Арғымақтың баласы Арығанын білдірмес, Арқамнан қосым қалар деп. Ағыны күшті ақ дария Қаһарланып толқиды, Қанатын күн шалмаған балығым Ортамнан ойран....
Аймақ та аймақ, аймақ көл Дария болып шалқымас Аяғы төмен аққан соң. Айдан жарық нәрсе жоқ - Сәулесі түспес жаһанға Қараңғы түнек жапқан соң. Арыстаннан күшті....
Мінгені Исатайдың ақтабан-ай, Сүт беріп, сұлы беріп баптағаны-ай. Зеңбірек үш атқанда дарымады, Құдайдың міне қара сақтағаны-ай! Мінгені Исатайдың көгілдірді-ай, Әскерін Барша құмғап....
Арғымақтан туған қазанат - Шабуыл салса нанғысыз. Қазанаттан туған қаз мойын - Күніне көз көрінім жер шалғысыз Айырдан туған жампоз бар - Нарға жүгін салғысыз. Аруанадан туған мая бар - Асылын айуан десе....
Жаңа зейнетақы реформасы аясында ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады.
Бұл туралы бүгін Астанада Отбасы күніне арналған халықаралық конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
"Әйелдер 2028 жылдан бастап 63 жастан зейнетке шығады. Ал 2018 жылдан бастап зейнетке шығу жасына жарты жылдан қосылып отырады. Сондай-ақ, көп балалы әйелдерге зейнетке ертерек шығуы үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі", - деді Тамара Дүйсенова.
Оның айтуынша, экологиялық зардабы мол аумақтағы әйелдер 45 жасында зейнетке шыға алады, ал ауыр жұмыс істеген әйелдер зейнетке 50 жасында шығады. "Зейнетақы қорында жеткілікті мөлшерде ақша болған жағдайда әйел зейнетке ертерек шыға алады", - деп толықтырды ол.