Балабақшамен қоштасу
Құрметті оқырмандар! Балабақшамен қоштасуға арналған тақпақтар мен өлеңдерді ұсынамыз. Мында балалардың және балабақша тәрбиешілеріне арналған қызықты тақпақтар жинақталды.
Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Нұраби
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Едік аппақ нәресте
Көп - көп бөбек көргенде
Жұбанғаным есімде
Эльдар
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Арслан
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған Отан қуансын
Зейнура
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз
Арина
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Тәрбиеші:
Қандай ғажап күн бүгін
Күміс күлкі жан - жағын
Күлімдеген бар бала
Ән айтады шаттана
Тәрбиеші: Рахмет көп - көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Мансур
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Айгул Қонысбековнаға мың алғыс
Балабақшамен қоштасу тақпақтары
Жанерке
Жайдары жүз, ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын Манзура апайға көп рахмет
Инабат
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Дәрігер апай мың рахмет
Зейнура
Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Күнсұлу, Дана апайларға мың алғыс
Ерали
Тәтті тағам пісіпген
Айран сүтін ішкізген
Айжамал, Жанар апайлар
Сіздерге мың алғыс
Шарапат
Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Айгүл апайға
Айтамыз біз мың алғыс
Дилназ
Бізді баптап қараған
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Гүлмира апайға көп рахмет
Тәрбиеші: Жаңа өмір басталсын,
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі
Көңілде мәңгі сақталсын!
Жанерке:
Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Үлкен болып, өсекте,
Бақшамызды қимаймыз
Ерали:
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Мына ойыншықты сыйлаймыз.
Тәрбиеші:
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Балабақша меңгерушісі құттықтасын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: балабақшамен қоштасу, қош бол балабақша