Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ
Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады».
Фашист командованиесінің 1941 жылдың сентябрінде Москваны қорғаушы совет жауынгерлеріне қарсы шайқаста 77 дивизиясы, бір миллионнан астам адамы, 14 мыңнан астам зеңбірек пен минометі, 1700 танк пен 950 самолеті болды.
Оларды соғысқа тәжірибелі генералдар бастап барды. Гитлер оларға бағыт бере отырып «орталық» армия тобының штаб мәжілісінде былай деді: «Москваны бірде — бір орыс солдаты, бірде — бір тұрғыны, мейлі ол — ер адам, әйел немесе бала болсын тастап кете алмайтындай етіп қоршау керек, қаладан қашып шығудың қандай да жолын күшпен аяусыз басу керек».
Шешуші жеңіске жететініне сенген Гитлер бүкіл дүние жүзін 7 ноябрь күні Қызыл алаңда өзінің «жеңілмейтін» әскерлерінің парадын өткіземін деп жариялады. Басқыншы армиясы тылда гитлершілерге арналған парадтық әскери киімдерін ала жүрді. Совет астанасын тез арада басып алуына сенімді неміс-фашист командованиесі шығыс майдан солдаттарына арнап ұран тастады. Онда былай деп жазылды: «Солдаттар, сендердің алдарыңда Москва тұр. Соғыстың 2 жылында континенттің барлық астаналары сендердің алдарыңда бас иді, сендер ірі-ірі қалалардың көшесінде еркін жүріңдер. Енді тек Москва қалды. Оны өздеріңе бас идіріңдер, оған өз қару күштеріңді көрсетіңдер оның алаңдарында жүріңдер. Москва — соғыстың соңы. Москва — бұл демалыс. Алға». Москваға басты шабуылды бастаған фашист әскерлері оның қорғаныс шебін бұзып, Вязьма ауданында батыс және резерв фронты мен Брянск фронтының кейбір күштерін қоршауға алды. Қызыл Армияның бөлімдері қатаң және қан төгіс күрес жүргізе отырып, Шығысқа қарай шегінуге мәжбүр болды. Бір ай ішінде жау 230—250 км. алға жылжып, Калинин, Волоколамск, Можайскіні басып алып, Тулаға жақындады. Москваға қауіп төнді.
Совет Одағының маршалы Г. К. Жуков жағдайды былай деп жазды: «Неміс-фашист командованиесі Москваны басып алу мақсатында «Тайфун» атты жоспарын қабылдай отырып, совет әскерлерін Вяземск — Москва және Брянск — Москва бағытында талқандап, Москваны солтүстіктен оңтүстікке қарай қоршап, тез арада басып алуды» іске асырмақшы болды.
Бұл қатерлі мезгілде коммунистік партияның басшылық және ұйымдастырушылық ролі арта түсті. Партия жауға қарсы күресті ұйымдастыра отырып, социалистік құрылыстың ерекшелігіне, еліміздің экономикасының артықшылығына, халқымыздың моральдық саяси бірлігіне сенді. 19 октябрь Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті қаланы қоршау жағдайында деп жариялады. Мемлекеттік мекемелер, көптеген фабрикалар мен заводтар, халықтың басым көпшілігі шығысқа эвакуацияланған болатын, бірақ жоғары басшы аппарат, партияның Орталық Комитеті, Жоғарғы Бас командованиесінің ставкасы Москвада қалған еді. Москва партия ұйымының басшылығымен астана еңбекшілері туған қаланы қорғауға аттанды. «Сіздердің әр қайсысыңыз қай постыда тұрсаңыз да, қандай жұмыс атқарып жүрсеңізде, Москваны қорғаушы армияның жауынгері ретінде сезініңіз», деді. Орталық Комитет және МК ВКП(б) секретары А. С. Щербаков өзінің астана тұрғындарына сөйлеген сөзінде.
Москваны қорғауға бүкіл совет халқы жұмыла кірісті. Москва партия ұйымының шақыруына жауап ретінде үш күн ішінде москвалықтардан 170 мың, Москва маңайындағы еңбекшілерден 140 мың арыз түсті, өз еріктерімен Москваны қорғаушыға көмектесуге сұранды. Халық еріктілерінен Москвада 12 дивизия жасақталды. 600 мың адам Москваны қорғау бекіністерін салысуға қатысты. Москваға қауіп төнді. Бұл әрбір совет адамына қатты әсер етті. Және бұл халықты жеңіске ұмтылдыра түсті. Сол күндері Алексей Толстой былай деп жазды: «Москва бұл — біздің мәдениетіміздің идеясы. Москва арқылы біздің болашаққа жолымыз басталады». Москваны қорғауға бүкіл халық ынталанды. «Туған Москваға көмек», «Астананы ерлікпен қорғаймыз» деген ұрандарды толқымай оқу мүмкін емес. Республикалардың алдыңғы қатарлы адамдары барлық күшті неміс әскерлеріне қарсы жұмылдыру керек деген ұранмен газет беттеріне мақалалар жариялады. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл халықтарға: «Москва үшін өмірімізді құрбан етуіміз керек» деген ұран тастады. Бұл бүкіл халықтық ұранға айналды. «Біз Отанымызды, туған Москвамызды сүйеміз. Біз әрқашан сенімен біргеміз. Сен өзіңнің мәдени, тарихи істеріңмен бүкіл халықты тарта білдің»,— деп жазды Мартирос Сарьян (арменияның ұлы суретшісі).
Москва үшін шайқаста орыс халқымен бірге, Совет Одағының басқа ұлттары ерлікпен күресті. Бұл шайқаста бауырлас республикаларда құрылған ұлттық әскери бөлімдері ерекше роль атқарды. Жауға қарсы Қазақстанның 312, 316, 391-ші 377-ші атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
1941 жылы октябрьдің ауыр күндерінде батыс майданның әскери кеңесі жауынгерлерге мынадай үндеу таратты: «Жолдастар! Біздің мемлекетіміз үшін сын сағат туған кезде әрбір жауынгер өмірі Отан үшін пида. Отан сіздердің әр қайсысыңыздың аса зор күш жұмсауыңызды талап етеді, ерлік, батырлық, табандылық қажет. Отан бізді мызғымас қамал болуға және фашистік орданың Отанға және сүйікті Москваға баратын жолын қорғауға шақырады. Қазір еш уақытта болмаған қырағылықты талап етеді, темірдей тәртіп, ұйымшылдық оқиғаға байланысты шешімді бола білу жеңіске деген мойымас ерлік және өзіңді өзің құрбан ете білуге дайын бола білу».
Майдандағы жауынгерлер бұл шақыруға жаппай ерлік көрсетумен жауап берді. Көп ұлтты совет халқының табандылығы мен ерлігі, ержүректілігі және өзін-өзі құрбан етуге дейін бүкіл патриотизмі мен интернационализмі Москва қорғаушыларының болып көрмеген ерлік көрсетуінде жарқын бейнесін тапты.
Полковник А. П. Белобродовтың 78-ші, В. И. Полосухиннің 32-ші, генерал майор Н. Ф. Лебеденконың 50- ші, полковник Т. О. Мартиросянның 239-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Әсіресе Қазақстанда құрылып, Москваны қорғау барысында 8-ші гвардиялық болып аталған генерал И. В. Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен офицерлері ерекше көзге түсті. Бұл көп ұлтты дивизияның жауынгерлері 33 күн бойы Волоколамск бағытындағы маңызды аймақты табандылықпен ұстап тұрды және өз кеуделерін төсеп қорғады.
Саяси жетекші Клачковтың жетекшілігімен жасаған жиырма сегіз батыр ерлігі дүние жүзілік даңққа жетті. Олардың ішінде орыстар Иван Шадрин, Николай Трофимов, қазақтар Нарсұтбай Есеболатов және Әлікбай Қосаев, украиндық Григорий Петренко, қырғыз Дүйсенқұл Шопоков және басқалар болды. Оларды әр қайсысы саяси жетекші Василий Клачковтың «Россия кең-байтақ, бірақ шегінуге жер жоқ, артымызда Москва»,— деген жауынгерлік ұранын жүрегімен қабылдады. Олар жауынгерлік достығын өздерінің қандарымен жазды, бірақ жауды жібермеді.
«Қымбатты қазақстандықтар! Москва үшін ерлікпен шайқасыңыздар. Сіздер сүйікті астанамызды жыртқыштар торабынан туған анамыздай қорғаңыздар» — деді ұрыста ауыр жараланған, саяси жетекші Манап Мусин жан тапсырар алдында. Оның осы бір жалынды сөзі басқа жауынгерлерге бұйрықтың өктем үніндей естілді. Міне, Отан үшін шайқаста коммунистер мен комсомолецтер әрдайым алғы шепте болып, ерліктің өнегесін көрсете білді. Панфиловшылар қысқа мерзім ішінде жаудың бір танкілі және моторлы екі жаяу әскер дивизиясын талқандады. 1941 жылдың 12 ноябрінде «Правда» газеті былай деп жазды: «Панфилов дивизиясы жауынгерлері, командирлері мен саяси қызметкерлерінің ғажайып ерліктері жауды еріксіз жерге көмілуге мәжбүр етті».
1941 жылдың 18 ноябрі дивизия жауынгерлері үшін даңқты күн болды. Осы күні 316-шы атқыштар дивизиясына гвардиялық дивизия деген атақ беріліп, ол Қызыл Ту орденімен наградталды. Бұл қуанышты хабар Совет үкіметінің қазақстандықтардың майдандағы ерлігін жоғары бағалағандығының айғағы еді. Бұл хабар панфиловшылардың жігерін тасытып, Отанға деген сүйіспеншілігін бұрынғыдан да арттыра түсті. Москва түбінде өзбек жерінде жасақталған көп ұлтты 258-ші атқыштар дивизиясы ерлікпен соғысты. Полковник Сиязовтың басшылығымен осы дивизияның жеке құрамы 1941 жылдың октябрь — ноябрінде жаумен қиян-кескі ұрыста жан аямай Туланы қорғады, Чириннің басқаруындағы взвод үш сағаттық ұрыста 40-тан астам гитлершілерді құртты. 13 октябрьдің өзінде 999-шы полктың әртүрлі ұлттарының жауынгерлері мен офицерлері жау позициясына он екі рет шабуылға шықты. 991-ші полк жаудың 112-ші жаяу әскер дивизиясының шабуылын бір өзі ұстап тұрды.
Москва түбіндегі ұрыстың даңқты беттерін полковник Я. Я. Вейкин басқарған 201-латыштың атқыштар дивизиясының жауынгерлері мен командирлері және саяси қызметкерлері жазды. Наро — Фоминск ауданында қарсыласқан шабуыл ұрысын жүргізе отырып, латыш дивизиясы 1941 жылдың 19 декабрінен 1942 жылдың 11 январына дейін 13 мың тұрғын халқы бар елді пунктерді азат етті. Осы уақыт аралығында жаудың 4 мыңнан астам солдаты мен офицері құртылды, 5 танк, 60 автомашина, 113 пулемет, 97 миномет, 38 зеңбірек, 1 мыңнан астам винтовка және көптеген басқа ұрыс техникалары мен қаруларын қолға түсірді.
Латыш халқының ұлдары бұл ұрыстарда өздерін батыл және социалистік отанға шын берілген жауынгерлер етіп көрсете білді. Ол туралы 1941 жылы 23 декабрьде «Правда» газетінде: «Латвияны басып алған соң немістер латыш халқының момақан ғана тыңдауын күткен еді. Бірақ басқыншылар қателесті. Латыш солдаттары мен офицерлері Қызыл Армия жауынгерлерімен, командирлерімен иық тіресе неміс басқыншыларына қарсы шайқасты. Бостандық сүйгіш тамаша латыш халқының дивизиясы ерлікке қабілетті екенін көрсетті». Қолбасшылардың жоғары әскери шеберлігін және жеке ержүректілігін Москва түбіндегі жерде болған шайқастарда белорус халқының ұлы генерал-майор Л. М. Доватор көрсетті. Атты корпусты басқара отырып, ол полктарды шеберлікпен жауға қарсы шабуылға бастады. Неміс-фашист басқыншыларына күтпеген жерден ойсырата соққы берді. Даңқты кавалеристердің ішінде орыстармен, украиндармен, белорустармен бірге қазақ, өзбек, түрікмен, тәжік, қырғыз және басқа СССР халықтарының өкілдері де аз болған жоқ, олар жау гарнизондарын құртты. «Соғыс — Совет Одағы тығыз топтасқан бұрын әлем ешуақытта көрмеген халықтар достығының бір семьясы екендігін көрсетті. Қызыл Армия қатарындағы барлық ұлттардың жауынгерлері өз отанын шексіз беріле қорғады, тамаша күресті, аса ұлы ерлікпен батырлық көрсетті. Дәл осыны біздің жауымыз ешқашан күтпеп еді», — деді М. И. Калинин.
Бес айға созылған ауыр ұрыстың барысында гитлершілердің «жай оғындай» соғысының жоспарын бұзып, Қызыл Армия жау қолынан шайқас-шабуыл қимылдарының инициативасын өз қолына алды. 1941 жылғы ноябрь-декабрьде совет әскерлері Дондағы Ростов және Тихвин аудандарында фашист әскерлерін айтарлықтай жеңіліске ұшыратты. 6 декабрьде Қызыл Армия Москва түбінде тікелей шабуылға шығып, ірі жеңіске жетті. Даңқты совет әскерлері II мыңнан астам қалалар мен деревняларды азат етті. Сонымен бірге Калинин және Калуганың облыс орталықтарын азат етіп, Туладағы қауіпті тоқтатты. Жау Москвадан 100—120 км. жерге қуылып тасталды және совет армиясы жаудың 11 танк, 4 моторланған дивизиясын және 23 жәяу әскер дивизиясын құртып жіберді. Қалған «Центр» армиясының құрама тобы орасан зор шығынға ұшырады. Дұшпан өлідей, жаралы 33 мыңдай адамын, көптеген әскери қару-жарағы мен әскери техникасын жоғалтты. Москва түбінде өз даңқына масаттанған гитлершіл армия алғашқы рет ірі жеңіліске ұшырады. Осы жерде фашистік әскердің «жеңілмейтіндігі» туралы аңыз жоққа шығарылды. Москва түбіндегі жеңіс одан әрі Совет халқының сенімін арттырып, гитлершіл Германияға қарсы ұрыста қолы жеткен табыстары бүкіл прогрессивті адамзаттың фашистік езгіден құтылуының үміті болды. Москва қорғаушыларының ұлы ерлігін Совет үкіметінің коммунистік партиясы өте жоғары бағалады.
Әртүрлі ұлттардың ондаған мың жауынгерлері, командирлері және саяси қызметкерлері Совет Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталды. 1 миллионнан астам адам «Москваны қорғағаны үшін» медалін алды. Ерекше көзге түскен 110 жауынгерлерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Олардың ішінде орыстар В. В. Талалихин, В. А. Зайцев, В. Г. Клачков, украиндар А. А. Бондаренко және Д. Ф. Лавриенко, белорус Л. М. Доватор, қазақ И. Есеболатов, қырғыз Д. Шопоков және тағы басқалар бар. Осылайша коммунистік партияның басшылығымен совет халқының көп ұлтты мемлекеті фашистік Германияны бірінші рет тықсырып жеңіске жетті. Москва түбіндегі жеңіс соғыс барысында түбегейлі бетбұрыстың басы болды. Бұл жеңіс Совет Одағының фашизмге қарсы соғыста сөзсіз жеңіске жететіндігін көрсетіп берді. Жау өзінің жоғалтқан орасан зор шығынын жасыра алмады. «Орыстардың соққысының күші және бұл тікелей шабуылдың серпіні — деп жазды, фашистік генерал Типпельскрих,— катастрофаға ұшырауға аз-ақ қалды». Гитлер сәтсіздіктің бар кінәсін, бар жауапкершілігін өз генералдарына аударуға асықты. 19 декабрьде ол құрлықтағы әскерлердің бас командашысы фельдмаршал Броуичты орнынан алып, бұл орынға өзі отырды. Неміс фашист әскерлерінің жоғары командалық құрамында өзгерістер жүргізілді. Москва түбіндегі жеңіліс, жеңіс салтанатына әбден мастанған фашистік армияны және бүкіл герман халқын ойлануға мәжбүр етті. Шығыс майдандағы неміс солдаттары мен офицерлерінің хаттары өмірден түңілген ойларға толы болды, мұның бәрі фашистік Германияның тылын, моральдық жағдайын төмендете түсті. Соғыстың буржуазиялық тарихшыларының бірі Арвид Фредеборг Москва түбіндегі шайқас туралы естігенде Берлинде болған жағдайды былай деп жазды: «Мазасыздық өсе түсті. Түңілушілер Наполеонның Россиямен соғысын еске түсірді және «Ұлы Армия» жөніндегі барлық кітаптар кенет сұраныспен пайдаланыла бастады. Болжағыштар Наполеонның тағдырымен айналысты, астрологияның даңқы жойылды».
Типпельскрих «соғыс әрекетін одан әрі жүргізу үшін апатқа әкеп соқтырған қысқы жағдайдан шығу керек» деп дәлелдейді.
Совет Армиясының Москва түбіндегі жеңісінің үлкен халықаралық маңызы болды. Ол антигитлерлік коалицияның топтаса түсуінде орасан зор рольге ие болды, гитлерлік «жаңа тәртіптің» бұғауына түскен Европа халқының белсенділігін арттырды. Ағылшын тарихшысы Фуллер Москваны алу жоспарының сәтсіздігін «Германияның стратегиялық үлкен жеңілісі деп атайды» және Москва түбінде жеңілудің нәтижесінде «Герман армиясы, жоғалтқан энергиясын қайтара алмады, және бүкіл әлемнің көз алдына жеңімпаз армия деген даңқынан айрылып қалды. Фашистер басып алған елдерде,— деп жалғастырды ол,— қайғы — мұң қуанышпен алмасты. Балқандағы партизан соғысы кең қанат жайды, немістер мен итальяндықтар басып алған елдеріндегі өз үстемдігін ұстап тұру үшін үсті-үстіне жаңа күштер жіберумен болды». Москва түбіндегі жеңіс советтік социалистік құрылыстың бұзылмайтын беріктігін, СССР халықтарының достығы мен бірлігін, совет адамдарының коммунистік партияға берілгендігін дәлелдеп берді. Жеке адамдардың қателігі совет әскерінің сәтсіздігі мен ауыр шығыны, соғыстың алғашқы айларындағы халықтың шеккен зардабы совет мемлекетінің алып қуатын үзе алмады. Москва түбіндегі совет әскерінің жеңісі барлық дәрежедегі совет қолбасшыларының үлкен творчестволық жұмысының және Совет армиясы жауынгерлері мен командирлерінің батырлығы мен ерлігінің нәтижесі еді. Москва түбіндегі жеңіске совет тылының миллиондаған еңбекшілері өз еңбек үлестерін қосты.
Берік топтасқан және ызаланған совет халқынын жауға қарсы күресте жауды жеңу мақсаты үшін елдің бүкіл байлығын ұйымдастыруда даңқты коммунистік партияның алып күші айқын көрінді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Қасым Аманжолов Шегінерге жер жоқ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Қасым Аманжолов Шегінерге жер жоқ на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке