Құдалық (Құда түсу)

 Құдалық (Құда түсу)

Байлық, дәулет,бақыт туралы әңгіме қандай көп.
Сондай бірінде «Бай – байға құяды, сай – сайға құяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде жүрген елеусіз Дана.
Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дәнекер болып дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті.
«Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді».
Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп қосылса – не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ләззаты – бір, сұлулық.Ұл-қыз –перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!

Қазақтың бір сөзінің қатесі жоқ;
Алдымен бауыздау құда, кейін қылауы түспеген құда, сосын белгілі бел құда, кейін Абай жарықтық қаһарлы қысқа теңеген кәрі құда болады екен. Абай атамыз кәрі құдадан қаймыққан, санасқан. Себебі кәрі құда іші-бауыры араласа келе бауырына айналып барлық сырын біліп қояды. Шынымен білек сыбанып кіріссе – біліп айтады, батырып, жаныңды ауыртып, бетті тіліп айтады. Яғни, дос болып жылатып айтады. Абай - дана міне осы құданы айтқан.

«Жігіттің үш жұрты болады» деп жатады. Дегенмен жақсы болса құдаларың да бір жұртың екені Айдан анық. Ақылды құдаң – құрдасың,ақылды құдағиың – сырласың емес пе?
Құрметті, қымбатты құдалар! Қазақтың «Асауды –ноқта, құданы – құдай қосады», «күйеу – жүз жылдық, құда – мың жылдық» деген нақылында бір мысқал қоспа сөз. Біз де құдай қосып құда болдық, ...........! күйеу бала мен келіннің – екі жастың ғұмыры жүз жылдық болсын! Құдалығымыз мың жылдық болсын!

Құдай қосып құда болдық!

Құдалар келді!
Қарсы алып жүгір, ағайын
Гүл менен биге ораңдар бүкіл маңайын!
Алдынан шықсын Аталар мен аналар,
Ақ қырау шалған самайын!

Күмбірлеп күй мен жаңғырып жаңа ән ойналсын,
Отыз күн ойын,
Қырық күн тойың тойлансын!
Жайылып жастық, иіліп төсек болайық,
Құдалар Аты байлансын!
Құтты да болсын,
қарсы алған құдаң гүлдермен,
жандар деп жатыр тәрбие көрген, үлгі өрген.
Асауды – ноқта,
Құданы құдай қосады,
Баянды болсын қызықтарыңыз бұл көрген.

Баянды болсын,
Бақ болып келсін келінің,
Арқалап келген бір елдің ұят, сенімін.
Ұлағатты жермен
ұластырсам деуші ең ұлымды,
түсті ме, көке, орнына бүгін көңілің.

Жаңбыр жауар бұлт келгенде түйіліп,
Сөйлейді ақын бір Аллаға сыйынып.
Сенің-дағы келіп отыр тойыңа,
Алты Алаш ел – алыс-жақын жиылып!

Тоймен бірге жасап жатсын құдалық,
Тұңғыш ұлға түсіпті ару-бұғалық.
«Көп тілегі көл болады» деген бар,
Жас келінің дана тусын бір алып!

Қош келдің құдай қосқан құдаларым,
Төрімде не десең де құп аламын.
Бір жүріп, бірге тұрып қызықтайық
Өмірдің енді келген нұр-алабын!
Құдалар өрлеңіздер төрімізге,
Қарап тұр екі рулы ел – бәрі бізге!
Жетейік кәрілікке сыннан өтіп,
Сыйластық қалсын мәңгі өңімізде!

Тәтті үміт болып
болашаққа жалғасқан,
Ерекше екен
алғашқы арман, алғашқы ән.
Құда боп келген –
қадамы құтты ел болсын,
Құдаларымыз
Бақ - өзен болсын арна ашқан.

Үйленіп жатыр,
қырдан да дүрмек, ойдан кеп,
Жақсы жандарға айқара құшақ жайған көп.
Есітіп жатырмыз –
құдалардың бұл түп тегі,
Аймандай ұл-қыз
Тудырған текті Жайдан деп.

Кімдер де болса ел екен етек-жеңі кең,
Қазақ даласын желпінткен алған демімен!
Ұлыларға тән ұнасымды болған құдалық –
Құдай бұйрығы,
Терезе түсті теңімен!
Құрметті құда......., құдағи....!
Таудан аққан тас бұлақтың суы қандай мөлдір,
Қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем!
Баламыздың көңілі құлапты,қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегендей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар!
Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Құдалықта айтылатын тілек
    3 + 6 -
    Отбасыңыз үшін әйнекті көтеріп,
    Ол сақтандырғыш жылмен бәсеңдетпесін,
    Бақыт пен үлкен сүйіспеншілік болсын,
    Барлық армандарыңыз өмір сүрсін!

    Үйде қуаныш, шаттық,
    Қиындықтар отбасынан кетуге мүмкіндік береді,
    Сіздерге сәттілік тілеймін, жақсы,
    Бір-біріңді сүйіңдер, әрдайым қамқорлық жаса!

    Біздің жас жұбайлар! Біз жақсы ертегілердің әрдайым үйлену Құдалықта айтылатын тілек тосттар қазақша тойымен аяқталатынын білеміз. Сондықтан үйлену тойы шексіз сүйіспеншілік пен керемет адалдық туралы ертегідегі ертегі болсын. Бұл ащы!

    Құрметті ____ және _____ (атаулар)! Бүгін сіз күйеу және әйелі болдыңыз, мен сіздерге бәрі жақсы, ең бастысы, сіздерге еске салуды қалаймын: сүйіспеншілік тек бір-біріне қарап қана қоймай, бір бағытта да қарайды! Бір бағытта қарап, бақытты болыңыз!

    Сіздің жаңа отбасыңыз үшін
    Мен осы құдалықта әйнек көтеремін
    Мен сіздерге жақсылық тілеймін,
    Үйлесім, махаббат, жылу!

    Енді олар бір, бөлінбейтін.
    Сізге екі қанат сияқты нәзік.
    Мен сіздің отбасыңызға бақыт тілеймін,
    Махаббат әрдайым гүлдейді!

    Мен әйнекті бақытқа көтеремін,
    Мен жас құдалық үшін түбіне ішім.
    Мен отбасыма жақсы тілеймін,
    Бәрі сізбен әрдайым болды!

    Сіз бір-біріңіздің рахатын көре аласыз,
    Әрқашан гүлденіп,
    Барлығын жүзеге асыру үшін,
    Сіз әрдайым жақын боласыз!

    Олар некені көкте жасайды дейді. Бүгінгі күні, үйлену күніңізде, сіздің одақыңыздың аспанды сақтап қалуын тілеймін, және барлық өмірлік қиындықтар мен дүниедегі проблемалар сізді ыңғайсыз етуге мүмкіндік береді. Бір-біріңді сүйіңдер және барлық өміріңді бақытты етіңдер.

    Мұнда екі сүйкімді жүрек біріктіріліп, сіздің бірлестікке арналған әйнекті көтеретін әдемі күн келеді. Және ештеңе сені бөле алмады, мен сіздерге үш шағын шындық туралы айтып бергім келеді. Біріншіден, Құдалықта айтылатын тілек тосттар қазақша назар аударыңыз: әрқашан бір-біріне мұқият болыңыз. Екінші — бұл әрдайым дамып келеді. Сіз, қалыңдық, батылдықты дамытасыз, ал сіз, қалыңдық, әрқашан бір-біріңді қызықтыру үшін әйелдікті дамытасыз. Үшіншісі — сенім. Бір-біріңе сеніңдер, екінші жартысы жақсы жаққа сенесіңдер, содан кейін жартысын осы жағы сізге жібереді!

    Мен осы тамаша жұптың көзілдірігін көтеру үшін барлық қатысушыларды шақырғым келеді. Олардың некедегі өмір бойы есінде болсын, ақырында, кім күшті, жақсы немесе бай екендігі соншалықты маңызды емес. Адамдар сізді бақытты сезінеді немесе одан да маңызды. Сізге өміріңіздің бақыт сезімін берерін тілеймін, сосын сұлулық пен байлықтың күшімен сізбен ешкім салыстырмайды!

    Құрметті жастар, бүгін сіздер үшін осы тамаша мереке күні сіздерді шын жүректен некеңіздің құттықтағым келеді және өткенге ешқашан өкінбеуіңізге, келешекке алаңдамай, бүгінге ризашылығыңызды білдіргім келеді. Сонда өміріңіздің барлық қуаныштарын толықтай бағалай аласыз!