Сүлеймен Баязитов | Жарылыс жаңғырығы
Семей полигоны. Ондағы жарылыстар туралы соңғы жылдары аз айтылып жүрген жоқ. Полигон төңірегінде болған әрқилы демонстрациялар, телемарафондар, ең ақыры астанамыз Алматыда «әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» конгресі дүние жүзінің ақ жүректі адал жанды азаматтарын мазасыздандырған ғасыр қаруының қаншалықты қатерлі күшке ие екендігін айқын аңғартса керек. Алайда соған қарамастан, полигон төңірегінде күні бүгінге дейін бірін – бір қарама – қайшы екі ұдай пікір қалыптасып отыр. Оның шырқаған шындығы қайсы? Осыны әлі күнге дейін басын ашып, ажырата алмай жүргендер аз емес.
Ал оған одақтық, мерзімді баспасөз беттерінде, радио, теледидар арқылы берілген кейбір ғалымдар мен журналистердің өзара сұхбаттары да аз себеп болып отырған жоқ. Тіпті олардың кейбірі жарылыс әуеде және жер үстінде ядролық – сынақтар жасалған 1949 – 1963 жылдарда атом сәулесіне ұшыраған адамдар жайлы дерек ешқайда сақталмаған, ондай болған күннің өзінде, ол шамалы болғанға ұқсамайды деген уәж айтады. Ал бұл байламмен полигон төңірегінде туып, ержеткен, осында өмір сүріп, еңбек еткен кез – келген адамның келісе алмасы хақ. Өйткені, өткен – кеткенді ой безбенінде саралай келіп, жарылыс зардабының талайларды жалмап кеткеніне көз жеткізесің.
Ғалымдардың айтысына қарағанда, ашық аспан астында жасалған жарылыстан соң ауаға таралған радиация желмен, жауын – шашынмен жерге түседі екен. Ал ауа – райы қашанда құбылмалы болып келетін қыр жағдайында полигонның иегінің астында тұрған біздің аудан түгіл, одан жүздеген шақырым алыс жатқан аймақтарға, желдің соғу жылдамдығы секундына 20 – 30 метрге жеткен жағдайда, радиоактивті тозаң санаулы уақытта – ақ салып – жетіп үлгермей ме? Қашанда желдің өтінде, шүмектеп жауған жаңбырда, қарлы боранда қоғам малын көзінің қарашығындай сақтау жолында жан аямай еңбек етіп жүрген малшылар қауымы қырдың алаулап атқан таңын, жанға жайлы қоңыр самалын, құтырына соққан желі мен шелектеп құйған жаңбырын отар шетінде , қыр төсінде қарсы алады емес пе?! Ендеше, радиацияға өзгелерге қарағанда бірінші тап болатын да солар ғой...
Жарылыс әуеде және жер үстінде жүргізілген сол бір жылдар да өзім жақсы білетін үш – төрт шопанның қылтамақ атты дауасыз дертке ұшырап, көз жұмғаны есімде. Солардың бірінің көңілін сұрай келген адамдарға :
- Ата – бабамызда жоқ бұл кеселдің қайдан пайда болғанына ақылым жетпейді. Бәрінен де ішер асың бола тұра, аштан өлу азап екен, - деген қиналысқа толы сөздері жадымда қалыпты. Одан кейін де сан адамдар қылтамақтан,әртүрлі қатерлі ісік ауруларынан көз жұмып жатты. Сол қасіреттің бұл күнде еселеп арта түскенін ешкім де жоққа шығара алмас. Сондықтан да жоғарыда айтылған өзім білетін қылтамақтан көз жұмған аяулы жандардың бұл арада есімдерін атап әруақтарын күңірентуді жөн көрмедім. Тек аталған жылдарда, экологиялық апаттың негізгі көзі болып отырған завод – фабрикалардың көк тіреген биік мұржаларынан күні – түні толассыз көтеріліп жататын көк түтін некен – саяқ болатын. Міне, осыдан – ақ көп жайды аңғарар едік.
Тек екінің біріне, егіздің сыңарына түсінікті тайға таңба басқандай, басы ашық мәселенің өзін ғылыми негіздегенсіп шыға келу біздің елде әдетке айналғандай. Тіпті басқаны былай қойғанда Чернобыль трагедиясы, сол төңіректе тұратын халықтың мұңы мен зары үш жылдан соң ғана ел назарына ілігіп, мойындалуы осының айғағы емес пе?
Керемет – ай, қан жылаған халықтың қасіретке толы өксікті үнін сол өңірде жарты есті ана жарық дүниеге әкелген сәбидің жарқыншақ үні басып кете жаздағаның қайтерсің. Осы фактіні негізге алған ғалымдар дүрлігетін түк те жоқ, барлығы да қалыпты, тіпті ұрпақ өсіріп, өсіп – өнуге мүмкіндік бар деп жар салып жатты емес пе?
Қалай дегенмен де сол ғалымдардың үніне құлақ түріп, оларға құдайша сенетіндер біздің арамызда да жоқ емес екен. Солардың кейбіреулері:
- Құр даурықпа, айғайдың қажеті не, жарылыстың зиянсыз екендігін ғалымдар дәлелдеп отырған жоқ па? Олар білмейді дейсіңдер ме? Полигонды жабу мемлекетке қанша зиян екендігін неге ескермейсіндер? Қаржы қайдан табылмақ ? Жаппай мұның өзі кезінде әлдекімдердің депутат болғысы, атақ алғысы келіп көтерген мәселесі дейді ғой, тіпті біздегі белсенділердің де ішкі есебі жоқтығына кім кепілдік бере алады? – деген сияқты уақ әңгіме сабақтайды.
Бір таңданарлығы, мұндайлар ұлы Абай бабамыздың « үлкендерім сөз айтса, бас изеймін шыбындап» деген өлең жолдарын есімізге оралтады.
Оқыған - білген жақсы, ал оқығанды, естігеніңді өзіндік ой таразысына салып, айнала төңірегінде болып жатқан жағдайлармен ұштастыра ой, байлам жасау қажет емес пе. Тіпті, жаңағы сырт сөзге сеніп, солай дейді ғой деушілердің бірі болмаса, бірінің күні кеше ғана жасы 40 пен 50 - дің арасында қатерлі ісіктен, не қылтамақтан қайтыс болған ағайынына, не ауылдасына топырақ салуы, не болмаса төсек үстінде аталған дерттің бірімен ауырып, өмірінің соңғы минуттарын аласұрып өткізіп жатқан адамдардың көңілін сұрап шығуы да мүмкін ғой. Тек әр нәрсенің байыбына барып,ойланбайтынымыз өкінтеді.
Қуантатыны, ондайлар аз. Астанадағы, облыстағы «Невада - Семей» қозғалысын қолдаушы адамдарды сөз етпей, өз ортамызға оралар болсақ, жұртшылық арасында Семей полигонының қауіп – қатері жайлы шырылдап айтып, жұмыс жүргізіп жүрген, соғыс, еңбек ардагері Рымтай Ізбастин, дәрігер Қарлығаш Машрапова, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Алпысбек Әділханов, Қазақ ССР халық депутаты, жазушы Әбіш Кекілбаев болған кездесуде Семей полигоны жайлы алаң көңілдерін аңғартып сауал қойған «Жосалы» совхозының директоры Қапен Төлеубеков, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы совхоздың директоры Шаймұрат Бозтаевтар туралы ризалықпен айтуға болар еді. Ал аудан орталығында болған демонстрациялардың бірінде еңбек ардагері, ардақты ана Қанипа Смағұлова апайдың жанарына жас ірке тұрып, «өсер – өнер ұрпағымыз үшін полигонның жойылуын талап етеміз» - деген әлсіз үні зор дүмпу туғызды.
Жоғарыда аталған кездесуде Баянауыл астық қабылдау пунктінің директоры Зоркен Маханов атамыз компенсацияға 40 процент беріле қалған жағдайда сол қаражатқа осы күнгі талапқа сай құрал – жабдықтармен жарақталған емхана, аурухана салынса деген ұсыныс айтқан жоқ па. Бұл бірдің емес, мыңның пікірі десек, бәлкім, үлкен қателік те бола қоймас.
Кейінгі кезге дейін полигондағы жарылыстарға байланысты біздің аудан тұрғындарының зардап шегіп отырғандығы мойындалмай келді. Тек «Невада – Семей» қозғалысының жергілікті активистері мен Қазақстан Компартиясы аудандық комитеті бұл мәселені жүйелі түрде, асқан қажыр – қайрат жұмсай отырып, жоғарғы орындарға жеткізуде . Алайда әзірше оң өзгерістер сезілмеуде.
Ал Семей полигонының біздің ауданға қатыстылығы мәселесі төңірегінде сөз қозғайтын болсақ, бұл арада басын ашып алатын жайдың бірі – аудан аймағының полигонмен шекаралас жатуымен қатар, сексенінші жылдардың басында құрғақшылық болып, шөп өспей қалуы салдарынан Октябрьдің 40 жылдығы, С. Торайғыров атындағы, « Южный» және бірқатар совхоздардың пішенші – механизаторлары аталған полигон аймағында тұрып, жем – шөп әзірлейді. Дайындалған жемшөпті тасып алуға ондаған транспорт, жүздеген адамдар жұмылдырылды...
Жарылыстан пайда болған шұңқырдағы радиацияның мөлшері 1100 микрорентген болса, оған таяу жердегі Егіндібұлақ ауданының шаруашылықтары шөп дайындайтын көрінеді. «Бұлардың шабындықтарындағы радиация 100 -150 микрорентген денгейінде» деп жазды Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті өзінің 1990 жылғы 13 шілдедегі № 161 санында. Ал осы аталған аймақта біздің ауданның пішенші – механизаторлары да жемшөп дайындаған, тіпті олар сөз болып отырған шұңқырларға жиналған суларға түсіп жатты. Олардың арасында мектеп оқушылары да аз емес еді. Жемшөп дайындаушы механизаторларға бұл жерде болып, біршама уақыт тұрып, жұмыс істеу «әсіресе сол кездегі балаларға» ешбір ізсіз, зиянсыз өтсе , оған біз өте қуаныштымыз. Алайда аталған газеттегі деректерді оқу көңілге біршама қобалжу ұялатып, қолға қалам алғызғанын несіне жасырайық.
«Аманат» газеті.
Сүлеймен Баязитов

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Сүлеймен Баязитов Жарылыс жаңғырығы туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Сүлеймен Баязитов Жарылыс жаңғырығы на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке