Отандық көлік алушыларға демеу қаржы қарастырылмақ
Отандық көлікті тізгіндеуге отанымыз көмектесе ме? Жуырда Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау отандық көліктерді сатып алуға мемлекет демеу қаржы қарастыратыны туралы айтып қалды.
Яғни, тұтынушыға түсетін несие салмағы қазына есебінен жабылуы мүмкін. Бұл идея қазақстандық авто-бизнес қауымдастығына жағып отыр. Ал тиімділігі бойынша сарапшылардың пікірі әртүрлі.
Қазақстандағы машина жасау саласы өкілдерімен кездесуде айтылған ұсынысқа қатысты сарапшылар мен автоөндіріс мәселесімен шұғылданушы мамандардың пікірлері әрқилы. Бастама мақсаты айқын біріншіден, отандық автоөндіріске серпін беру, екіншіден ішкі өнімнің халыққа қол жетімді болуына жол ашу. Деректерге сүйенсек, соңғы жылдары қазақстандық автоөндірістің сауда көлемі едәуір жақсарған.
"Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сатылған отандық автокөліктер саны 84836-ға жетті. Яғни былтырғы жылдан 74 пайызға жоғары.....