Жолың болсын балдырған

Ертегінің мақсаты: Оқушылардың жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі гүлдер, шарлар, құстар ілінеді.
(Әдемі музыка әуенімен оқушылар залға кіреді).
Ән ұран
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздер мектепалды даярлық сынып шәкірттерінің «Жолың болсын, балдырған!» қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.
Құттықтау сөзін мектеп директоры: Бірманова Қымбат Исланбекқызына береміз.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Лаззат Шәкейқызына береміз......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жыл басы - Наурыз

Мұғалім:
― Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады. Халық бір - бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе - теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.

1 - жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. (шашу )
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Жұлдызқұрт жасау

Мақсаты: Балаларды бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды үйрету. Жәндіктердің тіршілігі мен түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жіп, қалампыр, спагетти, қамыр, таяқшалар, майлықтар, түрлі түсті қамыр.
Білу: қамырдың құрамы – су, тұз, ұн, май. Бояу. Мүсіндеудің түрлері – алақан арасына салып жаю қимылдарын түсіндіру.
Игеру: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, бүтінді бөлшектеуді, бөліктерді біріктіруге, белгілі бір орынға орналастыруды. Мүсінделген дөңгелек бөлшектердің үлкенінен кішісіне дейін, қосымша материалды қажеттілігінше қолдануды.
Меңгеру: Жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы түрлері туралы мәлімет беру. Әр түрлі мөлшердегі заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Дәлелдеу. Ояту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Ана біздің күніміз

Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

Жүрісі:
Тәрбиеші: - Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана біздің күніміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Құстар

Мақсаты: 1) Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың пайдасын түсіндіру.
2) Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
3) Табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, ойын - жаттығулар, көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді сабақты тиянақтау
1. Көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы сұрақ - жауап.
2. Көктем айлары.
3. Көктемдегі мерекелер......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Кішкентай ару - 2013

Мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін - өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету.
Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары:
1. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
2. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап)
3. «Шебердің қолы ортақ» (гүл қиып жапсыру)
4. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
6. Сән үлгісін көрсету
Мұғалім сөзі: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Алтын күз

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, қанатты сөздер, сарғайған жапырақты ағаштар, жапырақтар, құстардың суреттері, техникалық құрал.

Жүрісі:
Залдың іші шарлармен, қанатты сөздермен, жерде жатырған жапырақтармен, ағаштармен,
суреттермен безендірілген. Әдемі әуен ойналып, балалар орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші:
- Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық сынып балалары дайындаған
«Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Отбасым – бақыт мекені

Бөлімі: Өзін – өзі тану
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз

Сабақтың мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- достық қарым - қатынастарын нығайту;
- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра қояйық.
«Қазақстан - ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.
Тілейміз – бейбіт күн
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көкөністер

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Көкөністер
Мақсаты: күз айлары молшылық, береке сыйлайтын мезгіл екенін, көкөністер мен жемістердің пісіп, жиын - терін болатынын түсіндіру; заттың нұсқасына қарай отырып мүсіндеу дағдыларын бекіту; ермексазды көкөністің түсіне сәйкес таңдай алуға үйрету.
Керекті құралдар мен материалдар: жемістер мен көкөністер муляждары, дайын үлгі ретіндегі көкөністер, ермексаздар, тақтайша, таяқша, қолорамал.
ОІӘ - інің барысы: І. Ұйымдастыру.
Балалардың назарын сабаққа аударту. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық