Тарих | Түркі ғұламаларының адамгершілік туралы түсініктері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Адамгершілік сезім тақырыбы ғылыми зерттеу нысыны ретінде тұтастай алып, талдауды қажет етеді. Бұл-адамзат баласы дүниеге келгеннен бастап бүкіл жұтшылықты толғандырып келе жатқан күрделі мәселе.Адам өмірінде адамгершілік мұраттардың көрініс табуы көне заманнан желі тартып келе жатқан күрделі мәселе.
Адамның дүниеде болуы оның рухани құндылықтарымен анықталатындығына ертеден назар аударылып келсе де, ХХI ғасыр үшін бұл сұрақ адамзат тағдырын шешер негізгі мәселелердің бірі бодып саналмақ.ХХI ғасырдың көкейкесті мәселелері тоғысқан кеңістігінде тұрған адамзат болашағын бағыттауға қажетті рухани күш, ізгі ілім, адамгершілік сезім туралы нақыл сөз, өшпес үлгідегі ақыл-кеңестердің көне мұралардан табылып, танылуы- мәдениетіміз тіліміз бен дініміздің бүгініне, ертіңіне де негіз әрі тірек болары белгілі. Қ.А. Яссауи, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Әл-Фараби секілді түркі ғұламаларының адамгершілік сезім туралы терең ой-пікірлерін жинақтап, зерттеп келешек ұрпаққа жеткізу- бүгінгі ұрпақтың міндеті екені анық. Сондықтан, демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-философиялық тұрғыдан зерттелінуін қажет етеді. Ортағасырлық мәдени туындылардың қайсібіріне болмасын ықпалын тигізбей қоймаған Ислам дініндегі қазақ дүниетанымындағы ізгіліктік идеяларымен үндестігінің мәнін ашықтап, талдау – тақырыптың өзектілігінің мәселенің маңызды тағы бір қыры. Адам тақырыбын нысанаға алып, адамзаттық ізгілік ілімін кеңінен де тереңнен де байта білген дамыта білген философиялық, әдеби және ғылыми еңбектерін дүниеге келуіне негізгі себеп – Ислам дінінің игі әсері екендігіне назар аудару қазақ дүниетанымындағы ізгілік ілімін жан дүниесін дұрыс түсінуіміз үшін, қазіргі, бар рухани мәдениетіміз жоғары болуы шарты қайта айналып көне мұралар мен түпкөздерге тоқталары анық. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Топырақтың адамзат үшін маңызы

Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

Анатомия | Мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызы

I.Кіріспе.
Бұрынғы кездерге қарағанда, қазіргі кезде мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызына өте зор көңіл бөлінеді. Мыс – барлық тірі организмдер үшін орны толмас элемент болып табылады.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады. Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды. Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады. Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Мына 4 адамның ұстаған оразасы қабыл болмайды

Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн бойы аузын бекітіп, ораза тұтқан әр мұсылман қашан да Алланың назарында жүреді. Дей тұрғанмен, оразаны таңнан қара кешке дейін аш жүру деп ұғатындар да жетерлік. Ораза ұстағанымен, өзін ұстай алмаған адамдардың ниеті де.....
Кеңестер
Толық

Адам құқығы | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы

КІРІСПЕ
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Кіріспе
Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Конституция | Қоршаған қолайлы ортаға деген адам мен азаматтың құқығын конституциялық құқықтық тұрғыдан реттеу

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.
Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру әрбір ұрпаққа тән адамның табиғи, ажырамас құқығы екенінің конституциялық жағынан танылуы оның кепілдігін, заңдық тұрғыдағы әдістері мен тәсілдерін бекітуге бағытталған келесі қадам болуы табылады. Бұл ретте Қазақстандық заң шығарушылардың іс-әрекетінде адамның өмірі мен денсаулығын қорғауын, тұрғындардың қолайлы қоршаған ортада өмір сүруін, еңбек етуін, демалуын қамтамасыз етуге бағытталған принциптер қамтылуын тиіс.
Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Адам мінезі туралы деректер

Сіз бір сәтке болсын айналаңыздағы адамдардың мінез-құлқы туралы ойланып көрдіңіз бе? Қоршаған орта факторлары адам мінезіне тікелей әсер етеді. Олардың сырына үңілу арқылы жеңіл өмір сүруге дағдылануға болады.

♦ Ағзасында тесторен деңгейі көп адам өзгелерді ашуландыру арқылы ләззат алады.

♦ Өзіне сенімсіз адамдар өзгелердің дәрежесін түсіріп, оларды балағаттау арқылы бұл мінездерінен арылғысы келеді. Мысалы, IQ тестін нашар тапсырғандықтарын естіген студенттер ұлттық және діни қақтығыстар мен таңдаулары туралы көп айтатын жандар болып шыққан.

♦ Адамдар психолог мамандардың "Төмен дәрежелі адамдар ғана өзгелер туралы жаман пікір мен өсек сөз айтады" деген пікірімен келіспейді. Шындығында олар өзгелердің дәрежесін түсіріп, ұялту арқылы өздерін жоғарылатқысы келеді. ......
Кеңестер
Толық

Әйелдің ер адамға ұнамайтын әрекеттері

Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен?

✅ 1. Біз сүйіктімізге күніне мың рет қоңырау шаламыз. Ер адам жұмыста болса да, оны жұмысынан алаңдататынымызды білсек те, түсінгіміз келмейді. Қоңырау шалғанда, телефонын көтермесе, ашуға булығып, сүйіктімізбен санасудан бас тартамыз. Бұл ісімізді "оған қамқорлық танытып жатырмын" деп ақтап алғымыз келеді. Осы дұрыс па?

✅ 2. Құрбымызбен телефон арқылы сағаттап сөйлесуді ұнатамыз. Сүйіктіміз жанымызда отырғанда, құрбымызбен әр нәрсені бір айтып, телефонмен сөйлесеміз. Бұл қылығымыз ер адамды ренжітеді. Өйткені еркектер үнемі назарда болғанды қатты жақсы көреді. ......
Кеңестер
Толық

Құлпынайдың адам денсаулығына пайдасы

Құлпынай жемісін көбіне махаббат, сұлулық, жастық жемісі деп атайды. Ал оның не үшін олай аталатынын бәріміз бірдей біле бермейміз. Оның сырын білгіңіз келсе, мына мақаламызды мұқият оқып шығыңыз. Өйткені біз бүгін сіздерге бұл жемістің адам денсаулығына пайдасы туралы айтатын боламыз.

1. Құлпынай жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады

Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болып жатқан адамдар саны күн санап көбейіп келеді. Егер бұл жемісті өзіңіздің ас мәзіріңізге қосатын болсаңыз, аталмыш аурудың алдын алуға болады. Өйткені оның құрамында холестерин деңгейін төмендететін эллаговалық қышқыл бар. Сонымен қатар құлпынайдағы С дәрумені қан тамырларын қалыпты деңгейде ұстайды. ......
Кеңестер
Толық