Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру...
Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да,күрделі дерт екені жасырын дүние емес. Демек, бұл ауыр дертпен бар күш жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді. Кез- келген салада, кез келген қоғамдық немесе жеке орындарда ауырдың үстімен....
«Тұңғиық сырым барлағанға...» «Біржан мен Сара» айтысынан Сараның сөзі Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
Сенім де талай түсті-аусергелдеуге Сын аз ба халыққа серт берген Ерге «Елім» деп шырқаған өзіңізді Ұқсатам Күлтегендей кемеңгерге. Жадыра Дәрменбаев «Атаның баласы болма, Адамның баласы бол», деп ұлы Абай атамыз айтқанындай ,қарапайым қазақ отьасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанамын да, мақтанамын да!......
Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін: Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзімнің түбін біл де, Іштен жыла шырағым, сырттан күлде. -дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек. Елдермен тенесеміз деп жүріп, басқа елдің салтың жұқтырып жатқанымызды сезбейміз-ау сірә, бұған қатысты шаралар қолданылып жатпаған соң. Өзге елдің салтың деймін-ау, олардың көздерін бітеп, саналарын улаған ауру......
Бұл құдіретті сөзді Қазақстан Республикасының әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ. Өйткені біздер, жастар, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлттық ұл-қыздары қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп, мекен етіп, достық қарым-қатынаста, береке мен бірлікт, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. «Отан үшін отқа түс-күймейсің,»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ата-бабаларымыз қанын төгіп, жанын беріп, басынан нелер кешпеді, нелер өткермеді десеңізші? Азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан бабаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз. Ұмытпаймыз да, ұмытылмайды да.......
“Отан үшін күрес – Ерге тиген үлес” Осыдан 15 жыл бұрын еліміз қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр – қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді . Тарих және тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы , жалпы Қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды . Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күрескен , азаматтыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр » - деген сөзі азаматтықтың қадыр – қасиетін көрсеткендей . Тәуелсіздік жолында қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп , өлшеусіз үлес қосқан азаматтар аз емес ......
«Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы......
Мен елімнің-патриотымын! Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті.......