Махамбет Өтемісұлы (Аймақ көл)
Аймақ та аймақ, аймақ көл
Дария болып шалқымас
Аяғы төмен аққан соң.
Айдан жарық нәрсе жоқ -
Сәулесі түспес жаһанға
Қараңғы түнек жапқан соң.
Арыстаннан күшті аң болмас -
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой -
Аңдыған бөрі жемей ме
Иесі ұйықтап жатқан соң?!
Шақырғанмен келер ме
Кешегі менің арыстаным,
Өзі шын барар жерін тапқан соң?!
Егізінен айырылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң.
Дария болып шалқымас
Аяғы төмен аққан соң.
Айдан жарық нәрсе жоқ -
Сәулесі түспес жаһанға
Қараңғы түнек жапқан соң.
Арыстаннан күшті аң болмас -
О да өледі, жігіттер,
Мергендер таңдап атқан соң.
Алалы жылқы, ақтылы қой -
Аңдыған бөрі жемей ме
Иесі ұйықтап жатқан соң?!
Шақырғанмен келер ме
Кешегі менің арыстаным,
Өзі шын барар жерін тапқан соң?!
Егізінен айырылып,
Мен бір аққу болдым халықтан соң.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи махамбет отемисулы на казахском языке, Қазақша өлең: махамбет өтемісұлы, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисов стихи на казахском языке скачать, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке