Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы

  Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы


Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.

Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады. Жақсыбай атамыз 5-сынып оқып жүрген кезінде алғашқы өлеңі «Пионер» газетіне жарияланған екен. Мұны көрген Жақсыбай атаның Таң ауылындағы достары Науша ата мен Сахи ата Жақсыбай атаға хат жолдайды. Ол хатта: -Біз сенімен мақтанамыз. Өлеңіңді көріп қуанып қалдық. Біз сенің ақын боларыңа кәміл сенеміз!-деп Жақсыбай атаның ақындық жолға түсуіне себепкер болған. Міне, сол сәттен бастап Жақсыбай ата қолынан қағазы мен қаламын тастамапты. 1961-1964 жылдары Қызылорда қаласындағы дәрігерлік училищесін «фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдап, Жалағаш ауданында санитарлық-эпидемиологиялық станциясында 1984 жылға дейін жұмыс атқарады. 1984-1999 жылдар аралығында аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясында жауапы қызметкер атанған. Жақсыбай ата ақындық жолынан қол үзбеді. Журналистика факультетіне түсу үшін сынақ тапсырды. Сынақтан өте алмаса да, Қызылорда педагогикалық институтының «Тарих-филология» факультетін сырттай оқыды. 1981 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының VII съезіне, 1993-1996 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының II-III құрылтайларына делигат болып сайланған. 1982 жылы өлеңдері «Көңіл әуендері» және 2002 жылы «Жыр-жұлдыз» деген атпен Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген. Есімі «Сыр өңірі» тарихы, «Жалағашым жасыл бағым» атты кітаптарға енген. 1992 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңында өткен облыс ақындарының арасындағы жыр мүшайрасында бас жүлдені иеленген. «Еңбек ардагері», «Астана», «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы», «Жеңістің 50 жылдығы», «Парламентке-10 жыл» медальдарымен қоса, Қазақстан Республикасының 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен марапатталған. 2002 жылы «Сырдария-Жырдария» атты өнер фестивалінің арнайы белгісіне ие болған. «Қазақстан журналистер одағының мүшесі» ретінде баспасөз беттерінде түрлі тақырыптарға жазылған мақалалары жарық көрген. Аудандық және облыстық мәслихаттарға делигат болып сайланған. Аудандық оқушылар үйінен «Өлкетану» үйірмесін ашқан. 2009 жылы аудандық мәслихаттың шешімі бойынша «Жалағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілген. Жақсыбай ата ыдық керейт руынан шыққан. 1 қыз, 2 ұл тәрбиелеп өсірген аяулы әке, 7 немеренің қамқор атасы болған. Жақсыбай атамыздың жұбайы – Анар әжеміз. Бүгінде атамыздың көзі тірі болса, 75 жасқа толар еді. Қаламы қарымды ақынның арамыздан кеткеніне 5 жыл толды. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей Жақсыбай ата халық жүрегіне өшпестей із қалдырды. Ол салған із өшпейді, өшпек те емес.

Өз шығармашылығымнан Жақсыбай атаға аранаған өлеңім:

Алып тұлға өмір сүрген халқы үшін
Арқалаған елінің мол алғысын.
Өлеңінде жалындаған бір мән бар
Оқыған жан өлеңімен сусындар.
Шектелмеген бір ғана мамандықпенен
Мұғалім боп, шәкірттерге тәлім берген.
Дәрігер боп, арқалаған сенімді
Журналист боп қалам ұстап қарымды.
Ұмытылмас, ел жадында мәңгілік
Жырдан-жырға қосады оны, ән қылып.
Ұрпақтары ардақтайды есімін
Ел жадынан өшпесіне сенемін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру