Туған күнге арналған ерекше тілектер


Дүние есігін ашқан күн әркімнің өмірінде аса ерекше орынға ие екені анық. Кез келген адам өзінің туылған күнінде жақын адамдарынан ең әсерлі әрі игі тілектер естіп жатады. Соған орай, барынша есте қаларлықтай құттықтау сөзін айту туған күн иесінің достары мен туыстары үшін аса маңызды.


туған күн тілек сурет ерекше


Туған күн иесіне жаттанды құттықтауларды айтудан шаршағандар назарына еш жерде қайталанбайтын ерекше тілектер топтамасын ұсынамыз.

Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол, Екінші-тіл мен көзден аман бол, Үшінші-берекелі, беделді бол, Төртінші-арыстандай айбатты бол, Бесінші-ақылды, қайратты бол. Алтыншы - өнерлі бол.

Аққудың - ақтығын Өмірдің - пәктігін Арманның - ажарын Бақыттың - базарын Денсаулықтың - зорын Махаббаттың - молын тілеймін
Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады. Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.


туған күнге

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Аспаның айлы түндей ашық болсын, Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын. Айта берсек тілек көп таусылмайтын, Жаза берсек қалам көп майыспайтын. Жүректегі тілекті өлеңменен Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

Саған айтар тілек Таусылма еш жүдеп Қиналсаң - төз Жарыссаң - оз Ойнасаң - ұт Күрессең - жық Ешкімді басынба Басыңнан асырма Табысқа тасыма Намысқа жасыма Ешкімді күн деме Ешкімді тілдеме Сөзіңнен танба Қатарыңнан қалма Біреуді даттама Ешқашан кек сақтама Біреуді сыртынан айдама Өсекті тыңдама Шынығып шыңдал Жақсыдан үлгі ал!

Туған күн - ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар-тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесмділікпен кездеседі. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!

Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн - біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын! Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің. Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!


Қарап көріңіз:


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу