2022 жыл: Жаңа жылға арналған құттықтаулар, тілектер

жаңа жыл, құттықтау, тілек, 2022 жыл, құттықтаулар, тілектер

Жаңа 2022 жылға арналған құттықтаулар мен тілектер. Бұл жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын!


Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа айың,
Қуанышын сыйласын жоқ боп уайым.
Барыс жылы жетелесін мол табысқа,
Нұрын шашын, шырайлы күн мен айың.

Жиырма екінші жыл болсын бақыт жылы,
Әрбір жанның шырқалып ән мен жыры.
Бұл өмірдің сындары байқалмасын,
Жұлдыздайын жарқырап көңіл нұры.

Әрбір жанның орындалсын армандары,
Аман болып отбасы, мал — жандары.
Жаңа жылда жарқырап, жайнай берсін,
Ырзығымен толықсып қолда бары.


Мейірімдісіз, жүрегіңіз жылу берер,
Ақ жаулықты Анашым дара тұлғаң.
Сая болған біздерге пана болған,
Қуат алам жігерлі қанатыңнан.

Жаңа жылдың ақ таңы күлімдесін,
Бар жақсысын, қуанышын сізге арнап.
Барыс жылы сыйласын тәттілікті,
Бақытқа толы күндерді сізге таңдап.

Екі мың жиырма екінші жыл әкелсін,
Жайқалып тұрған жап-жасыл арай бағын.
Асыл анам, жан анам мейірімді,
Арайлы да шуақты боп атсын таңың.



Аспанымыз ашық болсын күн күлімдеп,
Жаңа жылда жақсылықтың таңы атып.
Екі мың жиырма екі келді міне,
Қуанышпен, шаттықпен бізге үн қатып.

Әрбір адам табысқа жете берсін,
Жаңа жылдың сезініп бар бақытын.
Асулардан қиынсыз өте берсін,
Жаратқаным сыйлап сізге бар жақұтын.

Барыс жылы саулықтың жылы болсын,
Саулығыңыз мықты боп, жігер мықты.
Арманыңыз орындалсын сіз аңсаған,
Тәнті етіп, таң қылып дүйім жұртты.



Пайдалы сілтемелер:


Ағайын, туыс-жарандар құтты болсын,
Келіп жеткен барыс жылы ортамызға.
Екі мың жиырма екі бақ әкелсін,
Қуанышын, шаттығын баршамызға.

Арайлы таңын сыйласын, шуақты күн,
Жігері мықты мойымас қуатты күн.
Жаңа жыл бұл жаңа табыс жылы болып,
Болмасыншы өкінішті, бірақты күн.

Көңіліміздің шаттығы ортаймасын,
Жаңа жылдың сезінсін арай бағын.
Ағайындар, туыстар аман болып,
Жаңа жылдың қарсы алсын талайларын.


Жаңа жылдан күтеміз жақсылықты,
Үміт жібін бойымызға байлап алып.
Ақ тілекті арнаймыз шын жүректен,
Алтындайын сөз маржанын сыйлап алып.

Бұл жаңа жыл құтты болсын баршаңызға,
Жаңа жылдың ақ таңын нұрға бөлеп.
Әр жыл сайын қуандырып келетін бұл,
Жаңа жылдың қашанда орны бөлек.

Жаңа жылда бір жас қосып, сөйлейміз біз,
Жақсылықты жақсыға біздер жалғап.
Оу ағайын құтты болсын бұл жаңа жыл,
Қуанышын әкелсін бізге арнап.


Мәуелі ағаштай тамырын терең жайған,
Жан анашым өзіңсің гүлзар бағым.
Жаңа жылың құтты болсын келіп жеткен,
Құт-береке әкеліп алтын тағың.

Барыс жылы табысты жылға айналып,
Алтын бұлақ арнасын аша түссін.
Саулығыңыз мықты болып жан Анашым,
Бар қиындық айналып, қаша түссін.

Көңіліңізде орналсын жайма шуақ,
Өміріңіз көктемдей құлпырып тек.
Бұл жаңа жыл сыйласын жанға қуат,
Әрбір таңды қарсы алып сіз күлімдеп.


Жаңа жылдың жаңа күні келді міне,
Құтты болсын ағайын, дос-жарандар.
Орындалсын аңсаған армандарың,
Амандықта, саулықта оу адамдар!

Өткен жылға өкпе жоқ, салауат көп,
Ескі жылды есіркеп жөн айтамыз.
Жаңа жылдан жақсылық, үміт күтіп,
Ақ тілекті жаудырып, көп айтамыз.

Барыс жылы қуаныш боп төрге шықсын,
Құшақ-құшақ шаттығын сыйлап бізге.
Екі мың жиырма екі құт әкелсін,
Бақыты мен шад күнін сыйлап бізге.


Жаңа жылда індет бізден аулақ болсын,
Ауырғандар айығып бұл дертінен.
Пандемея жойылсын жаңа күнде,
Мәңгі бақи аулақ боп жер бетінен.

Науқас жандар жазылып үйге оралсын,
Жаңа жылдың шаттығына бөленіп.
Барыс жылы баршаны қуандырсын,
Шад-шадыман мерекелік күйге еніп.

Әрбір адам бақытқа кенелсін тек,
Көктемдегі құлпырар күйге еніп.
Жаңа жылда бар жақсылық орнай берсін,
Барлық адам шаттанып, көңілденіп.


Жаңа жылмен сіздерді құттықтаймын,
Жаңа жылда бар қуаныш орнасын деп.
Ырыс пенен бақ-береке бірге үндесіп,
Раббым Алла әрқашан қолдасын деп.

Жаңа жылдың әр таңы нұрлы болсын,
Адамшылық, сыйластық құнды болсын.
Жиырма екінші жыл бізге шаттық сыйлап,
Әрбір жанға таусылмас бақыт қонсын!

Жаңа жылдың әр күні бақ әкелсін,
Қуанышы таусылмас сәт әкелсін.
Еселеніп табысы Алла жар боп,
Бар жақсысын еселеп нақ әкелсін!


Құрметті достар!

Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа 2022 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың.

***

Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2022 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2022 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2022 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

***

Жаңа 2022 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Келді тағы жаңа 2022 жыл,
Қуантуға біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!

***

Жаңа 2022 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2022 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2022 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

***

Барша қазақстандықтарды жаңа 2022 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2022 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

***

Жаңа Жыл – бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

Атаға тілек

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр бір-бірімізге күн сайын жылы сөз айтуға ырық бермейді. Желдей жүйткіген уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Сол себепті осы сәтті пайдаланып, ататайым, сізге алғыс айтқым келеді. Әр Жаңа жыл келіп жеткен сайын жарық дүниедегі әр сәтім үшін мың шүкіршілік айтамын! Мұның барлығы біздің болашағымыз үшін аянбай еңбек етіп, ата-анамызға жақсы тәрбие берген өзіңіздің арқаңыз. Мен үшін көңіліз аппақ қардай таза, ал мінезіңіз ұлпа қардай жұмсақ. Қабағыңыздан қаңтардың суықтығы мен ажарыңыздан ақпанның аязды кейпін көргім келмейді. Барлық аялы армандарыңыз орындалып, жүрегіңіз жылудан айырылмасын! Сіз мен үшін үнемі сағынышпен тосатын Аяз атадай қымбатсыз! Бірақ есейгелі сізді беретін сыйлықтарыңыз үшін емес, жәй ғана қасымда болғаныңыз үшін жақсы көремін!

Әжеге тілек

Тілеуімді тілеп, әрдайым еркелігімді көтере білген, мен ауырсам, жаны ауырған, көрмей қалса, сағынған әжетайым, Жаңа жылыңыз құтты болсын! Бар тәттіні аузыма тосып, қызықты ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған өзіңізді жан-жүрегіммен жақсы көремін. Жасыңыз ұзақ болып, ешуақытта ауырмаңыз. Көңіліңіздің кеңдігі мен асыл өсиеттеріңіз үшін көп рахмет! Әрқашан бала-шағаңыздың қызығына кенеліп жүре беріңіз!
Мен үшін атам екеуіңіздің бір жастықта қартайып, жүздеріңіздегі нұрлы күлкіні көруден артық бақыт жоқ. Кеудеңіздегі лүпілдеген “моторыңыз” ақаусыз жұмыс істеп, жүздің бірнешеуін жасаңыз! Алдағы өміріңіз ой-шұңқырсыз кең әрі тегіс болсын! Әр сәт сізге бақыт пен қуаныш қана сыйласын!

Әкеге тілек

Әкетайым, өмірдің түрлі соқпағына қарамастан бізді өрге тартып, тағдырдың суығына тоңдырмай мәпелеп, ыстық махаббатыңызға бөлегеніңіз үшін рахмет. Келер Жаңа жыл сізді тек жақсы тосынсыйларымен қуантсын! Деніңіз сау болып, жарқын жүзіңізді ешуақытта мұң шалмасын. Сүйенсем — тірегім, құласам — сүйенерім болған өзіңізсіз. Маған осы күнге дейін жасаған жақсылығыңыз үшін алғысым шексіз және оларды ешуақытта ұмытпаймын. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Әрдайым шаңырағымыз мол әрі берекелі болсын! Анам екеуіңіз балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіздер. Сіздердің жанымда болғандарыңыз мен үшін үлкен бақыт! Рахмет сіздерге!

Анаға тілек

Баға жетпес асылым, мені өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай осы күнге дейін есен-сау жеткізгеніңіз үшін сізге мәңгі қарыздармын. Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілегім өзіңізге арналады. Бала-шағаңыздың ортасында күліп-ойнап, бақытқа бөленіп, шаттыққа кенеліп жүре беріңіз. Келіп жеткен 2021 жыл сізді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымда жайқалып жүре беріңіз. Сіздің жүрегіңіздегі шексіз мейірім мен аялы алақаныңызға тең келетін ешнәрсе жоқ. Шырайлы шапағат пен шуаққа кенеліп, әр таңыңыз қуанышты сәттерге толы болсын, ешуақытта ауырмаңыз. Осындай көңілді мерекені бірге қарсы алуды бұйыртқан Жаратқанға алғысым шексіз. Алда талай жылды бірге қарсы алуды бұйыртсын. Тамырын тереңге жайған қарағайдай бәрімізге сая бола білген өздеріңізді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, бақытты ғұмыр тілеймін!

Сүйіктіме тілек

Жаным, біздің өміріміз сылдырлап аққан өзен секілді. Сіздің алда кездескен қайғы мен қиындықтардан жеңіл өтіп, бақыт атты сарқырамаға жетуіңізге тілектеспін. Ал мен әрдайым жаныңызда қолдаушыңыз боламын. Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінде шындыққа айналсын. Көңіліңіздің аспаны ешуақытта түнермесін, жаманшылық атаулысының барлығы сізді айналып өтсін. Шын жүректен әлемнің бар жақсылығы мен асылын, қуанышы мен байлығын тілеймін! Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, сізді үлкен бастамаларға жетелесін. Мен де, балапандарымыз да сізді шексіз жақсы көреді. Кез келген сәтте сүйенішіңіз болуға дайынбыз! Осыны ұмытпаңыз!

Достарға тілек

Уақыт ешкім тоқтата алмайтын алып кеме секілді. Сол кеменің жүрісімен біз де өмір толқындарымен араласып, арпалысып, балалық шақ жағалауына қол бұлғап, бүгінде ересек шаққа жеткен жайымыз бар. Осы ұзақ жолда күресте жеңе білгендер, жеңіліп ағыстың ағынымен кеткендер жетерлік. Өздеріңнің осылардың алғашқыларының қатарында болғандарыңды қалаймын. Алда кездесетін сан қилы қиындық пен ауыртпалықты бастағы ақылмен, сабырлы мінезбен жеңе біліңдер. Аспанның бұлтсыз болмайтынын бәріміз білеміз. Бірақ жаңа 2021 жылы шуақты күндер көп болсын! Аңсаған армандарыңа жетіп, тек бақытты сәттердің куәсі болыңдар! Ең бастысы денсаулықтарың мықты болсын!

Балама тілек

Алтыным, ботам, панам, біздің өмірімізде бар болғаның үшін рахмет! Өзіме не тілесем, саған да соны бергім келеді. Сен үшін күйіп, маңдайдан сүйіп тұратын жақындарды, қолдары ашық болатын, жаныңа ғашық болатын асыл жандардың ортасында жүруді тіледім. Жаныңды жалғызсыратпайтын жар кездессін. Алдыңнан шыққан кедергілердің бәрін жеңіп, алып мұраттарыңа асқан табандылықпен жете біл. Алла-тағала сені тек биіктерден көруді жазсын. Әр қадамыңа гүл, келбетіңе нұр, қиялыңа қанат бітіп, жасыңа жас қосылсын. Жаңа 2021 жыл саған тек қызықты да қуанышты сәттер алып келсін!

Өзіме тілек

“Тағы бір мәрте шалыс басып, қолыңнан бірнәрсе келмей жатса да, сүрініп құлап, жерде жатсаң да, тағы бір рет қателік жасап, жаңа қадам жасауға қорықсаң да, сен әрдайым қолдау көрсетіп, сенім артуға лайықсың…” Жоқ, мен бұл сөздерді айналамдағыларға емес, өзіме айтамын. Біз өзімізді бар қалпымызда қабылдауға лайықпыз. Ішкі дауысымыз бір топ адам айтқан әннен қаттырақ шығуға лайық. Біз өзімізге қайта-қайта мүмкіндік беруге лайықпыз! Сол себепті, Жаңа жыл мерекесімен, алдымен, өзімді құттықтаймын. Осы күнге дейін қиындықтарға мойынсұнбағаның үшін рахмет, асылым. Алдағы жылы өзіңе күтім жасап, шексіз жақсы көруге уәде беремін.


Қажетті сілтемелер:

  1. Жаңа жыл туралы суреттер
  2. Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер
  3. Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар
  4. Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар
  5. Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  6. Ата-ана жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  7. Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
  8. Жаңа жылға арналған өлеңдер
  9. Жаңа жылға арналған тақпақтар
  10. Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Барыс жылы тілек
    1 + 0 -
    «Б» дан басталған, Сендерге арналған тілекті қабыл
    алыңдар!
    Барлықтарың, Барыста барынша бай, бауырларың бүтін, бақытты болыңдар! Бастарыңа бақ, береке, бірлік, бақыт бекісін! Баспаналарыңнан бауырсақ, бесбармақ, балқаймақ, бал, балық бітпесін! Балаларың беспен бітіріп, білімді, білікті, белсенді, батыр бастық болсын! Бөпелерін бесікке бөлейтіндер бітпесін. Босағаларыңа байтал, бота, бұзау, бұқа байлансын! Бабаларымызды, барымызды бағалай білейік!✊
  2. Оқырман Бота
    Оқырман Бота 31.12.2021 13:24
    1 + 0 -
    Салеметсызбе. Жана жылынызбен. Казакша ыздесен неге орысшага ауысып кете береды. Казакша турынде шыкса.
    1. zhararalikhan
      zhararalikhan 01.01.2022 22:13
      0 + 0 -
      браузер тили орысша болып тур сизде, переводчик озгертип жатыр, браузер тилин казакшага озгертиниз
  3. Оқырман Нариман
    0 + 0 -
    Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын ?
  4. ZHARAR 31.12.2020 18:05
    4 + 3 -
    Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет, еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын.

    *** *** *** ***

    Сізді келе жатқан Жаңа 2020 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.

    Жаңа жыл — қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
    Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

    *** *** *** ***

    Бұл жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.

    *** *** *** ***

    Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін. Сіз үшін ......... жыл — барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты жыл болсын.

    *** *** *** ***

    Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.

    Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.

    *** *** *** ***

    Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!

    *** *** *** ***

    Алдағы жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
  5. ZHARAR 31.12.2020 18:04
    0 + 2 -
    Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір!

    Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

    *** *** *** ***

    Ескі жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады.

    Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

    *** *** *** ***

    Лайым Жаңа жыл барлығыңа тек қана жаңа қуаныш, жаңа бақыт, жаңа табыс алып келсін!

    Ортамыз ойсырамай, Алла тағала жылдан жылға аман — есен жеткізе берсін! Бәріңе мықты денсаулық, берекелі байлық тілеп, жаңа бастаған істерің оңынан шешіліп, соңынан тойлап жүре беріңдер демекпін!

    Жаңа жыл құтты болсын!

    *** *** *** ***

    Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

    Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, Құт-береке әкелсін баршаңызға. Аңсаған арманыңыз орындалып, Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

    *** *** *** ***

    Жаңа жыл — жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.

    *** *** *** ***

    Жаңа жыл құтты болсын!
    Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!

    *** *** *** ***
  6. Гена
    Гена 31.12.2020 00:29
    0 + 0 -
    Жана жыл кутты болсын 2021
  7. SmartMan
    SmartMan 27.12.2020 03:24
    0 + 1 -
    2021 жаңа жыл құтты болсын
    1. ZHARAR 29.12.2020 01:20
      0 + 2 -
      2021 жыл жақсы жыл болсын