоғам институттарының ролі мен маңызын анықтау Сабақ мақсаттары: • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды; • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу; • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;.......
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады. Демократияның негізгі көрінісі ретінде Үкiметтiк Емес Ұйымдар қоғамда маңызды орын ала бастады. Қазіргі таңда бұл сектордың дамуы белсенді түрде жүріп жатыр. Азаматтық қоғамның негізгі элементі, еліміздің тұрақты саяси дамудың кепілі болып саналады. Халықтың негізгі әлеуметтік мәселелерімен айналысатын бұл сектор өз жұмысында мемлекеттен гөрі, жаңа методпен қатар мәселені шешілуде иновациялық технологияны пайдаланады. Мықты азаматтық қоғам құру тікелей Үкiметтiк Емес Ұйымдармен байланысты. Саяси даму динамикасы мен саяси процеске ықпалын тигізетін бұл қоғамның негізгі құрылымын бөлшектеп зерттеуді қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда мықты азаматтық қоғам құру басты ахуалдың бірі. Біздің еліміздегі олардың пайда болу тарихы, қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметін орын анықтаумен бұл сектордың жүйелі түрде зерттелуі өзекті мәселенің бірі болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бұл тақырып отандық және шетелдік зерттеушiлермен қатар ерте грек қоғамының ойшылдармен зерттелген болатын. Сонымен қоса әлемдік саясаттану ғылымының атақты өкілдері өз үлесін қосты. Азаматтық қоғамның зертелуі қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселенің бірі болып табылады. Азаматтық қоғам туралы жалпытеориялық пен методологиялық дамуын қарастырғандар ішінен атап кететін зерттеушілер Друкер П. (1), Казаков О. (2), Либоракина М., Якимец В. (3) Қазақстанның зерттеушілері «үшінші сектор» мәселелерін, қоғамдағы алатын орны мен әлеуметтік, саяси ықпалын анықтауға үлкен үлес қосқандар ішінен, Абишев К.А. (4), Аяған Б.Г. (5), Байдельдинов Л.А. (6), Машан М.С. (7), Джунусов А.М. (8), Мухамедов М.Б. (9), Кушалиев Г.А. (10), Жусупова А.Д. (11) және т.с.с. Үкіметтік емес сектор туралы ҮЕҰ-дардың белсенді жетекшілерінің еңбектері құнды болып келеді. Оларды атайтын болсақ олар В.Сиврюкова (12), қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдардың Алматы қаласы бойынша басшысы, Думбаев А. (13), Франц И. ҮЕҰ-дардың пайда болуың, оның тарихы жөнінде «Спектор развития» мерзімді басылымының редакторы И.Франц еңбегі мол. Бұл мерзімді басылым түгелімен азаматтық қоғам құру мәжілісі мен ҮЕҰ-дарға қатысты болып келеді. Азаматтық қоғам мәжілісі бойынша алғашқы ойларын грек қоғамының өкілдері бiлдiрген болатын. Олар Платон (14), Аристотель (15), Антика әлемінің зерттеушiлері сол тұжырымдарды зерттеп, өз зерттеулер жазған ішінен Утченко С.Л. (16), Кнабе П.С. (17) жатады. Азаматтық қоғам теориясын қалыптастырудағы айырықша орын алатын кезең Европаның жаңа заман мектебінің өкілдері Дж Локк (18), Гоббс Т. (19), Г. Гегель (20) жатады. Қазақстандағы азаматтық қоғам методологиялық пен теориялық жағынан зерттеулер де аз емес. Олар, ең біріншінің ел басшысы Н.А.Назарбаевтың еңбектері жататынын айтып кетуіміз жөн (21). Сонымен қоса Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының зерттеушілері азаматтық қоғам мәселесіне байланысты «ANALITIC» деп аталатын мерзімді басылымда көптеген мақалалар жариялаған. Деректік базасына келетін болсақ, олардың ішінен ел басының халыққа әр жыл сайын жолдаулары, заңды актілер, Үкіметтік Емес Ұйымдардың бағдарламалары, азаматтық формуда сөйлеген баяндамалары ғылыми жұмыс жазылу барысында дерек көзі ретінде пайдаланды. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: осы ғылыми зерттеу жұмысты жазу барысында алдыма қойған мақсаттарым: 1. Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эвалюциясы 2. Азаматтық қоғамдағы еріктілік 3. Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы Ғылыми жұмыстың міндетіне осы алдыма қойған мақсаттарымды жан-жақты зерттеп, толығымен жүзеге асыру. ....
Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, ДЛокк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті. Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудіңбилігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш.Л.Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді. Қоғамның дамуы ұлы ойшылдардың прогрессивтік-құқықтық идеяларының дұрыстығын және қажеттігін мойындап ғана қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған құқықтық құжаттарға енгізіледі. Атап айтқанда АҚШ-тың 1787 жылы қабылданған Конституциясы, Ұлы Француз революциясының «Адам және азамат декларациясы» (1789) аталмыш идеяларды норма ретінде бекітті. XX ғасырдың басында Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары Еуропаның, АҚШ-тың демократиялық құқықтық құжаттарын ой-саналарына сіңіргендіктен өздерінің идеяларында қазақ қоғамында да демократияның енгізілуін қалады. Мысалы, ірі қоғам қайраткері, отарлық саясатқа қарсы белсенді күрескен Барлыбек Сыртанов өзінің 1911 жылы жазған «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбегінде Еуропа ойшылдарының прогрессивтік идеяларын қазақ қоғамына қажетті екенін дәлелдеді. ....
Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы», - дейді. ....
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-тендігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғынға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық-демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникациянын, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалык, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіңдік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі белік бірін-бірі толықтыра отырып емір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, тәртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқа-растар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы түрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Өзінің бастауын тану — адамзат болмысының маңызды құбылысы болып табылады. Бәрімізге белгілі, әрбір ұрпақ тарихты өзіне жаңаша ашады. Антика мәдениетіне байланысты жоғарыда айтқанымыздың туралығын дәлелдей аламыз. Ол үшін Ренессанс (Қайта өрлеу) дәуірін еске алсак жеткілікті. Грек-римдік көне антикалық мәдениеттің жетістіктеріне арқа сүйеген Ренессанс мәдениеті бүкіл Еуропаның болашағына тірек болған ұлы мәдени кезеңдердің біріне айналды.....
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ», – деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.....
Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірустратегиясынасәйкес әзірленді. Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған. Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады. ....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Өткен жүзжылдықта саяси ойлардың классиктерімен қаралған «Азаматтық қоғам» ұғымы антикалық полистердің феноменімен шықты. Полис гректер үшін ерікті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепіл болатын қоғамдық өмірдің саласы. Полис-ең алдымен азаматтарды оған біріктіретін қоғам, сонымен бірге осы қоғамды қалыптастыратын материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы. «Полис» термині әдетте адамдарды топтастырушы аудармада «қала мемлекет» ретінде беріледі, бірақ ол сол сияқты «азаматтық қоғам» терминінің семантикасын да береді.....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері....
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада тарихта болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адам-гершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Мон-тескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлса-фашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорация-ларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өмір-шеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар-дың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтама-сыз етуге зор мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді....