Ернар Жидебаев | Кәсіп таңдау
Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес. Кәсіп - өмірдің ең маңызды бөлігінің бірі, өйткені өмірдің едәуір бөлігі, күннің 7-8 сағаты сонда өтеді. Сондықтан кәсіп таңдау мұны ескеріп мұқият болуды талап етеді. Бұл тақырыпта ата-ананың, ағайынның, мұғалімнің, өмір жолында тәжірибесі мол аға-әпкелерден кеңес алған жақсы болады. Сондай-ақ өзінің табиғатын, қабілетін, мінезін, нендей іспен айналысуды ұнататынын ескеруді назардан шығармау керек.
Психология ғылымдарының PhD докторы Бейсембаев Ғани Бектайұлы осы тақырыпта ата-аналарға мынадай үндеу айтады: «Әуелі балаңыздың белгілі бір іске не кәсіпке қызығушылығы мен әуестігін еске түсіріп көріңіз. Екіншіден, балаңыздың бойындағы қарым қабілет пен бейімділігін сырттай байқап қараңыз.Осы зерттеуіңізді ой зердесінен өткізіп алыңыз. Мұндай қадам, балаңыздың мамандық таңдаудағы шешіміне оң ықпал етуіңізге көмектеседі. Ал қалыптасқан отбасылық дәстүр мен ата-ана ретіндегі өздеріңіздің арман тілектеріңізді басым бағыт ретінде қарастырмағаныңыз жақсы. Мамандық таңдауда ата-ананың қалауы мен баланың таңдауы көп жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өзіңіз әлпештеп отырған балаңызды жүрек қалауы болмаған мамандықты таңдауға мәжбүрлеу оны өмір бойы бақытсыздыққа душар етуі мүмкін.»
Әр түрлі маман иелерінен қандай жағдайда жұмыс істейтінін, қандай ауыртпалығы, қандай артықшылықтары барын сұрап, мүмкіндік болса барып өз көзімен көріп, толық бір күн сол маманның жанында болудың пайдасы бар. Бұл іс ыңғайлы ма, жоқ па деп оқыған, естіген, көргендеріңді, өз қабілеттерің мен мүмкіндіктеріңді саралап, мүмкіндік болса кәсіби бағдар беретін арнайы мамандардан кеңес алып барып таңдау жасаған жөн.
Әр адамдар әртүрлі пікір айтуы мүмкін. Өз кәсібін жақсы көрмейтіндер асыра жамандап, жақсы көретіндер асыра мақтауы мүмкін. Мұны да ескеріп бейтарап ақылмен таразыға салу қажет. Кей адамдар өзі басқаша ойлап тұрғанымен біреудің айтқанын құптағыш, еліктегіш келеді. Келесі адам дәл сол тақырыпта басқаша көзқарас айтса, оны да мақұлдап кетеді. Жалпылама жеке-дара және шығармашылық ой түзе алуға дағдылану керек. Сондай-ақ жауапкершілікті болу, адамдармен тіл табыса алу, байланыс құра алу, біріге жұмыс жасай алу, көпшіліктің алдында ойын жеткізе алу сияқты қабілеттерді жетілдіруге тырысу керек.
Ғылым мен технологияның жылдам ілгерілеуімен қатар мамандық түрлері де қарқынды түрде көбейіп, бір жағынан кейбір мамандықтар қажеттен шығып жатса, бір жағынан жаңа мамандықтар пайда болуда. Осыған байланысты ілгеріде адамдар тіршілігі барысында 3-4 мамандық ауыстыратыны болжануда. Кәсіпорындарда да технологиялардың жаңаруына байланысты мамандар жылына 1-2 рет қосымша оқу курстарына жіберілуде.
ЖОО-дарын бітіргендер белгілі бір мамандықта тәлім алғанымен қатар жалпылама ілімдер, тәжірибелер алу арқылы соған ұқсас басқа салаларда жұмыс атқаруға бейім келеді. Осы тұрғыдан ЖОО бітірген түлек жалпылама білім алып, ой-өрісі кеңейіп, жұмыс мәдениетін, басқа салаларда да жұмыс істей алу қабілетін қалыптастырып, кең ауқымды салалардан жұмыс іздеуге мүмкіндік алатынын айтуға болады. ЖОО бітірген түлектердің көбісінің өз мамандығы бойынша емес, басқа салаларда қызмет атқарып жататындығы жиі байқалатын үрдіс. Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша елімізде ЖОО бітірген түлектердің 30 пайызы ғана өз мамандығы боынша қызмет атқарады екен. Мұның әр-түрлі себептері бар. Соның бірі мұны адамдардың өзін танып, өзіне ыңғайлы, өзі ұнатып істейтін қызмет түрін табуымен байланыстыруға болады.
Кәсіп таңдағанда - жүрегіңіз қай іске бұрып тұрғандығын, қай іс көңіліңізге қонышты болатынын ескеріңіз. Адам жақсы көретін ісімен шұғылданғанда жетістікті болады. Бір кәсіпорынды әлемдік деңгейге көтеріп, жетістігімен әйгілі америкалық кәсіпкер Джек Уэлч былай дейді: «Өздеріңе ұнайтын, жақсы көретін жұмыс істеңдер. Жақсы көрмейтін жұмыс істеп өздеріңді де, жұмысты да, басқаларды да қинаудың қажеті жоқ. Ол жұмыстан жақсы нәтиже шықпайды.»
Шынында да жұмыс орындарында кейбір қызметкерлер бар жұмысын құлшыныспен, сүйіспеншілікпен орындайды. Өз жұмысын жақсы көргендіктен, ықыласпен істегендіктен ол іс үнемі алға басады. Жақсы көріп істегендіктен өзі де бұдан жалықпайды, шаршамайды, керісінше содан ләззат алады. Кейбіреулер бар жұмысын лажсыз, амалсыз орындап жатады. Өзін мәжбүрлеп, амалдың жоқтығынан сол іспен шұғылданатындарда ол жұмыстың көгермеуімен қатар өзінде стрес, берекесіздік орын алуы мүмкін.
Әр адамның табиғаты әр түрлі келеді және әр адамның өзіндік ерекшелігі, кейбір кәсіптерге бейімділігі болады. Біреулер бір орында отырып компьютер алдында жұмыс істеуге бейім келсе, біреулер ұшқалақ болуы мүмкін, байлап қойсаң бір орнында отыра алмайды. Біреудің ғылым қуалап жаңалық ашуға құштарлығы басым болса, біреулер бұзылған бұйымды жөндеуден рахат алуы мүмкін.
Жақсы көретін, жақсы жұмыс таңдау керек, сонымен қатар әр жұмыста өзіне жараса қиындықтар, кедергілер болуы қалыпты нәрсе екенін естен шығармаған жөн. Табандылықпен, тәжірибемен, өзіңді шыңдаумен бұл қиындықтарды жеңе білу керек. Осы тұрғыдан кілт етсе түрлі себептерді сылтау етіп, қайта-қайта жұмыс ауыстыратындардың қатарында болу дұрыс емес. Бір жұмысты жақсы істеу, оны көп істеу арқылы жүзеге асады. Аталарымыз «Ағаш бір жерде көгереді» деген. Қандай кәсіп болмасын тұрақты жасалған сайын сол істе тәжірибесі, жұмыстың сапасы, жемісі көбейеді. Бәлкім лауазымда келесі сатыға көтерілу немесе тұрақты тұтынушылар, таныс-білістер көбейер, яғни сол саладағы жаңа есіктер ашылады. Жұмыс сапалы болған сайын сұраныс көбейеді, сұраныс көбейген сайын табыс көбейеді. Қорыта келе айтарымыз жақсы көріп істейтін кәсіп таңдау және қай салада жүрген болсақ, сол саладағы ең жақсы маман болуға тырысу керек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме Ернар Жидебаев Кәсіп таңдау туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ернар Жидебаев Кәсіп таңдау на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке