Сүлеймен Баязитов | Дүрліктірді төңіректі

  Сүлеймен Баязитов | Дүрліктірді төңіректі

(Сықақ)



– Мына көрші ауылда

Мал құлағы саңырау...

Кешегі қатты дауылда

Жеті үй жанып ...

-Жаным-ау!

Тіптен дымы қалмапты,

Шиеттей-шиеттей үш баланы

Өрт ұшқыны жалмап кетті

Деген келінін

Енесі бір сәт ірікті.

– Өтірік екен, әй, мұның,

Көрші анығын біліпті.

Тек, әттең,

Өтірік өсек

Елден елді шарлап кетті.

Ұзын құлақ былай қалып,

Интернет, БАҚ біткен зарлап кетті.

Ауылдан шалғайда жүргендер,

Бұл хабарды естіп білгендер,

Жүректері нашарлары талып қалды.

О, дүниенің

Есігіне емініп барып қалды.

Дәрігелер дәрі беріп, ине салып,

Аман алып қалды.

Естерін жиған соң,

Білмек боп барып халді,

Жер түбінен келіп жетті.

Осылай

Өтірік- өсек пәлеңіз,

Жұрттың

Біразын еңіретті,

Дүрліктірді төңіректі.



Сүлеймен Баязитов

Facebook


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру