Балабақша | Көрікті көктем

 Балабақша | Көрікті көктем

Тәрбие сағат тақырыбы: Көрікті көктем

Тәрбие сағат мақсаты: Табиғаттың әсем бейнесін музыка арқылы сезіне білу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Дауыс жаттығулары арқылы сөйлеу дикциясын, тыныс алу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбие сағат көрнекілігі: Күйсандық, үнтаспа, тайтұяқ, төсбелгі, әр түрлі гүлдер, слайд материалдары.

Тәрбие сағат барысы: І. Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
(қимылымен көрсету).

Балалар марш әуенімен дөңгелене залға кіріп тұрады. Қонақтармен амандасады. Жаттығу әнін айтып, жаттығулар жасау (денелерін ширату мақсатында).

2. Жыл мезгілдерін сұрау, жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне тоқталу.
Ән айтпас бұрын (тамақ жібіту) дауыс жаттығуларын жасату. Слайд арқылы әтештің суретін көрсету.
А) до – до – до; ру – ру – ру;
- Балалар, әтеш қалай шақырады?
Слайд арқылы құстың суретін көрсету.
Балалар: ку-ка-ре-ку..
- Құстар қалай сайрайды?
- Чик-чирик, чик-чирик..

ІІ. Негізгі бөлім.
Көктем туралы жұмбақтар қойылады, балалар жұмбақтың шешуін табады. Көктем мезгілі туралы түсіндіру, ерекшеліктеріне тоқталу.
«Төлдер» әні.

Көктем мезгілін көрнекілігімен көрсету. Құстардың дыбысын тыңдату.
Жаңа әнмен таныстыру, әуенімен таныстыру. Шумағымен, әуенімен айтып көру.

Сергіту сәті:
Шомылып нұрға атырап,
Ағаштар жайды жапырақ.
Далаға бірден таралды,
Гүлдерден жұпар шашырап.

Таңғажайып сәт.
Бәйшешек кіреді.
- Мен көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің ән айтып, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдар ма?
- Иә!
Жүргізуші: Онда бізбен бірге болып, балалардың өнерін тамашала.
Бәйшешек: Ендеше мен бір би ала келдім, менімен қосылып билеңдер балалар.
«Гүлдер» биі. (қыздар билейді).
Бәйшешек: Жарайсыңдар, қыздар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Айтқаныңды қайталайды,
Өзі бірақ айта алмайды. (жаңғырық)

Әуенді – дидактикалық ойын.
(есту қабілетін тексеру үшін).
Тайтұяқты соғады, балалар қайталайды. 2-3 рет, ұзақ – қысқа дыбыстарды тайтұяқ арқылы соғып көрсетеді, балалар қайталайды.

Ұлттық ойын: «Бұқа тартыс».
Төрт орындық қойылып, балалар қолдарындағы тулақты төрт бұрышынан ұстайды. Ең бірінші тартып, орнына отырған бала жеңімпаз атанады. Жылдамдық, шапшаңдықтарын тексеру мақсатында ойналады.

Қорытынды: Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетін балалардан жеке-жеке сұрау, балаларды мадақтау.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру