Шәкәрім Құдайбердіұлы («Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға)

Дұғай да дұғай сәлем айт,
«Айқап» пенен «Қазаққа».
Кекеу, сөгіс сөзден қайт,
Кез боларсыз мазаққа.
Қарап жүріп қақтығып,
Қатынша сөзбен шаптығып,
Менікі жөн деп аптығып,
Неге түстің азапқа? ....
Өлеңдер
Толық

Тарих | Тарихи әдебиеттердегі «қазақ» этнонимының тарихы

«Қазақ» атауының төркіні туралы
Бір ұлттың атының «этнонимінің» шығу тегі, мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе, қай қашанда тарихнамада талай пікір туғызып, айтыстар көтереті, сан алуан жорамал-жоруларды жарыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Бейне сол сияқты, «қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселеде талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жорулар мен дәлел-деректер, келелі пікірлер айтылып келе жатқан кәделі мәселе. Бірақ әлі күнге дейін бұл мәселе ғылымда дәл, тоқ етер жауап жоқ. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құралу, қалыптасу тарихы мен уақытынын «қазақ» атауының деректемелерде жарыққа шығуынан ажырата білу керек. Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының тарихи деректемелерде жарыққа шығуы үнемі бір уақытта бола бермейді, ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселелерінің бірі.Сондықтан қазақ тарихын баяндаудан бұрын, «қазақ» атауы туралы бұрынды-соңды айтылған болжал-пікірлер мен дәлел-деректердің басты-бастыларына тоқталудытиімді көрдік.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржы тәуекелін басқару «Қазақтелеком» АҚ филиалы

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары

География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады.
Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ актрисасы 100 жасында киноға түсуге шақырту алды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасында «Қазақфильм» киностудиясынан киноға түсуге шақырту алды, — деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы.
Жаңалықтар
Толық

Заңгер орысшаға қазақ тілінде жауап бергендердің әрекеті қаншалықты заңсыз екенін түсіндірді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы іссапары барысында қазақ тілі туралы айтқан сөздері қоғамда қызу талқыланып, әлеуметтік желі қолданушылары түрлі формада өздерінің қарсылықтарын көрсетіп жатыр.
Жаңалықтар
Толық

Ватикан қорларынан қазақ тарихы туралы деректер табылды

Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері табылды. Рим Папасы бірінші Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін сипаттайтын қолжазбада Орта Азиядан шыққан Авар қағанаты туралы мәліметтер кездеседі. Бұл қазақ елінің сонау түркі дәуірінен Еділ патша бастаған ұлан-ғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айғақтайды. Отандық ғалымдар «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай деректер....
Жаңалықтар
Толық