Тапқырларға тапсырма
Тақырыбы: «Тапқырларға тапсырма»
Мақсаты:
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін молайту, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау
Көрнекілігі: Слайдтар, зырылдауық ойыншық (юла) суретті көрнекіліктер
Үлестірмелі материалдар: Әр балаға үлгі кәртішкелер, жәй қарындаштар, клетка сызылған ақ қағаз, ( клетки 1*1см), зырылдауық ойыншық (юла)
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атату.(слаид арқылы қыс мезгілін көрсету)
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар? Неше күн бақшада боламыз? Неше күн үйде дем аламыз? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, ендеше бүгін ерекше күн! (Есік қағылады, топқа Дымбілмес келеді, қолында «математика» дәптері бар) Дымбілмес: Балалар, мен мына дәптерді тауып алдым, дәптерді ашып қарап едім ештеңе түсінбедім. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар, әуелі келген қонақпен танысайық, амандасайық, солай ма? Балалар: - Сәлеметсіз бе? Дымбілмес: - Ой, кешіріңіздер, Сәлеметсіздер ме, менің атым Дымбілмес болады, менде сендердей оқығым, білгім келеді, мектепке барғым келеді... Тәрбиеші: Дымбілмес сен бізге жақсы келдің, бүгін міне бізге қонақтар да келіп отыр. Балалардың математикадан алған білімдерін қарағысы келеді екен, сенде бірге болып, матаматика туралы білетін боласың. (слаид арқылы «математика» дәптерін көрсету)
Тәрбиеші: Балалар, бұл дәптер сендерге таныс па?
Балалар: - Бұл математика дәптері
Тәрбиеші: - Ендеше бірінші бетін ашып, қарайық, қандай тапсырма бар екен? (дәптерді ашып көрсету, балалар дәптерді слаид арқылы қарайды)
1. Тапсырма. Ойын: «Аңдарға орнын табуға көмектес» Мақсаты: Вагондардың санына қарай, аңдарды орналастыру. (Балалар тапсырманы орындарында отырып орындайды, қарындашпен сызып көрсетеді, бір бала тақтада орындайды) Тәрбиеші: Дымбілмес, сенде балалармен тапсырманы орындап, үйрен. Енді балалармен саусақ санап, жаттығу жасайық.
Сергіту жаттығуы: Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білем өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
2. Тапсырма. «Апта күндері қайда тұрады?»
(Бір бала тапсырманы тақтада орындайды, қалған балалар орындарында орындайды.) Мақсаты: Үйлерге сандарды ретімен орналастыру. Тәрбиеші: Апта күндерін кім атап, айтып береді?
Динара: Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта
3. Тапсырма. «Пішіндерді пайдаланып, ойыншықтар құрастыр» Мақсаты: Әр түрлі пішіндерден ойыншықтар құрастыру. (Бір бала тақтада орындайды, қалған балалар орындарында отырып пішіндерден әртүрлі ойыншықтар жасайды) Сергіту жаттығуы: «Жан сергіту» (Балалар муз әуенімен, қимылдарды орындайды) Тәрбиеші: Балалар, мына суретте кімді көріп тұрсыңдар? Балалар: Баланың суреті, ол ойланып тұр. Тәрбиеші: Ендеше, балалар, Дымбілмес сені де ойланып есептер шығаруға шақырамын.
3. Тапсырма:
Логикалық есептер. Табақта бес алма,
Қолымда екі алма.
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
(жеті)
Бір алма апама,
Бір алма атама.
Екі алма беремін
Мамам мен папама.
Нешеуі қалады табақта?
(үшеу)
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбаңдап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады. (үш қонжық)
« Саусақпен санап үйренейік»
Бес кәмпитім бар еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім анама,
Бір кәмпитім әкеме.
Өзіме де жете ме?
Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеспен қызықты ойын ойнағыларың келеме? Балалар: - Иә, ойнағымыз келеді. Тәрбиеші: - Ендеше, ойынымыз «Қандай есеп болса да, шешпей оны қоймайық!» деп аталады. Мынау ойыншық сендерге таныс па? Ол қалай аталады? Дұрыс, зырылдауық (Юла) деп аталады. Зырылдауықтың төменгі бөлігінде қызыл түсті тілі бар, зырылдайықты айналдырамыз, тоқтағанда тілі қай санға тоқтаса, сол санға байланысты тапсырмаларды орындаймыз. (тапсырмаларды слайд арқылы орындайды) №1 «Балық аулау» Мақсаты: санды қосып, азайту амалын орындау №2 «Көршісін ата» Мақсаты: Жетіспейтін санды тауып қою. №3 «Қай адамның суреті жоқ?» Мақсаты: Жетіспейтін фигураны табу. №4 «Не артық?» Мақсаты: Заттарды топтау, артық затты көрсету. №5 « Клеткаларды санап, қосайық, алтын кілтті табайық» (Дымбілмеске білім кілтін жасау)
Тәрбиеші: Балалар бүгін міне Дымбілместің математика дәптеріндегі тапсырмаларды орындап, қызықты ойындар ойнадық, бәрің жақсы қатыстыңдар. Дымбілмес: Балалар мен сендермен бірге болғаныма өте қуаныштымын, сендер қызықты есептер шығарып, ойындар ойнап, маған математика туралы көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта сендер сияқты оқитын, білетін боламын. Тәрбиеші: Ендеше балалар біз Дымбілмеске жақсы оқушы болсын деп тілек тілеп, білім кілтін сыйлайық. (Дымбілмес балалармен қоштасып, кетеді)
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Білу: геометриялық пішіндерді ажыратып, атай білу. Игеру: логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Меңгеру: Сандарды ажыратуды, кері, тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді меңгеру.
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Мектепалды даярлық тобына арналған
№ 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының тәрбиешісі:
Сатенова Гулфарам Оспановна
Источник: bilimdiler.kz
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру