Сүлеймен Баязитов | Ат

  Сүлеймен Баязитов | Ат


Павлодардың көдесін текке таптаман,

Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.

Келген жұртты алдау үшін ойнадым,

Уыс толы олжа таппай қоймадым.

Әткеншектер көздің жауын алатындай айнала

Көңіліңді аулар еді жай ғана,

Қырдан келген табындардың ішінен

Аузын ашып ат таңдадым тісінен,

Аумалы бақ мағандағы бұйырды.

Ат алдым базардан аңдарсың күйімді,

Қалдырмас ол мені, сірә, алыс-жақын жолда ол.

Атыластай құлпырған қара түсті сәйгүлік енді

Маған жолдас ол.

Булы көбік үстін жапқан сапардан соң салқындаған,

Жуан тамыр жұқа тері астында тыным таппай солқылдар.

Жанарымды қадаған ем терең өткір от ойнаған көзіне,

Алаулаған қыр оттары елестеді көзіме.

Папахаңды жерге ұр да қара да тұр қағып сәтке таңдайды,

Жел желпіген жібектейін қара жолы қандай-ды.

Қожасымен іштік, жедік қысыр сөзден ауызымыз көпіріп,

Әткеншекті құйындатып тептік дерсің лепіріп.

Хош бол, қожа, алдымыздан аңқиды иісі жусанның,

Таңдай кеуіп алыс жолда қатты шаршап сусадым.

Шықты неше қарсы алдымнан құм дағы,

Ұйтқи соққан бұрқасыны жеңіспенен ұрыстардың мұндағы.

Гробниден Тысаға дейін сайды, баурайды,

Батқан күннің сәулесі матадан червон аумайды.

Бірінші мен атты әскердің аттарының тиген табаны

Ақша бұлттар бізге алыстан аққу боп қанат қағады.



ПАВЕЛ ВАСИЛЬЕВ

Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру