Отты жылдар жаңғырығы

Мен соғыстым, жоғалды жолдасым көп,
Өмірде жауыздықтар болмасын деп.
Мен жеңдім, жаралы ормандарға,
Жаралы құстар келіп қонбасын деп.
Мұқағали Мақатаев
Біздің халқымыз қай уақытта да өз намысын, өзініңелімен жерін, Отанын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған халық. Қандай да қиындыққа төзген, мойымаған, оны жеңе білген. Осындай зұлматтың бірі – Ұлы Отан соғысы. ҰлыОтан соғысы басталғанына биыл 75 жыл болды, ал Жеңіске 71 жыл толмақ. Осыншама жылдар өтсе де бұл қырғын соғыс, оның салған жарасы, халқымыздың естен кетпес ерлігі ұмытылмайды.
Рас, қайғы-қасірет бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен, әр адамға бір қайғы
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, - деп ақын Мұқағали жырлағандай сол бір сұрапыл жылдар тарихта өшпес із қалдырды. Біз XXI ғасыр ұрпағы, қазіргі заманның жастары 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жайлы тек тарихтан ғана білеміз кітаптан оқып, кинолардан көреміз. Сол зұлмат жылдардағы халықтың тартқан тауқыметін соғыстан жеңіспен аман-есен оралған ата-әжелеріміздің әңгімесінен естідік. Елге қауіп-қатер төнген отты жылдарда, сын сағатта біздің Қазақстаннан барған ерлеріміз де Отан үшін, Ел үшін,Жеңіс үшін жандарын пида еткен. Қазақстаннан майданға шақырылған мыңдаған адамдардың көпшілігі ұрыс даласында ерлікпен қаза тапса, кейбіреуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Кеңес одағы Батыры атағын алған 500қазақстандықтардың ішінде Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов, С. Луганский Батыр атағын екі мәрте, ал Шымкенттегі Чугуев әскери училищесінің түлегі И. Кожедуб үш мәрте иеленіпті.....
Шығармалар
Толық

Жеңіс жолы жалғасады

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Шығармалар
Толық

Біздің көше батыры

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс-уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап. Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген адаммен сұхбаттасқанды жөн көрдім. Жеңіс үшін өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай. Сондай ержүрек батырлардың бірі - менің жерлесім, Құлсары қаласының тұрғыны Әбдірахман Елубаев.
- Сәлеметсіз бе, ата! Маған сіздей ұлы адаммен кездескен, сіздей батырды көзбен көрген үлкен қуаныш! Менің сіз туралы, соғыс туралы барлығын білгім келсе де, сіздің мазаңызды ала бермей, сұрақтарымды нақты, қысқа қоюға тырысамын. Ата, сіз соғысқа қалай шақырылдыңыз,қандай жерлерде ұрыстыңыз?......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырығы

Ұлы Жеңіске биыл 75 жыл толып отыр.
Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлиндегі Рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз, Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс.
Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.
Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ, кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.......
Шығармалар
Толық

Мәңгі жаса менің Қазақстаным!

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамбелиясы мен Конститудциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын ерекше атап өткен болатын.Ұлы жеңіске биыл 71 жыл толып отыр.1945 жылы 9мамыр күні дәл осы шаттық хабарды есітіп тұрып, бүкіл әлем шаттыққа бөленіп, теңселіп кетті.Кеңес Одағынынң тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста-1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмытылған... Миллиондаған адамдар мерт болды.Миллиондаған адамдар мүгедек болып, өзінің жақындарынан көз жазып қалды. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһармандар, қаншама ер жүрек батырлар бар жан-тәнімен, мына жарық өмір үшін аянбай ұмытылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті ортасы.Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір қадамы, жеңісті жақындата әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ.Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігін тек қана кітаптардан, кинолардан көре аламыз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерліктерін-бағалай білу қажет. Соғыс жылдарында біздің ата –бабаларымыз өздерінің ерліктерімен қазақ халқының батырлығын әлемге паш етті. Қазақұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз......
Шығармалар
Толық

Ұлы Жеңіске тағзым

Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып,
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып?
Ж.Молдағалиев
Соғыс... Бұл –үлкен қасірет. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін күйретуші күш! Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Әркімнің көзінен жас, жүрегінен қан ағызған сұрапыл жылдар. Талайды жақындарынан, туған бауырларынан айырған, сүйгендерінен қол үздірген, ардақты аналарды бауыр еті балаларынан ажыратқан соғыс жылдары жетім мен жесірдің санын көбейтпесе, азайтпады. Әр ай сайын жақындары майданға кеткен сарбаздардан хат күтетін. Бірақ хат орнына қара қағаз келмесе екен деп жаратқанға жалбарынатын. Себебі әр апта сайын бір қазақ ауылына ондаған қара қағаз келетін. Қара қағаз майданда сарбаз мерт болса ғана келеді. Ал жақындарының мерт болғанын кім қаласын? Әрине, ешкім де ондайды қаламайды ғой!......
Шығармалар
Толық

Қыз емес, қызыл от боп жаратылған

Мен қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметовамен жерлес болғанымды, бөкейлік болғанымды мақтан етемін. Мәншүк (Мәнсия) Жеңсікәліқызы Мәметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Екінші дүниежүзілік соғыста осы жоғарғы атаққа ие болған шығыстан шыққан екі қыздың бірі. Алғашқы қазақ зиялыларының бірі А.Мәметовтың отбасында тәрбиеленген. Алматы медициналық институтында оқып жүріп, Кеңес армиясы қатарына өз өтініші бойынша алынған. Мәншүктің майданға өз еркімен аттануының бір себебі- халық жауы ретінде әкесін босату еді. Соғысқа өз еркімен келгенін, енді әкесін босатуын талап етіп И.Сталинге үш рет хат жазады. Алайда, Мәншүк бұл уақытта әкесінің атылып кеткендігін білген жоқ еді. 1942 жылы тамыз айында өзінің табандылығының арқасында Алматыда құрылған 100- атқыштар бригадасының құрамында майданға келген Мәншүк әуелі штабтағы хатшылық қызметте жұмыс істейді.
Ұрыс алаңына бір-ақ түсем деп ойлаған Мәншүк бұл жұмысқа қанағаттанбай, штаб бастығынан атқыштар бөлімшесіне ауыстыруын өтінеді. Оған рұқсат етілмеген соң 1943 жылы ақпан-шілде айларында табиғатында зерек қыз «максимді» меңгеріп алады. 1943 жылы қазан айында азат етілген ежелгі орыс қаласы Невельді қайтарып алуға тырысқан жау әскері қайта шабуылға шығады. Невель үшін кескілесе жүріп жатқан ұрысқа Мәншүк бригадасы да кіреді. 15 қазан күні олар алдымен Мәскеу-Ленинград темір жолы бойындағы Изочи станциясын басып алады. Алайда екі-үш есе күшті қаруланған жау біраз жауынгерлерді жойып жібереді......
Шығармалар
Толық

Әлия Отанына болған мақтан

Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі № 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, 1943 жылы мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылдың тамыз айынан 2- Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники теміржол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт- Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған аулында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында Әлияға арналған мұражай бар. Оның өмірі мен ерлігі жайында ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» повестерін жазды. Молдағұлова туралы «Мергендер» атты фильм түсіріліп, балет шығарылып, «Әлия» әні туды. «Әлия» әні ән көгінде кәрі-жас ұйып тыңдайтындай ән маржанына айналды. Бұл мәңгі жас Әлияға арналған әнмен қойылған ескерткіш еді. Мәншүк, Әлия бүгінгі күні жас ұрпақтың табынары, ерлік пен елдіктің, сұлулықтың символы.......
Шығармалар
Толық

Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық

Менің атам Отан үшін от кешкен

Мамыражай бейбіт таңның бірі еді. Кенет батыстан от шарпыған қара түтін бұрқ етті. Дүниедегі өмір сүйгіш,тыныштық сүйгіш жүректер солқ етті.Адам да, жан-жануар да,жаңа ғана гүлге орана бастаған дала да күңіренді.Аналар аңырап,азаматтар күрсініп, балалар ұлардай шулап жатты. Әдемінің бәрін түтінге орап,тәтті сезімдерді мұңға айналдырған неміс фашизмі ашқан соғыс еді... Осы қанқұйлы соғысқа біреу жалғыз ұлын,біреу бауырын ,енді біреу сүйікті жарын қимай аттандарды. Отан қорғау-ұлы міндет. Бірақ тыныштықты, әсемдікті аңсаған Әйел-Ана жүрегі соғыс деген сұрапылға ерлерді езіле, егіле аттандырып жатқан-ды.Сол аттанған ердің бірі менің атам-Айтжан Ділешұлы. Айтжан атам 1917 жылы 1 қаңтарда Орда құмында дүниеге келген. Арғы аталарынан сынықшылық қасиет қонған отбасында үш қыз (апалары Нұржамал, Жұмаш және қарындасы Сақила) және жалғыз ұл менің атам- Айтжан тәрбиеленіп өскен. 1938 жылы әскерге шақырылған, атам Прибалтикада әскери қызметін өтеп, 1940 жылы елге оралған соң «Әжен»№88 түйе заводында бригадир болып қызметке тұрады. 1942 жылы соғысқа аттанады. Жапонияға қарсы соғыс ашылғанда Қытай халық Республикасында Манчужурияда және Жапонияны фашистерден азат етуге қатысқан.Сол кезде «Жапонияны азат еткені үшін» деген медаль берілген. 1946 жылы елге оралған......
Шығармалар
Толық