Геометриялық денелердің кескіндерінен тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, сызбасын сызу
Сабақ мақсаты: Геометриялық денелердің кескіндерінен тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, сызбасын сызу
Сабақ міндеттері: Геометриялық денелерді электромонтер мамандығымен байланыстылығын дәлелдеу, сызбаларын сызу, мысалдар табу.
Тәжірибелік жұмыстарға дайындау:
Слайдта көрсетілген суреттер әртүрлі геометриялық пішінде. Және олар көптеген пәндермен байлынысы бар екенін көреміз. Бірінші суретте әлемнің 7 кереметінің бірі Хеопс пирамидасы – оның табаны 4 бұрышты, яғни ол төртбұрышты пирамида. 2-ші суретте ғаламшарлар көрсетілген, олардың пішіні доңғалақ болған соң олар шар яғни сфера геометриялық пішініне жатады. 3-ші суретте жол апаты конусты белгісі, бұл белгіні көбіне жол жөндеу кезінде қолданады, ол жолда жөндеу жұмыстары болып оның бітпегенін көрсетеді, атының өзі айтып тұрғандай конус геометриялық фигурасы. 4-ші суретте үй ғимараты берілген, онда бірнеше геометриялық фигуралардың қолданылғанын байқаймыз. Келесі суретте 3 бұрышты призмалы геометриялық фигуралы пішіндес шатырды көріп тұрмыз. Соңғы суретте бас аспаздың бас киімі – цилиндр геометриялық фигура пішінінде
1) Тапсырма: Мына алтыбұрышты пирамиданың негізгі көріністің аксонометриялық көрінісін тікбұрышты изометриялық проекцияда орындайық.
2) Тапсырма: Әр топқа тапсырма беріледі, яғни слайдтағы қызыл түспен жазылған жазу 1 – командаға, көк түспен жазылған жазу – 2 қатарға, қара түспен жазылған жазу – 3 қатарға берілген тапсырма, әр топ берілген тапсырманың алдынан және жоғарыдан қараған көрінісін плакатқа сызып көрсетуі керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру