Әдебиет | АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат - мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.....

Рефераттар