5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Шәкірт ұстазына)

 5 Қазан - Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Шәкірт ұстазына)

Дейді солай әкеміз:
"Ұстазыңды ұлықта!".
Дейді солай анамыз:
"Сыйлауды әр кез ұмытпа!".

Берген білім бұлағын,
Оятқан әр күніңді.
Мерекеңіз, мұғалім,
Құтты болсын бүгінгі!

Жүздік нұрлы кемеде,
Білім жолдың бәрі - күн.
Сізден алдық өнеге,
Сізден алдық тағылым.

Ізгіліктің қандайын,
Осы жолдан тапқаным.
Дейсіз бізге әрдайым:
"Әр шәкіртім - мақтаным!"

Көріп соның жемісін,
Жаныңыз да нұрланған.
Еткен еңбек ел үшін
Қол бұлғасын шыңдардан!

Ұялайсыз зейінге,
Тілекшіміз бәріміз.
Шәкіртке әр кез сүйін де,
Тек құрмет көріңіз!

Дейді солай әкем де:
"Ұстаз күнін ұлықта!".
Дейді солай анам да:
"Құттықтауды ұмытпа!".

Дейді солай бәрі де
Ұстаз берер тағылым.
Адамдардың бәріне
Сіңірген деп тәлімін.

Үлгі тұтқан білімді,
Тербеп жанның құштарын.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын, ұстазым!

Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру