Балабақша сабақ жоспары


Шөл далаға саяхат


Мақсаты: Балаларға жазы ыстық, құрғақ болып келетін шөл дала туралы түсінік беру, шөл далада өсетін өсімдіктер мен жануарлар туралы алған білімдерін бекіту. Жүру және жүгіру түрлері, секіруге арналған жаттығулар арқылы белсенді қимыл - қозғалыстарын дамыту. Табиғатты сүюге және тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізген жұмыс:
Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары, құстары туралы түсінік берілді.
Қажетті құралдар:
Шөл дала өсімдіктері: қазжуа, жантақ, таспашөп, ағашы - сексеуіл;
Жануарлар: қосаяқ, кесіртке, тасбақа, түйе;
Құстары: бұлдырық, дуадақ суреттері
Шаттық шеңбері

Тәрбиеші: Балалар, мен сендермен саяхатқа шыққалы тұрмын. Қайда деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)
Ендеше мен жұмбақ жасырайын:
Күні ыстық қапырық,
Толқындай қозғалған.
Айнала сап - сары құм басқан
Бұл дала қай дала? (шөл дала)
- Балалар, сендер шөл далаға барғыларың келе ме? Мен сендерді әлемдегі ең үлкен – Сахара шөліне апарғым келіп тұр. Немен баруға болады?
Мен ұшақпен ұшуды жөн көріп тұрмын. Алдымен «жол сөмкесін» дайындап алайық. (балалар үстел үстіне рюкзакқа керекті заттарын салды. Стол үстінде: кепка, су, ойыншықтар, кітаптар, нан)
- Ал, балалар, жолға дайынбыз ба? Не алдыңдар? Ендеше ұшақты дайындайық. (1 бала екі қолын жайып тұрады. Стюардесса жолаушылардың дайындығын тексереді)
Белгі бергенде әуенмен «жыланша» жүгіреді.(Залға сары полотно жайылған)
- Міне, ұшақ шөл далаға кеп қонды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері жерге түсейік. Міне, Сахараға да келдік. Қандай, шексіз, кең дала! Балалар, шөл далада қандай өлі табиғат патшалық етеді деп ойлайсыңдар? (құм).....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күзгі орман ертеңгілі

Мерекеге сай түрлі - түсті жапырақтармен безендірілген зал.(Музыка әуенімен ортаға жүргізуші және балалар шығады).
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі? Керемет, мынау нелер?
Балалар: Жапырақтар.
Жүргізуші: Айнала қандай түске боялып тұр?
Балалар: Сары түске.
Жүргізуші: Әрине, дұрыс. Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір күз мезгілі
Жүргізуші: Дұрыс, күз. Балалар, сендер күз туралы тақпақтар білесіндер ме?

Тақпақ:
Аида
Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Ералы
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Санжар
Алтын, сары, Қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз таратады атырап. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ойын-бала өмірінің нәрі

ойын - бала өмірінің нәрі
Ойын балалар өмірінің, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, саналы білікті болуы міндетті.

Балаларға ақыл - ой адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Қай бала болсын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», Ойында озған, өмірде де озады. Деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғаса береді. Ойындардың негізгі мақсаты - балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтауы мен қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалап, құрметтеп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтайды, қалыптастырады. Ойын мен еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ұзын құлақ сұр қоян

Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құра білуге, балалардың тілдік қорын дамытуға, жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қоян - заяц - rabbit

Әрекет түрі Тәрбиешінің іс - әрекеті
Баланың іс - әрекеті
Мотив. қозғаушы күш
Ізденуші – ұйымдастырушы

Рефлекті - қорытынды Шаттық шеңбері:
Сәлем деймін күнге мен
Сәлем деймін мен саған
Сәлем деймін апайға
Қонақтарға достарға
- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, ал сендер шешімін табасыңдар ма?
Ұзын құлақты, жылдам аяқты
Сәбізді жақсы көретін ол не?
- Қоянның суретін көрсете отырып, балаларға қоянның қайда тіршілік ететінін, құлағы неге ұзын екенін қалай секіретіні жайлы айту......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Шалқан ертегісі

Тақырыбы: Шалқан ертегісі.
Мақсаты: Балаларға ертегіні оқып беріп, әңгімелеу. Әдеби кейіпкерлердің әрекеттері мен жүріс – тұрыстарын, қызығушылықтарын қалыптастыру.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, тақпақтар айту, дидактикалық ойын, үстел – үсті театыры арқылы әңгімелеу. Слайд бойынша көрсетіп түсіндіру.
Көрнекілігі: Слайд, үстел – үсті театры.

Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын шашайық.
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы тілектерді.
Қонақтарға сыйлайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Үлкен - кіші ұғымы

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сенсорика
Тақырыбы: Үлкен - кіші ұғымы
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларға пішіндері ұқсас (дөңгелектер: үлкен, кіші), түсі бойынша (жасыл, қара) біріңғай заттарды топтастыруға үйрету.
Білімділігі: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, мнемокесте арқылы тақпақты айтқызу, Воскобовичтың технологиясы (тізбектеу әдісі) дидактикалық ойындар
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреті, үлкен, кіші дөңгелек пішіндер.

мотив қозғаушы
Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Бағдаршамға бағынамыз баршамыз

Отбасылық спорттық - танымдық жарыс
Тақырыбы: Бағдаршамға бағынамыз, баршамыз!
Мақсаты: Балаларға жол ережесінің алғашқы ережелерін ойын арқылы түсіндіру, ата - аналарды ойынға қатыстыру арқылы балаларымызды бірге тәрбиелеуге, ортақ тіл табысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттап, жеңіске жету үшін талпынатын намысты ұрпақ тәрбиелеу.
Сұрақ – жауап:
- Балалар, біз балабақшаға келгенде және тағы басқа жақтарға қалай барамыз?
- Жолмен, келеміз
- Немен барамыз?
- Көлікпен, велосипедпен немесе жаяу
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Көліктер соғылмай, адамдардың амандығы үшін.
Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін. Яғни, амандығымыз үшін. Олай болса жол ережесіне бағынып, аман - есен жүру үшін «Бағдаршамға бағынамыз баршамыз» атты отбасылық спорттық – танымдық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жарыс болғаннан кейін біз қатысушыларды екі топқа бөлеміз, бір топ «Жүргізушілер», екіншісі «Жаяу жүргіншілер» деп аталсын атына заты сай болып жүргізушілер жеңер ме екен, әлде жаяу жүргіншілер басып озар ма екен?!
Әділқазылар алқасын сайлап алайық: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ертегілер әлеміне саяхат

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.
Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізуге, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіну, ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды жақсылық жасауға, қолғабыс етуге үйрету, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Көрнекілік: «Шалқан» ертегісіне арналған бас қалпақшалары, «Үш аю» ертегісінің суреттері, конструктор, жасыл түсті бояу, ақ қағаз, «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің суреті, Орман, егін алқабы мен жол белгілерінің суреттері.
Жаңа сөздер: Поезд, саяхат, дүрбі, аялдама
Билингвиалды компонент: қыс - зима - winter, ертегі - сказка - fairy tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Жылулық шеңбері:
Көңілдіміз күлеміз
Ертегіні білеміз
Шағын біздің үйіміз
Тату тәтті жүреміз Балалар жылулық шеңберін қайталап, орындайды.
Іздену - барлау - Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін бір бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.
- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Алдымен менің қолымдағы сиқырлы дүрбімен қарап көрейін саяхатымыздың қалай болатынын,
- О, біздің саяхатымыз қызықты болады екен, жарайды, онда кеттік. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
- Аялдаманың атын табу үшін жұмбақтың жауабын табамыз.

Ее тянут бабка с внучкой,
Кошка, дед и мышка с Жучкой.
( Репка)
Ата, әже, мысық, ит.
Бірге тартып шығарды?
(Шалқан).

I Егін алқабы. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналау керек, ертегіні қойып беріңдерші.

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Тіл - тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз

Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән - күй
Әдіс - тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар
келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз. Қане, бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Тәрбиеші: Ия, балалар, осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса ерекше күн деп есептеп, тақырыбымызды «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»,- деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
І Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Балалар, бұл қай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы
- Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы
- Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Кірпі сурет

Білім беру саласы: Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру,
Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,
Билингвальды компонент: кірпі - ежик - Hedgehog
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік - Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.
Тұмсығы бар түймеден,
Тон жамылған инеден.
- Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық