Құралай Анарбекова (1989 жылы 11 маусым)

Анарбекова Құралай - актриса, продюсер
1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе қаласында туылған.
«Corich Production» продюсерлік орталығы 2014 жылы құрылған, соның бас продюсері және орталықтың негізін қалаушылардың бірі.
Кәсіби сәнбике. 2006 жылғы «Мисс Ақтөбе» сұлулық байқауының жеңімпазы. №40 Ақтөбе орта мектебін өте жақсы мағамен бітірді. 2005 жылы Ақтөбе политехникалық колледжінің бірінші курсына түсіп, 3 курсқа келгенде сол жақта ұйымдастыру мен тәрбиелік жағынан жұмыс істеді. 2009 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТА оқуға түседі. Бала кезінде хореография және гимнастикамен айналысқан. 2006 жылы қалалық сұлулық байқауына қатысып, «Мисс Ақтөбе» атауына ие болды. Құралай мәскеулік фотографтармен сәнбике ретінде бірнеше рет жұмыс істеді, түрлі жарнамалық роликтерге түскен.
2012 Жау жүрек Мың бала (Қазақстан) - актриса;
2012 Менің күнәлі періштем (Қазақстан) - актриса.
2014 Аманат (Қазақстан) - актриса;
2015 Дуэт (хикая, Қазақстан) - продюсер;
2015 Алтын ұя (хикая, Қазақстан) - продюсер;...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Санжар Мәдиев Нұрланұлы (1986 жылы 4 тамыз)

Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер.
1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды.
Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009).
2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Әзиз Бейшеналиев Болотұлы (1971 жылы 15 наурыз)

Бейшеналиев Әзиз Болотұлы - актер.
1971 жылы 15-наурызда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғыстан) дүниеге келген.
1989-1992 ж.ж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінде, қытай филологиясы кафедрасында оқыған.
1996 жылы М. Горький атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанынан құрылған Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының Мектеп-студиясын тәмамдаған (В. Вержбицкий мен В. Шапиро дәрісі бойынша).
В 1994–1997 ж.ж. «Лик» Ташкент заманауи хореографиясы театрында (Лилия Севастьянова жетекшілігімен) қызмет атқарған.
Шетелдік кинодағы рөлдері:
2015 Ищейка (Ресей,аяқталмаған) - Ким
2014 Ерлер демалысы / Мужские каникулы (кіші хикая, Ресей) - Рашид
2014 Бывших не бывает (кіші хикая, Ресей) - Улутбек Гафуров (Бек)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Дастен Шәкіров Бақытбекұлы (1987 жыл 21 қыркүйек)

Шәкіров Дастен Бақытбекұлы - актер.
Дастен Шәкіров 1987 жыл 21 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Ш.Смаханұлы атындағы №62 қазақ лингвистикалық гимназиясына оқуға түсіп, 2005 жылы аталған білім ордасын бітіреді. Мектеп қабырғасында білім алып жүріп, Тагир Зариповтың джаз музыкалық мектебінде фортепиано сыныбын қызыл дипломмен тәмамдаған.
2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін бітірген.
Жарнамалық роликтер мен бейнебаяндарға түскен.
Кинодағы дебюті - «Жаным» телехикаясы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асқар Ұзабаев (1983 жылы 7 сәуір)

Асқар Ұзабаев - режиссер, сценарист, клипмейкер, продюсер.
1983 жылы 7 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
«Ғашық жүрек» («Коктейль для звезды») фильміне режиссер болып, аталмыш туынды арқылы танылды. 2012 жылы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен SHINE production студиясымен бірлесіп түсірген 25 бөлімді «Ғашық жүрек» хикаясы шықты. 2012 жылы «НТК» арнасына BAS production студиясымен бірлесіп «Вузеры» атты жастарға арналған хикая түсірді.
Кино өндірістегі ірі жобалармен және бейне өнімдерін түсірумен айналысатын 567 creative laboratory студиясының негізін қалаушы.
Кинодағы рөлдері:
2000-2002 Балақайлар | Детки (хикая, Қазақстан) - Ерлан
Режиссер:
2016 Гламур для дур ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бибігүл Сүйіншәлина Ақтанқызы (1991 жылы 4 шілде)

Сүйіншәлина Бибігүл Ақтанқызы - актриса, кәсіби модель.
1991 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Мәскеуге қоныс аударған. Еңбектегі алғашқы тәжірибесі – 2 жаста теледидар жарнамасында кішкентай жапон баласының рөлін ойнаған. 9 жаста НурМур «Жұлдызым» тобының музыкалық клипіне түскен. 15 жасында келісімшарт жасап Сингапурде және Тайландта модель болып жұмыс істеген. 2006 жылы ресейлік белгілі «Громовтар. Үміт үйі» телевизиялық сериалында Файка рөлін ойнаған. Осы рөлден кейін Бибігүлді басқа жобаларға да шақыра бастады. 2007 жылы режиссер Олег Фесенконың «Сага о хантах» фильміндегі рөлде ойнады. 2009 жылы қатарынан 3 фильмде: «Трубадур» – Зарина басты рөлінде, «Астана – менің махаббатым» – Маржан басты рөлінде, Әмір Қарақұловтың «Виртуальная любовь» фильмінде – Эля басты рөлінде ойнады. 2013-2014 жылдары ресейлік «Выжить после» 12 сериялық телевизиялық фильмінде Айжан рөлінде, барлығы Бибігүл 12 кино және сериалдарда ойнаған. Қазіргі кезде ол ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде спорттық ат баптау мамандығы бойынша сырттай дәріс алуда. Сонымен бірге, Берлин қаласында неміс тілін үйренеді. Фотосуретке түсіру және сурет салу өнерімен шұғылданады. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Іңкәр Әбдіраш Рүстемқызы (1990 жылы 9 маусым)

Әбдіраш Іңкәр Рүстемқызы - актриса.
1990 жылы 9 маусымда кинорежиссер Рүстем Әбдірашевтың отбасында дүниеге келген.
М. О. Әуэзов атындағы №128 қазақ мектебін үздік бағамен бітіреді.
Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының 3 курс студенті, «Кино және ТВ» факультетінде «Ойын киносының режиссурасы» мамандығы бойынша тәлім алуда.
13 жасынан бастап вокалмен айналысып келеді. «Томирис» тобының бұрынғы әншісі.
«Айтарым Бар» («НТК») айдарының қазақ тіліндегі жүргізушісі.
Жарнамалық роликтерге, бейнебаяндарға, көркем фильмдерге түскен. «Храбрая сердцем» (Disney туындысы) мультфильміндегі Мерида ханшайымын қазақ тіліне дыбыстаған.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жанат (Жан) Байжанбаев Әнуарбекұлы (1961 жылы 5 тамыз)

Байжанбаев Жанат (Жан) Әнуарбекұлы - актер.
1961 жылы 5-тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген.
1984 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының штатты актері.
КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1989).
2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Отбасылы. Жары – Гүлнар, қыздары - Диляра мен Рамина.
Кинодағы рөлдері:
2015 Рэкетир 2: Жаза (Қазақстан) - Жан ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Нұрлан Қоянбаев (1979 жылдың 19 шілде)

Нұрлан Қоянбаев (1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген) - КВН жұлдызы, продюсер, тележүргізуші. Бүгінде Нұрлан отандық және шетелдік өнер жұлдыздары, белгілі тұлғалар қатысатын «Түнгі студия» бағдарламасын жүргізеді. "Қазақстан" РТРК бас продюсері боп қызмет атқарады.
Білімі орта: Шиелі орта мектебі (1986-1996), үздік аттестат
Жоғары: Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1996-2000), тарих факультеті. Экономика және құқық академиясы (2009-2011), қаржы және кредит факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (2012-2015), халықаралық қатынастар факультеті, магистрант.
Кинода:
«Қазақша кәсіп» (2017) – Бас продюсер, сценарист, актер - Жомарт;
«Таиландтағы демалыс» (2017) – Бас продюсер, сценарист, актер....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Төлепберген Байсақалов Тұрсынұлы (1974 жылы 29 наурыз)

Байсақалов Төлепберген Тұрсынұлы - актер.
1974 жылы 29 наурызда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Михайловка ауылында дүниеге келген.
Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген (Р. А. Машурованың шеберханасы, 2000); БМИК-ті тәмамдаған (В. Хотиненко, шеберханасы 2010). Фильмдегі дебюті - «Ләйланың зары» (Реж. С. Нарымбетов); Канн кинофестивалінде (2008) «Ерекше көзқарас» аталымы бойынша Гран-приді иеленген «Қызғалдақ» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Үйленген. Бір ұлы, бір қызы бар.
Кинодағы рөлдері:
2014 Тығырықтан жол тапқан | Разрывая замкнутый круг (Қазақстан) - Хәкім
2014 Қазақша тонау | Ограбление по-казахски - Сәкен Ахметов
2014 Нархоз (хикая, Қазақстан) - Айсананың әкесі
2013 Көшбасшы жолы | Путь лидера. Огненная река. Железная гора (Казахстан) - Хәкім
2013 Параллель әлемдер | Параллельные миры (Қазақстан, Ресей) - курьер ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық