Ғабиден Қожахмет | Қаракесектердің қалжыңы
Жазғы уақыт еді. Кешкі мезгіл. Қараңғылық енді түсе бастаған шақ. Апасы мен көкесі ауызғы бөлмеде шай ішіп отырған. Жандарында әлі мектепке бара қоймаған бұл отырды. Бір кезде ауызғы бөлменің желмен толқып, тербеліп тұрған жапқышын серпіп тастап үйге бір жұмаланған кемпірдің кіріп келгені. Кемпірдің басында өңіріне түсіріп тартып алған шашақты жаулық, үстінде жеңсіз камзол, камзолдың сыртынан белін қабаттай буынып алған, қолында талдан жонып жасалған ұзын ақ таяғы бар. Кемпірді көріп апасы мен көкесі құрақ ұшты:
- Кел! Кел, апа! Шайға кел! Жоғары шық!
Кемпір апасынан жоғары өтіп барып, көкесінен төмен отырды. Бұл келіп отырған көкесінің қарамағында байланыс бөлімінің механигі болып істейтін кісінің шешесі еді. Апасы кемпірге шай құйды. Кемпір салған жерден көкесіне қарап отырып, әңгімесін бастады.
- Қолғанат, маған пенсиямды бер! Маған ақша керегіп тұр! - деді.
Көкесі бұл кісінің зейнетақысының қағазы әлі келе қоймағандығын, сондықтан зейнетақысын бере алмайтындығын айтты. Бірақ кемпір оған тоқтамады. "Жоқ, бер, Қолғанат! Сенің қолыңнан келеді. Беремін десең, беріп жібере аласың", - деп қоймады. Апасы да түсіндіріп көрмек болып еді. Кемпір түсінер болмады. Тек "Бер, бер! Маған ақша керек! Пенсиямды бер!" дей берді.
Көкесінің, жалпы, мінезінің қатаңдығы да бар кісі болғанымен, кейде үйде дастарқанның басында отырғанда, балалармен де қалжыңдасып, отыра беретін де бір мінезі бар еді. Ал енді кейде отбасылық шешілуге тиісті мәселелер айтылып қалса, ондай мәселелер, әдетте, дастарқанның үстінде, төрт көзі түгел жиналып отырғанда көкесіне қаратып айтылады ғой, сонда көкесі бұл мәселені қалай шешсек екен дегендей, дастарқанның бетіне қарап ойланып отырып та қалатын мінезі бар. Көкесі дәл қазір де сол қалпымен ойланып отырып қалған еді. Кенет сөйлеп отырған кемпірдің ха-ха-ха-ха деп, еркектің даусымен қарқылдап тұрып күліп жібергені. Күлкінің тым оқыс шыққаны соншалық, көкесі кемпірге жалт қарады. Апасы да жалт қарады. Қарама-қарсы отырған бұл да кемпірге тесірейе қарап қалыпты. Кенет кемпір шымқай тартқан басындағы жаулығын иығына түсіріп жібергенде, бұл ешқандай да кемпір емес, бастығымен қалжыңдасып отырған сол кемпірдің ұлы, механиктің өзі болып шықты.
Мынаны көргенде көкесі не күлерін, не ашуланарын білмей отырып қалды. Механик болса, ішек-сілесі қатып күліп жатыр.
- Қатырдым, әй, Қолеке! Осы жолы қатырдым емес пе?! Сенің ойланып отырып қалғаныңды көргенде бар ғой, шыдай алмай, еріксіз күліп жібердім, - дейді.
Енді көкесі де күлді. Апасы да күлді:
- Сен бе едің?! Бағанадан бері саған апалап отырмын-ау!
Сөйтсе, бұл кісі кешкі шайын ішіп болысымен, үйдегі электрмен жұмыс істейтін бір құрылғыны жөндемек болып, құралдарын іздеп ішкі бөлмеге кіреді. Дәл сол кезде кереует үстінде тұрған апасының киімдеріне көзі түседі. Сірә, апасы бұл киімдерді құдайыға, той-томалаққа ғана киіп баратын болса керек. Әлгі кісі осы киімдерді енді апасынша киіп алып, жұбайын күлдіріп көрмек болады. Сөйтеді де, киімдерді киіп, қолына апасының ақ таяғын ұстап, бүкірейген қалпы тұра қалып, бөлмеге жолдасын шақырады. Бөлмеге кірген әйелі күйеуін көріп, ішек-сілесі қатып күледі.
- Апама ұқсап тұрмын ба? - дейді әлгі кісі.
- Айнымай тұрсың деймін! Тура апамша киініп алыпсың. Ал апамның сөйлеген сөзін, дауысын мүлтіксіз, айнытпай салып тұрсың!
Сөйтіп, ана бөлмеде демалып жатқан үлкен кісінің мына бөлмеде "көшірмесі" сөйлеп тұрады. Сонан соң әйеліне:
- Ендеше, осы қалпыммен барып, Қолғанатпен де қалжыңдасып қайтайын, - деп шыққан беті екен.
Көкесі бұл кісіге ренжи алмайды. Өйткені бұл кісінің руы - Қаракесек. Ал Кіші жүздің Қаракесек руы - көкесінің анасының шығып отырған жері. Көкесінің анасы - Қаракесектің қызы. Жалпы, көкесінің де мінезі, ашуы бар кісі болғанымен, Қаракесектер онымен қатты қалжыңдаса береді екен. Көкесі де оларға ренжімей, анамның шығып отырған жері осы кісілер ғой деп, қайта солардың қалжыңынан жаны кіріп, өзі де солармен өмірде қалжыңдасып жүргенді жақсы көріпті.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Ғабиден Қожахмет Қаракесектердің қалжыңы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Қаракесектердің қалжыңы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке