Шығармалар


Өнері өмірдің өзегіндей мәңгілік

Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ақыны, жазушысы, белгілі сәулеткер Сайын Назарбекұлы 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау өлкесінің Тиген ауылында дүниеге келген. Ол 1958 жылы Ұштаған орта мектебін бітіріп, біраз жылдар бойы жүргізуші болады. 1964 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженер-құрылыс факультетін бітіріп, 1964-1969 жылдары Маңғыстау мұнай өңдеу бірлестігінің құрылыс мекемелерінде жұмыс жасаған. Ал 1980-1989 жылдар арасында Алматы техникумында дәріс берген. 1992 жылы Маңғыстау өңірінің өлең, жыр, шешендік сөз туындыларын жинақтап жарыққа шығару,......
Шығармалар
Толық

Біз- әлем балаларымыз

Ана- алтын тамырымыз,
Бала- балғын бақытымыз.
Балалар... Не деген керемет ұғым, керемет атау! Бала дегеніміз- балғын бақытымыз.Болашақтың тірегі де осы балалар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы осы ұрпақтарға, балаларға байланысты. Сол себепті,баланы бақытқа теңеп, Ғалым Әріпов сияқты ұлы тұлғаларымыздың айшықтауы бекерден-бекер емес-ті. Біздер- асау ұғым бақытқа теңдес болсақ, онда болашақ біздің қолымызда екендігі ғой.
Біз - әлем балаларымыз. Осы әлемнің бір бөлшегі іспеттеспіз. Қандай керемет?! Мынау бір шексіз әлемнің тірегіміз. ......
Шығармалар
Толық

Рахмет, Анашым!

«...Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған»
А.М.Горький
Ана жайлы ойыңды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анама маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Жер бетінде анасын жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, сірә. Әр сәбидің дүние есігін ашқанда өз анасы болады. Бұл әлемде қанша ана болса да, барлығының тілеуі бір. Олар балаларының мейірімді, адал, адамгершілік қасиеті мол, кішіге қамқор боларлықтай азамат болғанын қалайды және сол жолға түсуі үшін еңбегін аямай жұмсайды.......
Шығармалар
Толық

Отан

Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені ,сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік-атамекен болып саналады.
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан-сенің туған жерің, ата-бабаларымыздың кіндік қаны тамған жер . Өзіңнің туған-туысқандарыңмен , дос-жарандарыңмен тұратын қасиетті, киелі мекен. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандаған. Атамекен үшін, туған жер үшін, тәуелсіз ел болу үшін қаншама ата-бабаларымыз тер төкті, жанын қиды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет сияқты батырларымыз, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мағжан,Міржақып сияқты ақындарымыз, жазушыларымыз, Қайрат, Сәбира сияқты апа-ағаларымыз......
Шығармалар
Толық

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері

Мемлекеттік Рәміздер – мемлекетіміздің тәуелсіздігін білдіретін белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылған. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман -мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.......
Шығармалар
Толық

Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық үрдіс – ұлағат

Ел мен жер – оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз.
Ы.Алтынсарин
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі – есті, еңбексүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін , әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар – ожданы мол болып өссін деп армандайды және бұл мәселені өзінің тұрмыс – салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталған, тұрмыс және өмір тәжірибесі сынынан өткен салт – дәстүрлерді қолданып келді.......
Шығармалар
Толық

Еркіндік - ежелден ел тілегі

Тәуелсіздік – ел тарихында, тағдырында айрықша орын алатын, ауқымы кең ұғым. Тәуелсіз ел болу кез-келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақыт. Біреудің боданында, бұғауында емес, еркіндікте ғұмыр кешу өмірдің рақаты емес пе? Сол бақыт, сол еркіндік біз өмір сүріп жатқан елдің тағдырына жазылған сый екен. Демек, біздің еліміз екінің біріне бұйыра бермейтін сондай сыйға лайықты болғаны.
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейтіні баршаға аян. Олай болса, біздің ел сол байлыққа қалай қол жеткізді? Тарихқа көз жүгіртелік. Бізге бостандық әкелген ХХ ғасыр тек қана қуаныштарға......

Шығармалар
Толық

Отан үшін отқа түс күймейсің

Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Әрісі сонау Алпамыс, Қобыланды батырлар, берісі моңғол-жоңғар шапқаншылығы кезінде де, еліміздің батыр ұлдары ел қорғау мақсатында қолдарына найза ұстап, елін-жерін яғни осы ұлан-ғайыр атырыпты қорғағаны бәрімізге белгілі. Сондай қазақ батырлары: Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр, Шапырашты Наурызбай батырлардың Аңырақай маңындағы шайқастарында елі мен жері үшін, қасық қаны қалғанша алысқаны тарихтан аян.......
Шығармалар
Толық

Ынтымағы жарасқан тату халық

Біздің халық- жатты жатырқамайтын, жатсынбайтын бауырмал халық. «Таспен ұрғанды аспен ұр», «кекшіл болма, көпшіл бол»дейтін кешірімшіл де, кеңпейіл біздің қазекем. Алла қаласа, өзге елмен де тереземізді теңестіреміз-ау, тек қазақты кеңдігінен айырмасын. «Кең болсаң, кем болмайсың!» Жаратқан да бізге тыныштықты осы кеңдігімізге қарай беріп тұрған шығар, кім біледі... «Қайғысызға қара су да ас»дейтін қазақ үшін байлық та, бақ та-ынтымақта. Жүз отыздан астам ұлттың басын біріктірген киелі Отанымның менің отбасыма тікелей қатысы бар.........
Шығармалар
Толық