Тарих | Қазақ еңбекшілеріне жерлерін қайтарып беру туралы заңдар

Кіріспе
Лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, орыс жұмысшы табы мен қазақ еңбекші шаруаларының одағын нығайтуда 20-жылдардың басындағы жер реформалары ерекше маңызды роль атқарды.
Өлкеде жердің біршама көптігіне қарамастан патша өкіметінің жерді жаппай әрі жөн-жосықсыз тартып алуы маусымдық жайылымдардың аумағын күрт тарылтты, жер пайдалану шекаралары ауысты, малды жая жүріп көшетін және суға жететін жолдар жабылып қалды, көшпелі аудандарда қазақ еңбекшілерінің үлкен-үлкен топтарының пайдаланып отырған шүйгін жайылымдары, ал отырықшы аудандарда — арықтар мен каналдар жүйелері бар суармалы жерлері тартылып алынды.
Жер мәселесіндегі отаршылдық саясаттың зардаптары патша өкіметінің Жетісу, Сібір және Орал қазақ әскерлеріне алып берген территорияларында ерекше ауыр болды. Жайылымдарды, шабындықтар мен егіс алқаптарын, қыстауларды пайдаланғаны үшін қазақ халқы көп аренда ақысын төледі, егін алқаптарында еңбек етіп, қазақ ұлықтарының малын бақты, астықтың недәуір белігін бөліп берді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

Қабілет жөнінде түсінік.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандайда қызметті орындауы қажет жэне сол істің тиімді нәтижелерін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс.Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психологиялық табиғатына ие болудан, екіншіден әркімде өз алдына « қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті » деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ олардың біріде шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі құбылыс емес, екіншісі баршада бірдей көрініс эрекет қабілетінің табысты іс-әрекетінің байланыстылығын баса айтумен, тиімді нэтижеге негіз боларлық дара өзгермелі адам қасиетінің шеңберін тарылта қарастыру керек. Қабілетсіздерге қарағанда қабілетті адам іс-әрекеттерді тезірек меңгереді, қажетті мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішінде әр түрлі психофизикалық қызметтермен психикалық процесстерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі бірігім. Адамның сыртқы білім жэне әрекеттерінде көрінгенмен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы: тұлға техникалық және білім жағынан күшті қызметтке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нэтиже беруге шебер.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Қабілет саласындағы жеке айырмашылықтар

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. А.Сент де - Экзюпери айтқандай өмірде қанша Бетховен, Шопен ешкімге танылмай өтіп кетіп жатыр, себебі, туған кезде әр адамның бойында « Құдай берген» қаншама қабілет, дарын нышандары бар болады, кейіннен ол кереметтер дамымай , жоғалып кетеді. Оның үстіне қоғамдық әлеуметтік, мемлекеттік, саяси қалыптар оларды бір үлгіден шыққан бірыңғай ойлы, бірыңғай пікірлі, бірыңғай жігерлі «қуыршақтарға» айналдыруға тырысады.
Ал, дамыған, гүлденген мемлекеттер өз азаматтарының бойындағы қабілет пен дарынның көзін ашып,осы қасиеттердің табиғатын зерттеп, өмірге жолдама беруге ұмтылады.Қазақстан Республикасында осындай үрдіске жол ашылып келеді.Сондықтан, бұл проблема - өте өміршең деп айтуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақта – « Бұлақ көрсең- көзін аш» деген ғұлама сөз бар.Келешек психолог мамандарға осы жолда ауадай қажет теориялық және практикалық жәрдем беру.
Курстық жұмыстың міндеттері.Осы бағыттағы дәстүрлі және заманауи білімді таңдау, негізгі бағыттарды айқындауды үйренудің маңыздылығын көрсету.
Зерттеу пәні.Қабілетті тану, дарынды тәрбиелеу жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі.Әр адамның өз бойындағы, шәкіртінің бойындағы қабілетті,дарынды дамытып, қалыптастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ағаш той - 5 жылдық той (отау құрғанға 5 жыл)

Сіздерді мерейтойыңызбен құттықтаймын! 5 жыл — бұл аз емес! Сізге бір-біріңізге нәзіктік пен құрметпен қарауды тілеймін! Сіздердің бірлескен өміріңіз ғасырлар бойы ағаштар сияқты берік және сенімді болсын. Сізге күнделікті бақыт! Денсаулық, қуаныш, өркендеу, өзара түсіністік, жауапкершілік, шынайылық және үлкен махаббат! Бір-біріңізді бағалаңыз, құрметтеңіз және қолдаңыз! Сіз кереметсіздер!

Құттықтау, тілектер
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

Кіріспе
XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
• Оқу – тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
• Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
• Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Математика | Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық комуникативтік технологияны пайдалану

Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады.
Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияны (АКТ) пайдалану.
Бүгінгі заман талабына сай оқытудың озық технологияларын ұтымды пайдалану, баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгертеді. Оқу әрекеттері арқылы ойын түрлерін пайдалану, бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру жұмыстарымен жүзеге асады......
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақ тілі | Үштұғырлы тіл бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз......
Ғылыми жобалар
Толық

Өзін өзі тану | Өзін өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі

Өзін-өзі жетілдіре алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі оқыту технологияларының тиімділігі
Жоспары:
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа технологиямен байланысы

II. Негізгі бөлім
«Өзін -өзі жетілдіру» әдісіне қойылатын басты талаптар

«Өзін-өзі жетілдіру» әдісін өз тәжірибемде қолдана білу ерекшеліктерім
III. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
I. Кіріспе
Оқушының белсенділігін арттырудағы жасалған жұмыстың жаңа
технологиямен байланысы
- Зерттеудің көкейкестілігі: Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік,
экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген. .....
Ғылыми жобалар
Толық