file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ауыл

 Ауыл

Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап.
Қой қаптады қойнауда,
Қозы, лақтар жамырап.

Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз.
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
М. Әлімбаев

Біздің ауыл
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса...
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.
Әйтеке би атамыздың,
Есімімен аталған.
Қаздай болып тізіліп,
Әдемі үйлер салынған.
Мешіт те бар ауылда,
Саябақ бар тағы да,
Өзге ауылға бара қалсам,
Тез қайтамын ауылымды сағына.
Өскенде мен ауылыма,
Үлкен үйлер саламын.
Сосын оны жырлауға,
Дайын әркез қаламым.

Туған ауылым Белқопа

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы


Туған ауылым Белқопа,
Астана ол елорда.
Белқопа орта мектебі.
Құстар әлемі көктегі.

Ауыл маңында

Ауыл маңы саз, саз, саз.
Жайылады қаз, қаз, қаз.
Жем шашсаң, мәз, мәз, мәз.
Тоймай қалса қаз, қаз, қаз.
Шашқан дәнің аз, аз, аз.
Мұзафар Әлімбаев

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру