Еңбек күні құтты болсын


1) Еңбек күні құтты болсын, дәрігерлер!

Елі үшін қызмет қып жүрген тынбай,
Еңбек күні құтты болсын, дәрігерлер!
Еңбектерің ақталсын әрқашанда,
Болмай деймін салатын әбігерлер!

Қызыметің ақталып дәрігерлер,
Еңбектерің жансыншы Алла жар боп.
Науқастарды емдеуде барыңды сап,
Дәрігерлер аман боп, жүрші бар боп!

Еңбек күні жүздеріңіз жарық болып,
Шаттығың мен қуаныш көбейсін тек.
Мерекеден мереке есік ашып,
Үстем болып мерейің, жүр күлімдеп.

2) Медбикелер құтты болсын еңбек күні

Науқастарға қарайтын жақынындай,
Құтты болсын медбике еңбек күні.
Жарық болып әр күнің, күлім қағып,
Бар ғажабын сыйласын өмір үні.

Бағаланып еңбегің медбикелер,
Қуанышқа бастасын бұл мереке.
Еңбектің көр жемісін әрқашанда,
Жұмысыңда лайым боп береке.

Мейірбике, медбике атың қандай,
Жасай берші қызметте, тек қана алға!
Науқастардың бөленіп рахметіне,
Бақыт, шаттық күтсін тек сені алда!

3) Құтты болсын ұстаздар еңбек күні

Құтты болсын ұстаздар еңбек күні,
Жақсылыққа бастайтын еңбектерің.
Еңбегіңіз жансын тек, бағаланып,
Білімменен баланы тербеткенің.

Ұстаздарым ұлтымның жанашыры,
Қабыл болсын жасаған игі істерің.
Еңбектерің жемісін беріп лайым,
Қуантудан танбасын шәкірттерің.

Оқушылар жақсы оқып, талап қылса,
Қуанасыз білемін, ұстаздарым.
Сәтілік пен жақсыға толы болсын,
Оқушымен бірге өткен қыс, жаздарың!

4) Мұғалімдер жансын бұл еңбегіңіз

Мұғалімдер жансын бұл еңбегіңіз,
Шәкірттерің қуантып әр күн сайын.
Еңбек күні жарқырап, жанданыңыз,
Күлім қағып жүзіңіз, жоқ боп уайым.

Мұғалімдер еңбегіңіз жемісті боп,
Жемісінен нәр алып, қуаныңыз.
Шәкірттерің биіктен орын алып,
Биік болсын әрдайым тұрағыңыз.

Білім беріп балаға үйрететін,
Мұғалімдер айсыздар, күн де сіздер.
Оқытып сіз жүресіз еңбек етіп,
Мұғалімдер бақытты күй кешіңдер!

5) Күзетшілер құтты болсын еңбек күні

Ел тынышын сақтайтын, мекеменің,
Еңбек күні құтты болсын, күзетшілер!
Еңбегіңіз жанданып, бағаланып,
Бақытты да баянды күй кешіңдер!

Еңбектерің жансын тек әрқашанда,
Жүздеріңде уайымың болмай дәйім.
Күзетшілер саулығың мықты болып,
Аман жүргін жар болып бір Құдайым!

Күзетшілер әр күнің нұрлы болсын,
Сыйлы болып жасаған еңбегіңмен!
Қызымет қып ел үшін, өзің үшін,
Қуанта бер ақ адал ерлігіңмен!

6) Бүгінгі еңбек күнінде (электрикке)

Жарықты ойлап жүретін,
Электрик адамдар.
Бүгінгі еңбек күнінде,
Арта берсін бағаң әр.

Еңбегіңіз жанданып,
Оңды болсын әр қадам.
Еңбегіңіз жансын тек,
Электрик әр адам.

Бағаланса еңбегің,
Ол да сенің жемісің.
Электрик адамдар,
Кеңейсін көп өрісің.

7) Бүгін еңбек күнімен (инженерлер)

Бүгін еңбек күнімен,
Құтты болсын сіздерге.
Инженерлер ардақты,
Жақсы іс берер біздерге.

Еңбегіңіз жанданып,
Шаттана түс инженер.
Жүрмей қалса жұмысы,
Көңілсіздеу күйге енер.

Бүгін еңбек күнінде,
Инженерлер жарқыра.
Қызмет, екбек жолында,
Ағын судай арқыра!

8) Еңбек күні жалында (өнер иелеріне?

Еңбек күні жалында,
Иелері өнердің.
Еңбегіңіз жанданып,
Алға бассын өнерің.

Ақталсын тек еңбегің,
Әншілер мен бишілер.
Еңбектің көр жемісін,
Актёр менен күйшілер

Өнерлерің биіктеп,
Халық берсін бағасын.
Еткен еңбек жолында,
Арта берсін бағаң шын.

9) Еңбегіңіз ақталып (домбырашыға)

Домбырашы ағалар,
Әпкелер мен даралар!
Жана берсін еңбегің,
Халық оны бағалар!

Домбыраның үнімен,
Баурап алар үніңмен!
Еңбектің көр рахатын,
Күлкі кетей жүзіңнен!

Еңбек жолың жарқырап,
Биікке өрле арқырап!
Еңбек беріп жемісін,
Жүрші аман шапқылап!

10) Бағаланып еңбегің (ақындар мен жазушылар)

Бағаланып еңбегің,
Алға, биік өрлегін!
Ақындар мен жазушы,
Елді өлеңмен тербегін!

Еңбек күні қуантып,
Шаттаныңдар қаламгер!
Әрбір жазған кітабын,
Іштен шыққан балам дер!

Қуанышың көп болсын,
Жазушылар киелі!
Ақындарым жасай бер,
Елің сені сүйеді!
11) Еңбек күні құтты болсын Есепшілер!

Құттықтаймын сіздерді,
Бүгін еңбек күнімен.
Есепшілер тек алға,
Нұр төгілсін жүзіңнен!

Есепшілер жансын деп,
Тілейміз біз еңбегің.
Қызмет, еңбек жолында,
Биіктерге өрлегін!

Есепшілер таңдарың,
Сәтті атсын лайым.
Еңбек күні келгенде,
Жарқырасын күн, айың!

12) Еңбек күнімен, экологтар!

Экологтар еңбегің,
Жана берсін әрдайым.
Қоршаған орта біздерді,
Нәр берер атар таңдайын!

Экологтар еңбегің,
Берсін дәйім жемісін.
Жұмыстарың сәтті боп,
Болсын еңбек жеңісің!

Экологтар тек алға,
Берсін жұмыс шатты күн.
Еңбек күні көбейсін,
Есік ашып жақсы күн.

13) Құтты болсын еңбек күн (ішкі істер орғандары)

Қарайлайтын елге әркез,
Ішкі істер органдар.
Құтты болсын еңбек күн,
Заңда істейтін орган бар!

Қызметтерің жанданып,
Еңбек берсін жемісін.
Қызмет, еңбек жолында,
Кеңейсің көп өрісің.

Еңбегіңіз сыйлап бақ,
Асулардан асыңыз.
Ішкі істер органдар,
Сәтті қадам басыңыз!

14) Еңбек күні құтты болсын қорғаушы!

Еңбек күні құтты болсын, қорғаушы,
Заң талабын жақтайтындар ең ізгі.
Еңбектерің берсін дәйім жемісін,
Құрмет етіп әрқашанда ел сізді.

Еңбек күні қуаныштар әкелсін,
Істеріңе берекетін, сәттілік.
Қорғаушылар, адвокаттар тек алға,
Бере бергін еліңе тек жақсылық!

Қызмет етер еңбегіңнің жолында,
Жеңістерің көп болсыншы әрдайым!
Еңбегіңнің жемісін көр қашанда,
Биікке өрлеп, қуанышта, жоқ уайым!

15) Құтты болсын еңбек күн, судьялар!

Құтты болсын еңбек күн, судьялар,
Еңбегіңіз ел үшін бағалансын!
Судьялар істеріңіз оңды болып,
Көңілдерің шаттана, даралансын!

Еңбек жолы сіздерге сәтті болып,
Адалдылық болсын тек әрбір істе.
Тілеріміз судьялар сіздерге тек,
Сәттілікті, шыншылдық әрбір істе.

Еңбек күні жанданып еңбектерің,
Қуанышқа бөленіп, кенеліңіз.
Еңбек беріп жемісін, жеңісін тек,
Шаттықты күн болсыншы көреріңіз!

16) Тәрбиешілер құтты болсын еңбек күні!

Тәрбиешілер жан ізгі,
Баланы ойлап жүретін.
Құтты болсын еңбек күн,
Жемістерін беретін.

Тәрбиешілер жұмысың,
Бақыт сізге әкелсін.
Балапандар қуантып,
Биік шыңға көтерсін!

Тәрбиешілер жаны ізгі,
Еңбектерің жандансын!
Үстем болып мерейің,
Барша адам таң қалсын!

17) Құтты болсын еңбек күн, журналистер!

Құтты болсын еңбек күн журналистер,
Еңбектерің жанданып, құлпырыңыз!
Жақсылықтың жаршысы болып сіздер,
Қуанышты, шаттықты үн қылыңыз!

Еңбек күні сіздерге шаттық сыйлап,
Еңбегіңнің жемісін көріңіздер!
Биіктерге жетелеп адал еңбек,
Елге жақсы жаңалық беріңіздер!

Еңбек жолы қуантып сіздерді тек,
Жарқыраңыз, жайнаңыз тілшілерім!
Жарқырасын, жайнасын нұрын шашып,
Журналистер шуақ қып көгіңде күн!

18) Еңбек күні құтты болсын, геологтар!

Құттықтаймыз сіздерді,
Бүгін еңбек күнімен!
Геологтар құрметті,
Нұр таймасын жүзіңнен!

Геологтар еңбегің,
Жана берсін әрдайым.
Еңбек беріп жемісін,
Жүріңіздер жоқ уайым!

Геологтар, сызбагер,
Еңбек жолың жандансын!
Істеріңіз оң болып,
Бар жақсылық арналсын!

19) Құтты болсын еңбек күн, спортшылар!

Құтты болсын еңбек күн,
Спортшылар еңбекқор!
Жана берсін еңбегің,
Қуанышын беріп мол!

Еңбек беріп жемісін,
Көптеп болсын жеңісің!
Абыройың асқақтап,
Кеңейсін көп өрісің!

Спортшылар тілейміз,
Сәттілікті сіздерге!
Жеңістерің көп болып,
Еңбек еткін ізгі елде!

20) Құтты болсын еңбек күн (билік өкілдеріне)

Құтты болсын еңбек күн келіп жеткен,
Елімізде билікте отырғандар!
Ел үшін деп қызымет қылыңыздар,
Адал жүрек, ардақты асыл жандар!

Жана берсін еңбегіңіз сіз жасаған,
Еліміз деп жасаған әр ісіңіз.
Еңбек берсін жеңісін әрқашанда,
Нәрін беріп елге бұл жемісіңіз!

Еңбек жолы әкелсін сәттілігін,
Биліктегі отырған игі жандар!
Жақсылықтың жаршысы өздеріңіз,
Жақсылықты игі іске тағы жалғар!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу