Сүлеймен Баязитов | Абылай Мәшһүр жазбаларында
Мәшһүр Жүсіпті ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ғалым ретінде танып-біле бастаған шақта оның осы саладағы еңбегі том-том болып жарық көрді. Алғашқысында кейбіреулерге асыра айтылған сөз ретінде көрінген де болар. Енді, міне, сол күңгірт күмән сейіліп, Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті (Мұнан әрі жазбалары) үлгілерімен қалағанымызша сусындауға мүмкіндік алдық. Оған басты себеп Мәшекеңнің «ЭКО» ЖШС баспасынынан 2013 жылы 20 томдығының жарық көруі.
Осы томдықтардың 9-томы 14 беттен 160 бетке дейін қазақтың ұлы ханы Абылайға арналған. Басқа томдарында да Абылай туралы жазғандары кездесіп отырады. Сол мұраның «Абылайдың тұтқын болуы» атты әңгімелеріне тоқталмақпыз. Аталған әңгіме 10 нұсқадан тұратыны көрсетілген (А.Қ.Жүсіпова).
Соның біз айтып отырған жинақта 5 (бірінші нұсқасы ақынның 2001 жылы жарық көрген 8 томында жарияланған.) бірінші және екінші нұсқаға әңгіме біршама қайталанатындықтан, біз сөзді үшінші нұсқадан бастауды жөн көрдік. Негізгі шиеленіс Қалдан Шерінің он сан оймауыт , тоғыз сан торғауыт туған Сына батырдың әкесінен қашып барып, Абылай ханға паналауы. Мұның алдында бір жарықта Қалдан Шерінің Сәру деген інісін Абылай мерт еткен екен. Қалдан Шерін: « Менімен жауласпай тыныш тұрамын десе, Сына батырды тірідей қайырып берсін!» – деп Абылайға елші жібереді.
Абылай хан: «Бұтаға қорғалаған торғайда қалады» деген сөз бар еді. Бұта құрлы болмасам, тірі болғанда неге жараймын?!» – деп бермепті. Абылайдың өзге хандардай айбынып, алдына түсіп бүлкектеп кетпеуі бұлай бола берсе түптің түбінде қасқая қарсы тұрар қарсыласы боларын түйсініп түсінген Қалдан еліне жар шақыруға мәшбүр еді.
Абылайды тірі ұстап әкелгендерге Аюке қызынан туған Топыш сұлуды беремін деп, ат жалын тартып мінген қалмақтың жақсылары мен жайсаңдары, батыры мен бағландары атқа қонады. Солардың арасында Жалбы деген Жайсаң уақ Өтеген мергенді ұстап алады. Жанынан қорыққан ол Абылайдың қайда жүргенін айтып қояды.
Сөйтіп Абылай қолға түседі. Абылай бұлардың бір ғана өзі үшін аттанған қосын екенін білгенде: «Күтінбеген елді шабыншылыққа ұшыратпас»! –деп, – Іздеген Абылайы мына – мен! – депті, осы арада үшінші нұсқа мен төртінші нұсқадағы азғана айырмашылыққа тоқтала кетейік. Екінші, төртінші нұсқада Қалдан Шерін: «Маған көрсетпей зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтаңдар», – делінсе, үшінші, бесінші нұсқада Қалдан Шерін ай далаға ақ боз үй тіктіріп, құда, күйеу түсетін үйдей жайнатып, төсеніш төсеп: «Абылайдың жалғыз өзін сонда кіргізіңдер!» – деп пәрмен берді делінген. Осы нұсқаларға ортақ бір жайт – қалмақтардың, Қалдан Шеріннің пәрменіне сәйкес «Жеті күн, жеті түн ас-су бермеңдер.
Сегізінші күндетолы аяқ қара суға, тобықтай тоң май салып апарып, Абылайдың қолына ұстатыңдар» деуі осы жай екінші нұсқада Абылай суды ішіп еді, майы не ерімеді, не аузына келмеді. «Үрсем кетпейтұғын неме едің, өкпелемей келетұғын неме емессің ғой», –деп...аспанға бір-ақ атты делінсе, үшінші нұсқада: «Үрсем, кетпейтін неме едің, өлсем, аузыма келер емессің ғой!» – деп, аяқты төрден есікке қарай лақтырып жіберіпті. Қалдан Шеріннің қара болса аяқтағы суға (Төртінші нұсқа) қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр деген екен. Көріп тұрғандар көрген-білгендерін айтып барғанда:
«Шіркін, анық бекзат, шын дегдардың өзі екен ғой!» – десіпті. Басына күн туған сәтте өзінің емес, жұрттың қамын ойлаған Абылайдың өршіл рухты жау жүрек жан екенін, оның бір өзі үшін аттанған қол екенін білгенде, «Күтінбеген елді шаптырып қайтемін» деген тосын шешімге келуінен-ақ аңғаруға болады. Ал жеті күн, жеті түн зынданда (Тіпті арнайы тігілген киіз үйде болсын) жападан жалғыз жүйкеге тиер.
Мұның арты немен тынар екен (басым алуы да мүмкін ғой) деген ауыр да, азапты ой кешіп ас-сусыз аштан бұралып жатқанына қарамастан «Төрт жігіт жалаңаш қылыш алып барыңдар», – депті хан. «Ханнан жарлық болды, Қарадан жабдық болды. Сенің мейманаң толды! Құдайдан сізге жазу бұйрық осы болды деп қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер», – дейді. – Біреуіңнің астарыңа кіріп кетсе де шауып жіберіңдер, егер сарқасқа текеше қайқайып отырса, шаппаңдар. Тағы қайта келіңдер, – дейді.
– Көрген-білгендеріңді айтып келіңдер, – дейді. Бұл мәтін Мәшекең жазбасындағы бірінші нұсқада «сіздің мейманаңыз толды» делінсе, екінші нұсқада «толды» сөзі қалып кеткен.Бірінші нұсқада «басын қорттаса» деген сөз, екінші нұсқада «астарыңа кіріп кетсе» деп берілген. Үшінші , бесінші нұсқада алдағы нұсқаларда жоқ «Берген асты ішпесең мә, өзіңнің қаныңды іш» деп дүрсе қоя беріңдер», –делінген.
Үшінші нұсқада: «Жасқанып жалтақтамаса, тимей қайтып келіңдер», – деген хан пәрмені: «Жасқанбаса, селт етпесе», –деп берілген. Екі сыннан сүрінбей өткен Абылайды ең шешуші үшінші сынға шақыртқанда, жіберген адамына (үшінші нұсқа, қалған нұсқаларда жоқ): «Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады» деуші еді қалың қалмақтың жиылған тобының ішінде басын өз қолыммен кесіп, ту сыртынан жарып, өтін өз қолыммен алып, қанын ұрттаймын деп шақыртты деңдер, үрейі ұшып, құты қашып, қалбалақтап кіріп келер ме екен? Жоқ , өңі-түсі қашпай, сескеніп шіміркеніп аяқ баспай, жаймашуақ, жадағай көркейіп келер ме екен?! Бұл да– бір сын!» – дейді.
Қалдан Шерін Абылайханды басқа бір үйді түзеттіріп, тағын сонда қойғызып, өзі тоқсан сәргерделінің қатарына отырып, тақты бос қалдырыпты. Есіктен кірген Абылай үй ішіндегілерге көз тоқтатып қарамастан бірден бос тұрған таққа барып отырыпты. Сөйтіп ханның қара болса, бос тұрған орын осы ғой деп босағада отырар деген есек дәмесінің тағы да күлін көкке ұшырады.
Тақтың тұсында тастан жасалған құдайсымақтарының қасына Абылайдың отырғанын шам көрген қалмақтар қауқылдаса бастайды. Сонда Абылай айтты дейді:
– Жақсы кезеңге таласады, жаман отыратын орнынан адасады. Отыратын орнынан адасатын мен жаман ба? Тақ үстінде ханның орны болады. Оның құты қашты, менің аруағым, бақ-талайым жоғарылап асты,сондықтан өз орнын ол тастай қашты. Бұл орынға қалмақтың ханы Қалдан Шерін отырмағанда, қазақтың ханы Абылай отырмағанда, шайтан отыра ма?! – дейді. Сол сәт өзін Абылайдың танып қалғанын аңғарған хан:
– Уа, Абылай, Сәру қайда? – деп сұрайды. Бір емес, үш рет сұрайды.
Сонда Абылай:
– «Сәрумін» деп Сәру айтпады, «Кеспеймін» деп қару айтпады! – деп бір жауабынан танбаған екен. Сонан соң Абылай өзінің қолға түскенін, пенде болғанын ойына да алмайтынын айта келіп:
– Өлсем –ойымнан, тірі болсам– бойымнан кетпес үш арманын ауызға алады. Оның біріншісі қыл құйрықты қазаққа сауын айтып, қыл құйрықты қазақты жиып, Сәруше қан майданда өлмей, сәйгел қуалап шыққан тайыншадай, түлкі қуып, бүркіт салып жүргенде, қапыда түстім-ау! деп армандаймын.
– Бірі қазақтың арқасын тамға сүйремей, аузын нанға бөлемей, құлан, киіктей құба жонда тиянақсыз тұрақсыз қалдырдым. Бірі төрт атадан бері қарай жалғыз едім, туысқаным жоқ еді, балам жоқ еді. Өзім кетсем, бір өзім емес, төрт жанның тұқымы құрығаны ғой! Мұндай мұң Қалдан Шеріннің басында бар екен. Сонысын айта келіп: «Бұ дағы мынау қарағым, бөбегім сықылды екен», – дегенде, Абылай:
– Алдияр хан, төреңізге құлдық! –депті.
– Сен қуанғандай, не төре тиіп қалды? – дегенде, Абылай оның өзін:
«Көзіңнің ағы мен қарасы бөбегіңе теңедің, өз бөбегіңді өзің өлтіресің бе?!» –депті. Осымен әңгіме тұйықталып, мәре-сәре болысып, «Құлындағы сақауын, құнандағы тісеуін» айтысыпты.
Біз де әңгімені осы арадан ат басын іркіп, Мәшһүр жазбасындағы Абылай бейнесіне азды-көпті тоқтала кетейік. Абылайдың өршіл рухты, жау жүрек жан екенін жоғарыда айтып өттік. Жазбаны онан әрі оқу барысында, онан асқан сабырлы, айбынды ақыл иесі бір Аллаға шексіз сенген хақ мұсылман –Алладан басқадан ажалым болмақшы емес! екеніне шүбәсіз сенесің. Сонымен қатар шешендігі – «Сәрумін» деп Сәру айтпады, «Кеспеймін!» деп қару айтпады! Асқақ арманы (Қазақтың арқасын тамға...) таңқаларлықтай.
Оның осы қасиеттері Қалдан Шеріннің қанды қылышынан қаза болмай, азамат басының азат болуына Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды Абылайға қосуына себеп болғанына шүбәсіз сенесің. Осы арада Қалдан Шеріннің Топышты Абылайханды ұстап берген адамға емес Абылайханға қосуының себебі де айқындала түсетіндей. Ол, біріншіден, Абылайдың бір сөзділігі, екіншіден, болса керек «әке балаға сыншы» демекші жалғыз ұлы Еженнің пайымсыздығы, түймедейді түйедей ететін ұрыншақтығы оның күндердің күнінде мұраға тиер таққа ие бола алатындығына күмәнін арттырғандай.
Сондықтан да болар Қалдан Шерін: «Мынау жалғыз балам Еженді менің орныма хан көтеріңдер, үш жылға ешкім бетіне келмеңдер», – деп өсиет етіпті. Ақыры, әкесі Қалдан Шерін сияқты Ежен де қалмақтардың қолынан қаза табады. Ал Топыш сұлудың бауырлары Қырғын Күш Абылайға келіп паналайды. Мәшһүр Жүсіп өз жазбаларында Абылайхан заманын, оның азаматтық бейнесін, айбынын, ел тізгінін қолға ұстаған тұстағы кемелдігі мен көрегендігін, ақыл аясының кеңдігін, досқа адал, дұшпанға қаталдығын асқан шеберлікпен бейнелей білген.
Оның ел аузында жүрген Абылай жайлы әңгімелерді ерінбей, жалықпай жинап, оны бірнеше нұсқада жүйелеуі, сөйтіп келер ұрпаққа құнды мұра қалдыруы, қалам қуатының кемелдігі, ойының кеңдігі – үлгі тұтарлықтай. Әлденеден Мәшекеңнің осы жазбаларын шебер пайдалана алатын сценарист болса, Абылай хан туралы әйдік фильм түсіруге болар еді-ау деген ойға келеді.
Сүлеймен Баязитов

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Сүлеймен Баязитов Абылай Мәшһүр жазбаларында туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сүлеймен Баязитов Абылай Мәшһүр жазбаларында на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке